1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Қазақты әбден бөлшектеп біттік қой. Қаланың  қазағы, даланың қазағы, бай қазақ, кедей қазақ, тіл білмейтін космополит қазақ, нағыз қазақ, діншіл қазақ, атеист қазақ деп. Енді қазақтар исламның ішінде бөліне бастады. Суфист, уахаб, салафит, қуранит т.б. деп. Бұл масқара ғой! Қазақты жіліктеп біттік. Тіпті әлгі жүзшілдігі мен рушылдығын айтпай-ақ қоялық. Жіліктеп бітіп, енді бөлшектеуге кірістік.
Автор: Нұрлан Ерімбетов, саясаттанушы.
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №51 (16237)   27 маусым, сейсенбі 2017
7 сәуір 2016
3 сәуiрден берi бүкiл әлемдi дүрлiктiрiп, кейбiр мемлекет жетекшiлерi мен олардың туыстарының оффшордағы шоттарын жария еткен Панамагейт әзiрге талайдың түбiне жетпесе де, дамыған демократиялық елдерде айтарлықтай дүрбелең тудырды. Жария етiлген есепте Исландия премьер-министрi мен оның әйелiнiң аты аталады. “Панама құжаттарына” сенсек, премьер-министр Сигмундур Давид
7 сәуір 2016

Егер халық шендiлердiң жұмысына мектептiң мұғалiмi құсап баға қойып, үлгерiмi нашарларды сыныптан сырғытып отырса, Кәрiм Мәсiмов баяғыда-ақ санаттан шығып қалғандай екен. Себебi қымбатшылық құрсауындағы халықты былай қой­ғанда, салқынқанды сарапшылардың өзi үкiмет басшысының жұмысын жаратпай жатыр. Жуырда ғана 3653info.kz порталы “Мәсiмовтiң екiншi премьерлiгiнiң бiрiншiсiнен айырмасы неде?” деген материал жариялады.

5 сәуір 2016
БIЗ НЕГЕ ТАБЫСТАН ҚАҒЫЛДЫҚ?
2017 жылдан бастап әр тұр­ғынға шамамен 220 мың теңге көлемiнде қаржы берiлетiн болды. Қарызға емес. Қайтарымсыз. Ешқандай үстем ақы­сыз. Тегiн. Бәрiне бiрдей. Бай-ке­дейiне қарамастан. Еңбегiне айлық алушыға да, жұмыссыз жүрген жанға да. Ай сайын. Тұрақты түрде. Не үшiн? Мемлекет байлығының қызығын халыққа теңдей көрсету үшiн! Әрине, шендiлер үкiмет үлестi­рер мемлекеттiң бұл
31 наурыз 2016
Қазақстан “бақытсыз” елдер қатарында
ЕУРАЗИЯЛЫҚ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ОДАҚТЫҢ ТАҒЫ БIР “ПАЙДАСЫ”
Bloomberg агенттiгi Қазақстанды инфляция мен жұмыссыздық деңгейi жағынан әлемдегi экономикасы “бақытсыз” елдер тiзiмiне қосты. Қосып қана қоймай, Misery index деп аталатын рейтингтiң “алдыңғы” ондығына кiргiзiп қойды. Қазақстан экономикасы құлдыраған Венесуэла, Украина, Сербия, Түркия сынды елдермен көршi тұр. Былтыр осы “қара тiзiмде” 7-орында тұрған Еуразиялық экономикалық одақтағы басты әрiптесiмiз – Ресей санкцияға қарамастан, жағдайын “түзеп” 14-орынға сырғыған.
17 наурыз 2016
Cоңғы бес жылда «Жас Алаш» көтерген, көтеріп қана қоймай, оның тәуелсіздігімізге төнген қатер екенін ескертіп, үнемі жазып келе жатқан тақырып – Еуразиялық одақ. Cонау 1994 жылы Еуразиялық одақ құру идея­сын айтып, күнi кешеге дейiн сол ойын тықпалап келген президент Н.Назар­баевтың орындалған арманы бар алаштың сан ғасырлық арманын күлге айналдырады дедік.
15 наурыз 2016
БЗЖҚ билiк үшiн – батпан құйрық
ОРТА ЖОЛДА ЖАТҚАН ТЕГIН ОЛЖА КӨРIНЕТIНI НЕСI?!
Қазақта “сасқан үйрек артымен сүңгидi” — деген көпке белгiлi мәтел бар. Үкiметтiң бүгiнгi тiрлiгiне қарасаңыз, осы сөз ерiксiз ойыңа оралады. Дағдарыс деген желеумен ұлттық қордың бүйiрiн бiраз ортайтып тастаған билiк, ендi Бiрыңғай зейнетақы жинақтаушы қорына (БЗЖҚ) ауыз салды. Ұлттық экономика министрi Ерболат Досаевтың айтуынша, БЗЖҚ-дан алынатын 1 триллион 450 мил­лиард теңге былайша бөлiнедi екен: 350 миллиард теңге – 2016 жылғы республика бюджетiнiң дефицитiн қаржыландыруға; 500 миллиард теңге – азаматтардың зейнетақы жинағының
10 наурыз 2016
Назарбаевтың құдасы Макдоналдс ашты
8 наурыз күнi Астанада қазақстандағы алғашқы McDonald’s (Макдоналдс) мейрамханасы ашылды. Батыста тым жақсы бағаланбайтын бұл мейрамхананың ашылуына үш күн бұрын президент Н.Назарбаевтың өзi барып кеттi. Кейiннен оның бұл жүрiсiне президенттiң баспасөз хатшысы Дәурен Абаев түсiнiктеме бердi.
1 наурыз 2016
Қоқысқа сүрiну һәм ЭКСПО-дан “үнемдеп” ақша шашу

“Қағазды көк, пластиктi сары, әйнектi қызыл, қалғанын жасыл жәшiкке!”. Бiр жыл бұрын Астананың шендi-шекпендiлерi қала тұрғындарының алдына осындай оп-оңай тапсырма қойған едi. Орындалуы түк те қиын емес бұл шараның дiттеген жерiне жетерiне ешкiм күмәнданған жоқ. Қалай ғана күмәндансын?! Астана – президенттiң қаласы. Астана тұрғындары – президенттiң ғана саясатын қолдайтын мемлекеттiк қызметкерлер.

23 ақпан 2016
“Қазақстанның азық-түлiгi Қытайға бағытталуы қажет”. Премьер-министрдiң бiрiншi орынбасары Бақытжан Сағынтаев ауыл шаруашылығы саласына осындай бағыт сiлтедi.  – Қытай нарығына ендi басқаша қарау керек. Бiз не өндiрсек те, не шығарсақ та, ендi олар қалдырмай бiзден ала бередi. Оның үстiне солардың стандарттары бо­йынша тауар шығаруға да­йын екенiмiздi айттық.
18 ақпан 2016

Елiмiздiң ауылшаруашылығы министрлiгi бүгiнде жағамыздан алып жатқан дағдарысқа ерте бастан-ақ дайындалды. Жер өңдеп, кетпен шауып, мал бағамын деген жандарға жеңiлдiктер жасады. Әр өнiм түрiне берiлген субсидиялар осы саланы жандандырып, бағаның шарықтамауына, шаруаның тiрлiгi алға басуына ықпал етуi тиiс едi. Рас, осындай жеңiлдiктердiң арқасында тiрлiгiн түзеп, шаруасын дөңгелетiп алып кеткендер де бар.

18 ақпан 2016
Ұлттық банк Астанаға көшiрiлмейдi

Ұлттық банктi EXPO-2017 халықаралық көрмесiнiң алдында Астанаға көшiрiп, елорданы қаржы орталығына айналдыру идеясынан билiк бас тартты. Мұны өткен аптаның соңында онлайн-конференция өткiзген бас банкир Данияр Ақышев мәлiм еткен. Сейсенбi күнi Алматыда жиын өткiзген президент Нұрсұлтан Назарбаев оның бұл сөзiн растады. Сонда президенттiң өзi былтыр­ғы жылдың 19 мамырында қол қойған орталық банктi Астанаға көшiру жөнiндегi жарлығы қайда қалды?

16 ақпан 2016

Қазақстан халқының ертеңгi қамсыз қарттығына жинаған 5,828 трлн теңгесi дағдарыста ақшадан тарыққан елдiң қаржы жүйесiн бақылайтын олигархтар мен шенеунiкте­рiнiң аранын аштырды. “Аңдыған жау алмай қоймайды” демекшi, зейнетақы қорындағы қазақстандықтардың 1 жарым трлн тең­ге­ге жуық ақшасы мемлекет мұқтажы деген желеумен жұмсалатын болды.

11 ақпан 2016

Кеше Ақордада өткен үкi­меттiң кеңейтiлген жиынында Н.Назарбаев жауапты шенеу­нiктерге бiрқатар тапсырмалар бердi. Соның бiр парасы инвестицияға қатысты. Мәселен “Нұрлы жол” бағдарламасына тиесiлi жобалардың жұмысын жандандыру үшiн 76 млрд теңге бөлiнбек. Ал тұрғын үй құрылысына 53 млрд теңге бөлу қарастырылған. Сондай-ақ, Нұрсұлтан Назарбаев зейнетақы қорындағы 1 триллион 450 миллиард теңгенi бiрқатар жобаға инвестиция ретiнде салуды жүктедi.

4 ақпан 2016
2016 жылғы ақпанның екiншi күнiнен бастап Қазақстан Ұлттық банкi базалық мөлшерлеме­нi 17%-ға көтердi. Ұлттық қаржы реттеушi органның бұл саясаты екiншi деңгейлi банктер мен отандық кәсiпкерлердi састырды. Өйткенi мұндай пайызбен Ұлттық банктен қарызға ақша алу ендi тиiмсiз. Ұлттық банк мұны “ЖIӨ, инфляция секiлдi макроэкономикалық көрсеткiш­тер­дi және банктердiң төлем қабiлеттiлiгi секiлдi
2 ақпан 2016
«Сенбесеңiздер, өздерiңiз тексерiңiздер!»
Президент те пенде. Ол да басқа халық тәрiз­дi ет жеп, сүт iшедi. Мемлекеттiк қызметтен боса­майтын ол қолы қалт еткенде базарға барады екен. “Патша да пенделiк тiрлiктермен айналысады екен” деп күлмеңiздер. Онда тұрған не бар? Ұлыбританияның ең мықты дейтiн премьер-министрi Маргарет Тэтчердiң өзi күйеуiне шұжық алу үшiн апта сайын дүкен аралады емес пе.
беттер:«1 / 2 / 3 / 4 / 5 / 6 / 7 / 8 / 9 / 10 / 11 / 12 / 13 / 14 / 15 / 16 / 17 / 18»