1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Қартаюға қарсы, яғни жасартатын, мәңгілік өмір сүруге мүмкіндік беретін – дәрі-дәрмектер ойлап табу керек. Міне, қазіргі ғалымдар әлемде осындай шаруалармен айналысып жатыр.
Қазақстан ғалымдармен кездесуінде айтқан ұсынысынан. 04.09.09
Автор: Н.Назарбаев, ҚР президенті
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №14 (16200) 16 ақпан, бейсенбі 2017
11 ақпан 2016

Кеше Ақордада өткен үкi­меттiң кеңейтiлген жиынында Н.Назарбаев жауапты шенеу­нiктерге бiрқатар тапсырмалар бердi. Соның бiр парасы инвестицияға қатысты. Мәселен “Нұрлы жол” бағдарламасына тиесiлi жобалардың жұмысын жандандыру үшiн 76 млрд теңге бөлiнбек. Ал тұрғын үй құрылысына 53 млрд теңге бөлу қарастырылған. Сондай-ақ, Нұрсұлтан Назарбаев зейнетақы қорындағы 1 триллион 450 миллиард теңгенi бiрқатар жобаға инвестиция ретiнде салуды жүктедi.

4 ақпан 2016
2016 жылғы ақпанның екiншi күнiнен бастап Қазақстан Ұлттық банкi базалық мөлшерлеме­нi 17%-ға көтердi. Ұлттық қаржы реттеушi органның бұл саясаты екiншi деңгейлi банктер мен отандық кәсiпкерлердi састырды. Өйткенi мұндай пайызбен Ұлттық банктен қарызға ақша алу ендi тиiмсiз. Ұлттық банк мұны “ЖIӨ, инфляция секiлдi макроэкономикалық көрсеткiш­тер­дi және банктердiң төлем қабiлеттiлiгi секiлдi
2 ақпан 2016
«Сенбесеңiздер, өздерiңiз тексерiңiздер!»
Президент те пенде. Ол да басқа халық тәрiз­дi ет жеп, сүт iшедi. Мемлекеттiк қызметтен боса­майтын ол қолы қалт еткенде базарға барады екен. “Патша да пенделiк тiрлiктермен айналысады екен” деп күлмеңiздер. Онда тұрған не бар? Ұлыбританияның ең мықты дейтiн премьер-министрi Маргарет Тэтчердiң өзi күйеуiне шұжық алу үшiн апта сайын дүкен аралады емес пе.
2 ақпан 2016
Пекиннен түскен бұйрық орындала ма, әлде әкiмнiң дегенi бола ма?

1400 қызметкерi бар “Ұлы қабырға” қазақ-қытай бұрғылау компаниясы” ЖШС директоры Чжан Цзюнь банкроттықтың алдында тұрғанын ұжымның жылдық есеп беруi кезiнде жасырмады. Бас мердiгер – “СНПС-Ақтөбемұнайгаз” АҚ-на қарасты кен орындарында мұнай ұңғыларын орнату, бұрғылау және кенiштерге мұнайшылар тасумен айналыстатын қызмет көрсету мекемесiне тапсырыстың 65 пайызға азайып, оның қиын жағдайда қалғанын айтып ақталды.

28 қаңтар 2016
Қытай қаупi қайта күшейдi
ӨЗI ЖАРЫМАҒАН ҚАЗАҚСТАН КӨРШIГЕ ЕТ САТҚАЛЫ ЖҮР
Қазақстандағы мұнай-газ кен орындарының жартысына жуығын бауырына басқан Қытай ендi аграрлық салаға да ауыз салды. Осы аптада ауыл шаруашылығы министрлiгi Қы­тайдың бiрнеше ком­паниясымен бiрлескен iс-қимыл жоспарына қол қойды. Ресми мәлiмет бұл шараларды “100 нақты қадамның” жөн-жоралғысымен байланыстырып жатыр. Ал халық көңiлiнде бұл – Қытай экспансиясының жаңа қадамы емес пе екен деген күмән басым.
19 қаңтар 2016
“Oxfam” халықаралық ұйымының соңғы зерттеуiнше, әлемдегi шiрiген байлардың тек бiр пайызына жататындарының байлығының жалпы сомасы азамзаттың қалған бөлiгiнiң табысын қоса алғандағыдан да көп. Ұйымның бұл зерттеуi Швейцарияның Давос қаласындағы дүниежүзiлiк экономикалық форумда жарияланды.
19 қаңтар 2016
Ираннан санкция алынған күн қара алтынның құнын одан әрi түсiрдi
2006 жылдан берi Батыс елдерiнiң санкцияларына iлiнген Ираннан кеше бұл шектеулер iшiнара алынып тасталды. Бұл әлемдiк қор биржаларындағы мұнай бағасына бiрден әсер еттi. Brent маркалы қара алтын барре­лiнiң бағасы 28 дол­ларға түстi. Иранның әлемдiк мұнай саудасының нарығына шығуы онсыз да сұра­ныс­тан әлдеқашан артып кеткен ұсынысты тағы арттырды. Санкциялары алынатыны былтырғы жылдың күзiнде-ақ белгiлi болғанда,
14 қаңтар 2016
Теңгенi «тiрiдей көмгiсi» келгендердiң көксегенi не?

Өз елiндегi экономикалық дағдарысқа мұхиттың ар жағындағы алпауыт мемлекеттiң валютасын кiнәлап, тығырықтан шығудың жолы ретiнде құты қашқан көршiсiнiң құны кеткен ақшасына көшудi ұсынғанды кiм дер едiңiз? Бұл ақыл-есi кемдеу адамның сандырағы немесе өз елiне опасыздық ойлаған жанның сөзiне ұқсары анық.

14 қаңтар 2016
Үрей буды
ЕЛДI ОСЫ АХУАЛҒА ӘКЕП ТIРЕГЕН ҮКIМЕТ БАСҚА НЕ IСТЕЙ АЛАДЫ?
Мұнай бағасы арзандаған сайын теңге бағамы да тербелiп, құлдырау үстiнде. Қара алтын баррелiнiң құны 31-ге түсiп едi, теңгенiң доллар­ға шаққандағы бағамы Қазақстан қор биржасындағы сейсенбiлiк сауда кезiнде 367 теңгеден асып түстi. Айырбастау пункттерi сол күнi долларды 370 теңгеден сата бастаған.
12 қаңтар 2016
Ханталапайға қатысатындар кiмдер екенiн кезектi жекешелендiру көрсетедi

Дағдарыс алқымнан алып, қымбатшылық қарашаны қысқан, теңгемiз шетелдiк валюталардың алдында тiзерлеген тұста, билiк не iстедi? Ескi тәсiлдi тағы қолданды. Қолда қалғанды сатуға кiрiстi. Қазақстанда кезектi жекешелендiрудi бастады. Ауқымды шара мемлекеттiң жыртық бюд­жетiн жамауға қажет қаржы көзiн табу үшiн бе, әлде мемлекеттiң үлесiн азайту арқылы экономиканы басқаруды оңтайландыру мақсатында жасала ма, ол арасын ашып айтқан ешкiм жоқ.

29 желтоқсан 2015
Отызды аңсап жүргенде...

Қазақстан үкiметi 2011 жылдан берi дамыған отыз елдiң қатарына қосылуға жанталасып жүр. 2012 жылы халыққа арнаған жолдауында Н.Назарбаев та осы мiндеттi жүктеген. Дамыған отыз ел деген не? Бұл – өндiрушi, өңдеушi, т.б. экономиканың салалары дамыған, шағын және орта кәсiп жолға қойылған, халықтың өмiр сүру деңгейi мен әл-ауқаты жоғары, жан басына шаққандағы iшкi жалпы өнiмi үлкен мемлекет. қаншалықты дамығанын танытатын көрсеткiштердiң бiрден-бiрi – бәсекеге қабiлеттiлiк.

29 желтоқсан 2015
Маңғыстауда жалақыны талап еткендердi соттап жатыр

Өткен аптада Маңғыстау облысындағы Қарақия аудандық соты биылғы мамырдағы еңбек жағдайын жақсартуды талап етiп, белсендiлiк танытқан Techno Тrading LTD компаниясы операторы Абай Қалиевтiң iсiн қарауды бастады. Оны сотқа берген компания директоры Әдiл Ниязов “ар-абыройыма нұқсан келтiрдi, әлеуметтiк алауыздық тудырды” деп айыптап, 500 мың теңге көлемiнде айыппұл төлеудi және кешiрiм сұрауды талап етiп жатыр.

29 желтоқсан 2015
Көзбояушылық ел экономикасын тұралатып тынды

Тәуелсiздiкке ширек ғасыр толмай жатып ел экономикасы тығырыққа тiрелдi. Әрине, бұл бiрiншi жағдай емес, бiрақ осы жолғысының бетi бөлек. Оны ел президентi Н.Назарбаев та мойындады. Желтоқсанның екiншi жексенбiсiнде мемлекеттiк телеарнадан берген сұхбатында: “Бiз бүгiнгi дағдарыс туралы бiлгенбiз, бiрақ қаншалықты қиын тиетiнiн бiлмедiк” дедi ол.

29 желтоқсан 2015

Қазақстанның Еуразиялық экономикалық одаққа мүше болғанына тұп-тура бiр жыл толды. Ресей және Беларусь, Қырғызстан және Армениямен бiр одақа бiрiккен Қазақстан үшiн бұл өте ауыр болғаны анық. Мұны өткенде Мәскеуге сапарлаған президент Н.Назарбаевтың өзi де мойындады. Экономикамыз бұл одақтан түк пайда көрмегенi былай тұрсын, Батыс елдерiмен текетiрескен Ресей одақтағы әрiптестерiмен ақылдаспай-ақ, өзiмбiлермен­дiкке салынып, өзгелерге зиян шектiрдi.

24 желтоқсан 2015

АҚШ долларының теңгеге шаққандағы бағамы айналасы 2-3 аптада шарықтап кеттi. Бiр доллардың құны 348-350 теңгеге дейiн көтерiлiп, қазақстандықтарды алаңдатып отырғаны анық. Алаңдатпай қайтсiн, елiмiздегi тауар бiткеннiң 80-90 пайызы сырттан, дәл сол доллармен сатып әкелiнедi. Мiне, соның салдарынан сауда сөрелерiндегi заттардың бағасы да доллармен бiрге аспандап кеттi.

беттер:«1 / 2 / 3 / 4 / 5 / 6 / 7 / 8 / 9 / 10 / 11 / 12 / 13 / 14 / 15 / 16 / 17»