1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
«Қазақ» деген мемлекет болмаған, «қазақта шекара болмаған» деген сыңар-езу дүниелер біз үшін өте-мөте қиын мәселе болып отыр. Бұл – сан ғасырлық тарихы бар халық үшін өте ауыр жала. Еліміз, жеріміз, шекарамыз болмаса, бұл жерге қайдан келдік? Бізге ұлан-ғайыр бұл даланы кім әкеліп берді? Бұл жердің өз иесі бар, аумағы бар. Оның иесі – қазақ.
Автор: Бекболат ТІЛЕУХАН
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №23 (16209)   18 наурыз, сенбі 2017
4 қазан 2016
30 ел менiң не теңiм...
ҚАЗАҚСТАН БӘСЕКЕГЕ ҚАБIЛЕТТI 50 ЕЛ ҚАТАРЫНАН ШЫҒЫП ҚАЛДЫ
Экономикасы қарыштап дамыған 50 елдiң қатарына енiп, “ендi өркениеттi 30 елдiң қатарына кi­ремiз” деп лепiрiп жүргенiмiзде сырттан суыт хабар жеттi. Мәссаған, бәсекеге қабiлеттi 50 ел қатарынан “абайсызда” шығып қалыппыз. Қараңыз, Бүкiләлемдiк экономикалық форум (WEF) аясында “2016-2017 жылдар­ға арналған жаһандық бәсекеге қабiлет­тiлiк индексi (The Global Competitiveness Index 2016–2017) деген баяндама жасал­ған. Мiне, осы
29 қыркүйек 2016
“Жаназасы” шығарылған кәсiпорындар
БЮДЖЕТТIҢ 13 МИЛЛИАРД ТЕҢГЕСI ТАЛАН-ТАРАЖҒА ТҮСТI
Өткен аптада мемлекеттiк хатшы Гүлшара Әбдiқалықова сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл мәселелерi жөнiндегi комиссияның отырысын өткiздi. Осы жиында 2010–2014 жә­не 2015–2019 жылдары жүзеге асуы тиiс индустриалы-инновациялық бағдарламалар­ға бюджеттен қомақты қаражат бөлiнгенi ай­тыл­­ды. Басқосуда мемлекеттiк хатшы бағдарламаға бюджет есебiнен берiлген мол қар­жының 13 миллиард теңгесi талан-таражға түскенiн жасырмады.
29 қыркүйек 2016
ЕАЭО-ға артқан үмiт ақталмады
Экономист, бұрынғы инвестициялар және даму вице-министрi Рақым Ошақбаевтың пiкiрiнше, Қазақстанның Еуразиялық экономикалық одаққа артқан үмiтi әзiрше ақтал­ған жоқ. Бұл туралы өз ойын ол Kazakhstan Growth Forum-да мәлiмдеген. “Қазақстан мен ЕАЭО елдерi арасындағы өзара сауда-саттық, экспорт төмендедi. Егер Кеден одағына дейiнгi жағдайды 2015 жылмен салыстырар болсақ, бiздiң экс­порт 18,5 пайызға құл­ды­рады”, – дедi экономист.
22 қыркүйек 2016
Жемсауы толмаған “ЭКСПО”
ҮШ ЖЫЛДА ОҒАН ҚАНША ҚАРЖЫ ЖҰМСАЛДЫ?
ЭКСПО – 2017 көрмесi өтетiн мезгiл таяп келедi. Негiзi, бұл мақтангөй Қазақ­станды ауқымды деңгейде танытатын көрме болғандықтан, оның дайындығын жiтi назарда ұстап, көз тiгiп отырғандар жетерлiк. ЭКСПО-2017-нiң қазiргi дайындығы қандай, жүргiзiлiп жат­қан құрылыс нысандарының қанша пайызы аяқталды, павильондардың жағдайы нешiк, инфрақұрылым сапасы қандай болмақ, жалпы, не бiтiп, не қойды? Бұл мә­селе жұртшылықты қызықтыра ма екен?
20 қыркүйек 2016

23 – 25 қыркүйек аралығында Астанада Жамбыл облысының күндерi ұйымдастырылмақ. “Тарихы терең Тараздан тағзым” деген атпен өтетiн шара 23 қыркүйекте М.Горький атындағы мемлекеттiк академиялық орыс драма театрында сахналық қойылымдардан басталады. Жамбыл, Бауыржан Мо­мыш­ұлы ес­керткiштерiне гүл шоқтары қойылады, ауыл шаруашылығы өнiмдерiнiң жәр­меңкесi,

20 қыркүйек 2016
КҮШТIК ҚҰРЫЛЫМДАРҒА ТАРТЫНБАЙДЫ, АЛ БIЛIМ САЛАСЫНА МАНДЫТПАЙДЫ
Қазақстан парламентiнiң мәжiлiсi алдағы үш жылдың бюджетiнiң жобасын талқылауда. Оның авторлары – үкiмет мүшелерi бюджетке   4 триллион теңге көле­мiнде табыс түсiп, тағы 3 жарым триллион теңгенi трансферт түрiнде келедi деп жоспарлап отыр. Үкiмет елдiң үшжылдық бюдже­тiнiң нақтыланған нұсқасымен қарашаның ортасында таныстыруы тиiс. Мәжiлiс алдында баяндама жасаған министрлер бiрiншi кезекте мұнай бағасы мен ұлттық валюта бағамына байланып отырғандарын жасыра алмады.
15 қыркүйек 2016
Әңгi есек ақырғанда…
Аграрлық саланы алға бастырудың амалы ақыры табылды-ау. Қытаймен сонша ғасыр көршi тұрып, осы уақытқа дейiн неге “үйiр-үйiр” есек өсiрмегенiмiздi ойласақ, iшiмiз “удай ашиды”. Бiрақ оқасы жоқ. “Ештен кеш жақсы” деген. Тек аса маңызды осы бағдарламаны орта жолдан қалдырмай, аяғына дейiн жеткiзу парыз. Сонда жалғыз ауыл шаруашылығы ғана емес, бүкiл сала бiткен жорға есектей қыдыңдап ала жөнеледi.
6 қыркүйек 2016
ШЕКАРАШЫЛАР ӘҢГIМЕНI САПЫРЫП, АНЕКДОТ АЙТЫП ОТЫР
Қырғызстанның обудсменi Кубат Оторбаев осы елдiң президентi Алмазбек Атамбаевтың атына қырғыз-қазақ шекарасындағы жан түр­шiгерлiк жағдай туралы жазып, хат жiбердi, – деп жазады. Zanoza.org. “Қырғызстан мен Қазақстан шекарасындағы “Қордай” бе­кетiнен өткенде өз көзiммен көрген келеңсiз көрiнiс сiзге хат жазуыма түрткi болды”, – де­лiнген хатта. – Қырғызстан Еуразиялық экономикалық
6 қыркүйек 2016
ҚЫТАЙ АҚШАСЫ МҰНАЙ АҚШАСЫНАН ДА ҚАУIПТI. ОНЫ ТҮСIНЕТIН БАСШЫ БАР МА?
Қытайда өткен G-20 саммитiне Си Цзиньпиннiң шақыртуымен барған қазақ президент Н.Назарбаев сапарын билiкке кiндiктерi байлаулы ақпарат құралдары мен сарапшылар көкке көтерiп мақтап тауыса алмай жатыр. Сөздерiне илана тыңдасаң, саммитке келген көп басшы бiздiң президентпен амандасып, ақыл, кеңес сұрағандарына мәз секiлдi. Әсiресе, Қытай жетек­шiсi Си Цзиньпиннiң қуанышында шек жоқтай. Көршiмiздiң бар шаруасын президентiмiз оңай шешiп тастағандай.
25 тамыз 2016

Жердi шетелдiктерге жалға бермесе болмайтындай Қазақстанның басына не күн туды?! Мен осыған таңғаламын. Дамыған алдыңғы қатарлы елу елдiң қатарына енгенiмiз, отыз елдiң санатына қосылуға жақындап қалғанымыз қайда? «Самұрық-қазынамыз» қайда?! Не болды Қазақстанға?! Жердi шетелдiктерге жалға беруге, жеке адамдарға сатуға болмайды деп бас көтерiп жатқандарды президент: – Олар жердi бiлетiндер емес, асфальтта жүргендер деп кiнәлады.

25 тамыз 2016

Осы аптада президент Варшаваға ресми сапармен барып, Польша басшысы Анджей Дудамен және премьер-министр Беата Шидломен, сондай-ақ Польша Сенатының төрағасы Станислав Карчевскиймен кездестi. Қазақстан-Польша бизнес-форуымына қатысып, польшалық кәсiпкерлердi Еуразиялық экономикалық одақ аймағында жұмыс iстеуге шақырды. Әрi бұл одақты құруға өзiнiң бастамашылық еткенiн, ЕАЭО-ның саяси бiрлестiк емес, таза экономикалық одақ екенiн астын сызып тұрып ескерттi.

18 тамыз 2016
Тапқан екен ақымақты!
Қарағандыдағы “КазАвиа­Спектр” зауыты өткен жұмада саудаға шығарыл­ғанын естiгенде, оны сатпақшы болған “КазАгроФинанс” компаниясында отыр­ғандар не ойлағанын өзi бiледi, мен тура тақырыптағы сөздi айтқым келдi. Неге? Әлi бiр ұшақ құрастырып көрмеген бұл авиазауыттың тұсауы бұдан бес жыл бұрын кесiлген едi. Бастапқыда егiстiктi химикатпен өңдеуге арналған “Фермер” ауыл шаруашылығы ұшағын жасау жоспарланды
18 тамыз 2016
Дағдарыс кәсiпкерлiктi тежедi
«РЕСЕЙМЕН АРАДАҒЫ ШЕКАРАНЫ ЖАППАСАҚ, ЭКОНОМИКА ҚҰРДЫМҒА КЕТЕДI» ДЕЙДI САРАПШЫЛАР
Өнеркәсiпсiз экономика – тұл. Мұны жұрттың бәрi бiледi. Мамандар соңғы екi жылда отандық өнеркәсiп көлемi 11 пайызға құлдырағанын айтуда. Бөлшек сауда 24 пайызға азайса, жалпы экономиканы кредиттеу 53 пайызға кемiген. Осы деректердiң өзi-ақ отандық экономиканың бәсекеге бейiмсiз екенiн бiлдiредi. Егер үкiмет алдын ала болжағандай, биыл iшкi жалпы өнiмде титтей (0,1 пайыз) өсiм болатын
16 тамыз 2016
Отандық экономика құлдырап барады

Әдетте баға жаздың аяғын ала бере көтерiлуге бейiмделе бастайды. Бұған етiмiз өлiп кеткенi соншалықты, бағаның бiзге, бiздiң бағаға қатысымыз жоқтай тыныш өмiр сүре беремiз. Содан күзге салым қымбатшылық қос өкпеден қысқанда да қыңқ демеймiз. “Басқа түскен баспақшыл” деп күнделiктi күйбең тiршiлiктiң соңында кете беремiз. Әуелi мұны заңдылық деп түсiнетiндер де бар, өйткенi бiз нарық заманында ғұмыр кешiп жатырмыз ғой.

16 тамыз 2016
Табиғи тағам – тамақ қана емес, бойға қуат

Қазақ “ауру – астан деп тегiннен-тегiн” айтпайды. Бiздiң күнделiктi тұрмыста iшетiн сусынымыздан тартып, шәйiмiзге қататын сүтке дейiн таза табиғи ма? Мысалы, құтыдағы, қатты қағазбен қапталған, түрлi қалбырдағы сүттердiң сақтаулы мерзiмiн қарасаңыз, бiр жылға дейiн iшуiңiзге жарайды. Сиырдан сауып алған сүттi ашық күнде алты сағат қойсаңыз, ашып кетпей ме? Ал бiз дамыған технология­ның арқасында бiр жылға сақталатын сүттi қатып iшiп жүрмiз.

беттер:«1 / 2 / 3 / 4 / 5 / 6 / 7 / 8 / 9 / 10 / 11 / 12 / 13 / 14»