1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
«Қазақтың жауы – қазақ» деп шулап келеміз. Неміс екіге бөлінгенде «Немістің жауы – неміс» деп ешкім айтқан жоқ, Корея екіге бөлініп соғысқанда, әлі де екі бөлініп отыр, «кәрістің жауы – кәріс» деп ешкім айтқан жоқ, Вьетнам қақ жарылып қақтығысқанда «вьетнамның жауы – вьетнам» деп ешкім айтқан жоқ.  «Адам – адамға қасқыр» деген жалпылама айтылатын сөз болғанмен, дүние жүзінде ондай нәрсе жоқ. Ал «қазақ – қазаққа жау» деп ұран көтеретіндей не басымызға күн туды?
Автор: Мұхтар Мағауин, халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №4 (16190) 17 қаңтар, сейсенбі 2017
1 қараша 2016
Арзан бензин – арман

Өткен аптада әй-шай жоқ энергетика вице-министрi Мағзұм Мырзағалиев “ел iшiнде жанар-жағармай тапшылығы болмайды”, – деп мәлiмдедi. Баға удай қымбат тұрғанда қайдағы тапшылық? Жетiспеушiлiк туындамауы үшiн монополистер алдымен бағаны көтермей ме? Осыны бiле тұра, вице-министр “тапшылық болмайды” деп тұтынушыдан ұпай жинағысы келедi.

27 қазан 2016
Қазақстанның бағы – Қашаған

Қашаған мұнай кенiшi – соңғы қырық жылда табылған аса iрi кен орнының бiрi әрi бiрегейi. Оның қоры шамамен 9-13 миллиард баррель. Өндiрiс қауiпсiздiгi мен жобалаудың қиындығын, табиғаттың кәрiн және өңiрдiң экологиялық жағдайын ескерсек, Қашаған әлемдегi аса қиын жобалардың бiрi екенiне көзiмiз жете түседi. 

27 қазан 2016
Q – Бiр әрiп бүкiл ғұмырды өзгертедi. Жүрекке жақын – QAZKOM

Қазкоммерцбанк өзiнiң 25 жылдық мерейтойына үлкен өзгерiс, жағымды жаңалығымен келдi. 21 қазан күнi Алматыда Әуезов көшесi (Ғабдуллин қиылысы) бойынан ашылған заманауи, озық технологиялы жаңа бөлiмшеде Банктiң негiзгi акционерi және Директорлар кеңесiнiң төрағасы Кеңес Рақышев бұрынғы Қазкоммерцбанк­тiң бүгiнгi QAZKOM-ның жаңалықтарымен, қуанышымен және қол жеткiзген табыстарымен бөлiстi.

25 қазан 2016
Соңғы 10 жылда Қа­зақ­станнан 100 миллард теңге шетел асқан. Бұл туралы ҚР бас прокурорының орынбасары Андрей Кравченко мәлiм еттi деп хабарлайды Tengri­news.kz.“Нақты қанша сома екенiн айту өте қиын, себебi ол миллиардтаған теңгеге дейiн же­тедi. Бiз ең ауқымды қылмыстық iстiң қанша болғанын санап шықтық. Ендi бiз соңғы он жылда қанша қылмыстық iстiң қозғалғанын бiлгiмiз келедi.
13 қазан 2016
Астықтың бағасы белгiлендi одан арғысы не болмақ?
Биылғы ерекше жаңбырлы жаз Арқа өңiрiндегi ағайынды бiраз әуре-сарсаңға салды. Күндiз-түнi толассыз жауған жауынның әсерiнен талай жылдар арнасы қаң­сып қалған өзендер мен өзекшелер алай-дүлей тасып, өткел бермей қойды. Қырдағы ауылдардың өзiн су алып кетiп жатты. Бұл шын мәнiндегi табиғи апат едi.
13 қазан 2016
Инфляцияның көкесiн келер жылы көремiз

Апта басында қор биржасындағы сауда-саттықта бiр доллардың құны 331 теңге төңiрегiнде тұрақтады. Кешелi-бүгiнгi баға – 330 теңге. Бұған дейiн теңге-доллар бағамы 336-ға дейiн көтерiлгенiн көз көрiп жүрдi. Айдарынан жел есiп тұрған доллар сәл-пәл арзандап едi, отандық БАҚ-та “теңге тұрақтала бастады” деген хабар-ошар көбейiп кеттi. Сонда теңге шынымен де тұрақталып жатыр ма, жоқ әлде бұл Ұлттық банктiң қолдан жасап отырған әрекетi ме?

13 қазан 2016
Қарызға батырған “сақалды” жоба
Әзiрбайжан басылымы “Қашағанды” құны 200 млрд долларға түскен далбасаға бағалады
Жуырда ғана Қазақстан билiгi қазан айының аяғында әлемдегi ең қымбат мұнай жобасына айналып үлгерген “Қашаған” кен орнында мұнай өндiру басталатынын жариялаған. Бұл жаңалық жылына 10 млн тоннаға дейiн қазақстандық мұнайды өз аумағы арқылы әлем нарығына жет­кiзуге дайын отырған Әзiрбайжан үшiн де маңызды.
11 қазан 2016
Кәсiпкерлердi жөнсiз тексерудi доғарыңдар!
Елiмiзде прокурорлардың араласуынан кейiн кәсiпкерлердi заңсыз тексеру iс-әрекеттерi екi есе азайған. 2015 жылдың үшiншi тоқсанынан (4 687 iс) 2016 жылдың осындай мерзiмiне дейiн (1 324 iс) елiмiзде экономикалық қылмыстық iстер үш есеге кемiптi. Бұл туралы өткен аптада ҚР Бас прокуроры Жақып Асанов мәлiмдедi.  Маусым айында Бас прокуратура кәсiпкерлiк саласындағы өзектi түйткiлдерге арналған форум ұйымдастырған едi. Осы жиында кәсiпкерлердi негiзсiз тексеру оқиғаларының көптiгi жөнiнде айтылған-тұғын.
4 қазан 2016
Қазақстанда құрамы жағынан бiрегей табиғи минералды су көптеп кездеседi. Мұндай су қасиетi жағынан әлемге әйгiлi Перье, Витель, Боржоми және Эвианнан кем түспейдi. Тек импорттық өнiмге қарағанда бағасы елiмiздегi әрбiр тұрғынына қолайлы. Табиғаты жанға жайлы, экологиясы таза Бурабай өңiрiндегi “Бұқпа” кенiшiнде өндiрiлетiн TURAN табиғи минералды суы елi­мiздiң бас курортологы, академик Б.Әбдiкәрiмовтың аузынан өзiнiң танымал тарихи атауын да алып үлгердi. “
4 қазан 2016
Ораз Жандосов: Экономиканы революциялық шаралар құтқарады

Таяуда Алматыда Young Presidents’ Organi­zation ұйымының қазақстандық бөлiмшесi және Сентрас қаржы холдингiнiң ұйымдастыруымен дәстүрлi Kazakhstan Growth Forum ұйымдастырылды. Форумға кәсiпкерлер, түрлi деңгейдегi компания жетекшiлерi, iскерлер, сарапшылар қатысып, өз тәжiрибе­лерiмен бөлiстi. Жаһандық экономикадағы келелi мәселелердi қозғап оның шешiмi жөнiндегi ой-ұсыныс, пiкiрлерiн ортаға салды. Биылғы басқосу “Қазақстандық басқару моделi” деген тақырыпқа арналды.

4 қазан 2016
30 ел менiң не теңiм...
ҚАЗАҚСТАН БӘСЕКЕГЕ ҚАБIЛЕТТI 50 ЕЛ ҚАТАРЫНАН ШЫҒЫП ҚАЛДЫ
Экономикасы қарыштап дамыған 50 елдiң қатарына енiп, “ендi өркениеттi 30 елдiң қатарына кi­ремiз” деп лепiрiп жүргенiмiзде сырттан суыт хабар жеттi. Мәссаған, бәсекеге қабiлеттi 50 ел қатарынан “абайсызда” шығып қалыппыз. Қараңыз, Бүкiләлемдiк экономикалық форум (WEF) аясында “2016-2017 жылдар­ға арналған жаһандық бәсекеге қабiлет­тiлiк индексi (The Global Competitiveness Index 2016–2017) деген баяндама жасал­ған. Мiне, осы
29 қыркүйек 2016
“Жаназасы” шығарылған кәсiпорындар
БЮДЖЕТТIҢ 13 МИЛЛИАРД ТЕҢГЕСI ТАЛАН-ТАРАЖҒА ТҮСТI
Өткен аптада мемлекеттiк хатшы Гүлшара Әбдiқалықова сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл мәселелерi жөнiндегi комиссияның отырысын өткiздi. Осы жиында 2010–2014 жә­не 2015–2019 жылдары жүзеге асуы тиiс индустриалы-инновациялық бағдарламалар­ға бюджеттен қомақты қаражат бөлiнгенi ай­тыл­­ды. Басқосуда мемлекеттiк хатшы бағдарламаға бюджет есебiнен берiлген мол қар­жының 13 миллиард теңгесi талан-таражға түскенiн жасырмады.
29 қыркүйек 2016
ЕАЭО-ға артқан үмiт ақталмады
Экономист, бұрынғы инвестициялар және даму вице-министрi Рақым Ошақбаевтың пiкiрiнше, Қазақстанның Еуразиялық экономикалық одаққа артқан үмiтi әзiрше ақтал­ған жоқ. Бұл туралы өз ойын ол Kazakhstan Growth Forum-да мәлiмдеген. “Қазақстан мен ЕАЭО елдерi арасындағы өзара сауда-саттық, экспорт төмендедi. Егер Кеден одағына дейiнгi жағдайды 2015 жылмен салыстырар болсақ, бiздiң экс­порт 18,5 пайызға құл­ды­рады”, – дедi экономист.
22 қыркүйек 2016
Жемсауы толмаған “ЭКСПО”
ҮШ ЖЫЛДА ОҒАН ҚАНША ҚАРЖЫ ЖҰМСАЛДЫ?
ЭКСПО – 2017 көрмесi өтетiн мезгiл таяп келедi. Негiзi, бұл мақтангөй Қазақ­станды ауқымды деңгейде танытатын көрме болғандықтан, оның дайындығын жiтi назарда ұстап, көз тiгiп отырғандар жетерлiк. ЭКСПО-2017-нiң қазiргi дайындығы қандай, жүргiзiлiп жат­қан құрылыс нысандарының қанша пайызы аяқталды, павильондардың жағдайы нешiк, инфрақұрылым сапасы қандай болмақ, жалпы, не бiтiп, не қойды? Бұл мә­селе жұртшылықты қызықтыра ма екен?
20 қыркүйек 2016

23 – 25 қыркүйек аралығында Астанада Жамбыл облысының күндерi ұйымдастырылмақ. “Тарихы терең Тараздан тағзым” деген атпен өтетiн шара 23 қыркүйекте М.Горький атындағы мемлекеттiк академиялық орыс драма театрында сахналық қойылымдардан басталады. Жамбыл, Бауыржан Мо­мыш­ұлы ес­керткiштерiне гүл шоқтары қойылады, ауыл шаруашылығы өнiмдерiнiң жәр­меңкесi,

беттер:«1 / 2 / 3 / 4 / 5 / 6 / 7 / 8 / 9 / 10 / 11 / 12»