1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Осы күнге дейін көп нәрсе айтылды ғой. Бұл неткен үнсіздік деген сұрақ менің көкейімде әр кез тұрады. Мен күнде таңертең тұрғанда бір жақсы хабар естігім келіп тұрады. «Зәкеңді өлтірген адамдарды тауыпты», я болмаса «сол істі қайта қарауға кірісіпті» дегендей хабарларды естігім келеді. Бірақ, өкінішке қарай, қазір бізде құлақ естімейтін, көз көрмейтін уақыт болып тұр.
Автор: Мақпал Жүнісова, Қазақстанның халық әртісі, әнші
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №33 (16219)   27 сәуір, бейсенбі 2017
7 шілде 2016

Беларусьтiң 2000 жылдан бастап қолданысқа енген ескi ақшасы 4 нөлi қысқар­ған жаңа банкноттармен алмастырылды. Деноминацияға сәйкес, тауар құны мен қыз­меттiк тарифтер ендi 1:10 000 шамасында қайта есеп­те­ледi. Яғни бұған дейiн 100 мың рубль болған заттың бағасы бұдан былай небәрi 10 рубльдi құрайды. Бұл еңбек­ақы, зейнетақы, шәкiртақы сияқты басқа төлемдерге де қатысты.

5 шілде 2016
ТУҒАН КҮНГЕ АРНАЛҒАН ТАРТУЛАР СЫРЫ
Өткен аптада президент Н.Назарбаев Мем­лекеттiк индустриалды-инновациялық даму бағдарламасының аясында 8 жаңа кәсiпорынды iске қосты. Олардың қатарында: темiржол бiлiктерi мен жұп доңғалақтарын жасау зауыты, голланд раушандарын өсiретiн жылыжай кешенi, май-тоң май зауыты, санитарлық-гигиеналық қағаз өнiмдерiн шығаратын зауыт, “К-704-4р Батыр” тракторын шығаратын зауыт, жылдам дайындалатын тағам дайындайтын кәсiпорын,
1 шілде 2016

Жалпы, қарыз алу дегенiңiз жақсы амал емес. Бiрақ ақшадан қы­сыл­ған кезде амалсыздан борыштануға тура келедi. Ең бастысы, алған берешегiңдi дер кезiнде қайтар­ғанға не жетсiн. Кезiнде осы несие-қарыз мәселесiн журналистер бұрынғы Ұлттық банк төрағасы Г.Марченкодан сұрағанымызда ол: “өмiрiмде телевизорды да кредитке алып көргенiм жоқ” деп едi. Шынында да, қалтаңдағы ақшаң емiн-еркiн пайдалануға жетiп жатса, қарыз алып нең бар.

28 маусым 2016
Әр айда 100 келi алтын кiмнiң қалтасына кетедi?
БЕСТӨБЕЛIКТЕРДIҢ МҰҢ-ЗАРЫН ТЫҢДАЙТЫН АДАМ БАР МА?
Өткендегi шулы оқиғадан кейiн редакцияның тапсырмасымен Степногорск қаласының Бестөбе кентiне арнайы бардық. Жұмысшылар: “Талай телеарна мен газеттен тiлшiлер келiп сөйлесiп, айтқан сөзiмiздiң өңiн айналдырып, бiздi кiнәлi қылып көрсетiп жатыр. Тек шындықты жазсаңыз ғана сұхбат беремiз”, – деген талап қойды. Халықтың талабы – бiз үшiн заң. Сонымен Бестөбедегi шу қайдан шықты? Ертең оның қайталанбасына кепiлдiк бар ма?
28 маусым 2016
Ағылшынша қоштасудың салдары қандай болатынын алдағы уақыт көрсетедi
23 маусым күнгi референдумда Ұлыбританияның ЕО-тан шығуын жақтаушылардың жеңiске жетуi британ қоғамын ғана емес, әлем қауымдастығын да екiге жарды. Сөзсiз, Brexit “Еуропалық ортақ үй” ұстанымы үшiн, жалпы, аймақтық интеграциялардың даму тарихындағы үлкен бетбұрыс. Ағылшындар өздерiн Брюссельдiң басқар­ғанын қаламады, шығыстан қашқан босқындарды қабылдаудан бас тартты және экономика мен халықаралық қарым-қаты­нас­та бұрынғыдай дербес саясат жүргiз­гендi жөн көрдi.
21 маусым 2016
Қазақстанның сыртқы қарызы 155 млрд АҚШ долларына жеттi. Кейiнгi жылдары бұл мәселенi БАҚ шырылдап тұрып жазды. Бiрақ оған назар аударған адам болмады. Ендi мiне, “бара жер, басар тау” қалмаған тұста депутаттардың даусы жапа-тармағай шыға бастады. 2015 жылғы республикалық бюджеттiң орындалуы жайлы парламентке есеп беруге келген премьер-министр Кәрiм Мәсiмовтi депутат атаулы сұрақтың астына ал­ды.
7 маусым 2016

Франция прокуратурасы аэроғарыш және қорғаныс өнеркәсiбiндегi француз-герман бiрiккен алып кәсiпорын – Airbus Group басшылығына қатысты бiрнеше тексеру жүргiзуде. Компанияға қатысты жемқорлық дауы туралы жазған француздың Mediapart интернет басылымы француз қаржы прокуратурасы Airbus компаниясының Қазақстандағы әрекеттерiнiң заңдылығын тексерудi 2013 жылы бастағанын хабарлайды.

2 маусым 2016
Әке «көрген» офшорға құмар

“Менен озу үшiн өзiңнен озатын бала таптырып ал!”. Құнанбай Абайға айтыпты дейтiн осы сөздi Кенжекең ұлына мысал қыла алмаса керек. Өйткенi кiшi Сағадиевтiң аты жер жарып тұр. Сүйкiмiн қайдам, жарты жылға жетер-жетпес уақыттың iшiнде бiлiм саласының астын үстiне шығарған ол қазiр Қазақстандағы ең сұрапыл шенеунiкке айналды. Бiрақ оған бола әкенiң абыройы төмендеп қалды деуге болмайды. Жердiң әңгiмесi қозғалса бiттi, Кенжекең шапанын шешiп тастап, “сату керекке” шығады. Қысқасы, екеуi де елдiң аузында. Әке – балаға, бала – әкеге сай.

2 маусым 2016
Таяуда Астанада Қазақстан президентi жанындағы шетел инвесторларының кеңесi өттi. Бұл жиын президенттiң қатысуымен жылда өткенiмен ел экономикасының дамуына қандай үлес қосып жатқанын ешкiм бiлмейдi. Әйтеуiр кеңес мүшелерi жиылып Қазақстанның инвестициялық ахуал-ауанын жақсарту жөнiндегi ұсыныс-пiкiр, ақыл-кеңестерiн айтып жатады. Осы басқосуда бiр оғаш ұсыныс айтылып қалды. Оғаш дейтiнiмiз, әйгiлi Baker & McKenzie фирмасы бас директорының орынбасары, халықаралық атқару комитетiнiң мүшесi Эрик Шеер Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерiс енгiзу мүмкiншiлiктерiн қарастыруды сұрады. 
24 мамыр 2016
Жаңа мазмұндағы Казком
Жуырда Казком алдағы жылдарға арналған өзiнiң жаңа даму стратегиясының тұсаукесерiн жасады. Бұл рәсiмде банктiң тек инновация­лық жоспары мен амбициясы ғана емес, тарихы мен дәстүрi де қамтылды. Осы жиында Директорлар Кеңесiнiң төрағасы Кеңес Рақышев “бүгiнгi банк – тек жоспар мен стратегия ғана емес, сонымен бiрге оның тарихы мен жиған-терген тәжiрибесi. Бұл ең алдымен, БТА банктен мұраға қалған түйткiлдi жағдайлар”,-деп орынды атап өттi.
17 мамыр 2016
«Астанада тұрғысы келмейтiн» Айсұлтанның уәдесi Талдыкөлде экотуризмдi қалай дамытуға болады?

Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың жиен немересi Ай­сұлтан Назарбаев Астанадағы танауды жарған сасық иiстi кетiрмесе, Әдiлбек Жақсыбековке арнап, қаланың қалдық суы жиналатын Талдыкөлдiң жағасына киiз үй тiгiп беруге уәде еттi. Өткен айдың соңында Н.Назарбаевтың қала әкiмiне қысқа уақытта Астанадағы қоңырсық иiстi жоюды бұйырғаны белгiлi. Айсұлтан Назарбаев Фейсбуктегi парақшасында футболдан бастаған жазбасын Астананың исiмен көңiрсiттi. 

12 мамыр 2016
Панаманы паналағандар жасырған ақшаларын жария ете ме?

9 мамыр – Жеңiс күнi әлемдiк журналистiк зерттеулер тарихындағы ең iрi әшкерелеуге айналған “Панама құжаттары” деген атпен танымал офшорлық компаниялардағы миллиондаған есепшот иелерiне қатысты ақпарат интернет бетiне шығып кеттi. Өз елiн тонаған диктаторлардың, салықтан жалтарған бай бизнесмендер мен қылмыс әлемiнiң көсемдерi, тағы басқаларының заңсыз ақшалары Панамадағы құпия офшорлық компания­лардан пана тапқаны белгiлi болды.

12 мамыр 2016
Ресей Байқоңырды әлi 34 жыл пайдаланады
Ресей “Байқоңырды” пайдалану бойынша Қазақстанмен ынтымақтастықты жалғастыра бередi. Бұл туралы кеше сенат төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаевпен кездескеннен кейiн Ресей Федералдық Жиналысы Федерация кеңесiнiң төрайымы Валентина Матвиенко мәлiмдедi деп хабарлады Казақпарат. “Бүгiнде “Байқоңыр” ғарыш айлағын пайдалану бойынша
12 мамыр 2016
Қазақстан даму банкi басқармасының төрағасы Болат Жәмiшевтiң айтуынша, аукцион арқылы ақшасы бар адам келсе, жердi тиiмдi пайдалануға болады, деп хабарлайды Baq.kz “Негiзi, бүгiнде ауыл шаруашылығы жерлерiнiң басым бөлiгi жалға берiлген. Ал аукционға шығарылатыны – мемлекет меншiгiне қайтарылған жерлер.
4 мамыр 2016
Ақтөбені Ресей асырап жатыр
Ақтөбе облысы өз тұрғындарын жарма, картоп, сәбіз, қырыққабат, сары май және сүт өнімдерімен жеткілікті түрде қамтамасыз ете алмай отыр. Тамақтың 60-70 пайызы – импорт. Сол сияқты құс еті, тауық еті, бал және балық өнімдері Ресейден жеткізіледі. Тіпті астық егетін Әйтеке би ауданында бірде-бір ұн шығаратын диірмен жоқ. Мұның себебі – ауыл шаруашылығы өнімдерін өсіру, оларды ұқсату, өңдеу, артығын сыртқы саудаға шығарудың механизмдері
беттер:«1 / 2 / 3 / 4 / 5 / 6 / 7 / 8 / 9 / 10 / 11 / 12 / 13 / 14 / 15 / 16»