1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Қазақты әбден бөлшектеп біттік қой. Қаланың  қазағы, даланың қазағы, бай қазақ, кедей қазақ, тіл білмейтін космополит қазақ, нағыз қазақ, діншіл қазақ, атеист қазақ деп. Енді қазақтар исламның ішінде бөліне бастады. Суфист, уахаб, салафит, қуранит т.б. деп. Бұл масқара ғой! Қазақты жіліктеп біттік. Тіпті әлгі жүзшілдігі мен рушылдығын айтпай-ақ қоялық. Жіліктеп бітіп, енді бөлшектеуге кірістік.
Автор: Нұрлан Ерімбетов, саясаттанушы.
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №17 (16203)   28 ақпан, сейсенбі 2017
26 қараша 2015
Алтыны қымбат, ахуалы ауыр Бестөбе
ЖАПАНДА ЖАТҚАН ЕЛГЕ ЖОЛ КЕРЕК ЕМЕС ПЕ?
Күре жолдан қиыстау жат­қан Бестөбе кентiне арнайы шаруасы болмаса, әркiм ат басын бұра бермейдi. Бiрақ әңгiме оның қашықтығында емес, жолының жағдайсыздығында. Бес­төбеге жетем десеңiз, әуелi Астанадан 200 шақырымнан артық жол жүрiп, Степногорск қаласына барасыз. Бұл екi ара жолы нашарлау болғанымен, әйтеуiр, асфальттiң жұрнағы бар.
17 қараша 2015

Экономиканың нелiктен керi кетiп бара жатқаны ендi белгiлi болды. Қайта үкiметке рақмет, “бiздiң халық нансоғар екен” десе, талай қазақ жеп отырған талқанына қақалып қалуы мүмкiн едi. Мiне, соны ескерген ел басшылары жұрттың жүрегiне тимейтiндей “жылы-жылы” сөздер айтып жатыр. Әсiресе “арзан нанға байлар да ортақ” дейтiн Асылжан Мамытбековтiң пiкiрi қандай жағымды! “Нанды турап, бөлшектеп сатқан жөн” дейдi оның орынбасары жаңалық ашып.

12 қараша 2015
Әлеуметтiк желi дүрлiгiп жатыр. “ҚР президентi жанындағы Орталық коммуникациялар қызметi теңгенiң “туған күнiне” орай ең үздiк құттықтауға байқау жариялапты” дейдi фейсбуктағы құдашалар. Несi бар, бастама дұрыс. Туған күн десе, өре түрегелетiн халық емеспiз бе, менiң де құйысқаным көтерiлдi. Құдай қаласа, құдашалармен билемек ойым бар. Бiрақ қайда барарымды бiлмей, дiлгiрдiм. Астананың туған күнi болса ғой, Арқаны бетке алып, заулай жөнелер ем. Ал теңгенiң туған күнi...
10 қараша 2015
Ұлттық банк басшылығына Данияр Ақышев келгелi берi теңгенiң бағамы күрт құлдырай бастаған едi. Өткен жұмада Қазақстан қор биржасындағы кешкi сессия­да доллардың бағамы 310 теңгеден асты. Кешегi саудада доллар бұдан да қымбаттай түстi. Бар гәп ­– Ұлттық банк валюталық саудаға араласуын тоқтатқаннан кейiн басталды. Бас банкке жаңа төраға келгелi берi теңгенiң айыр­бастау бағамы күн сайын құлдырап бара жатыр
3 қараша 2015
Келiмбетов қызметiнен босатылды. Ақышев не өзгерте алады?

Ұлттық банк төрағасы Қайрат Келiмбетовтiң қызметтен кеткенi сарапшылар мен журналистер қауымы үшiн анау айтқандай жаңалық болған жоқ. “Қ.Келiмбетов әне-мiне кетедi екен” деген алыпқашпа әңгiме қыркүйек айы­нан берi гулеген. Ақыры сол ақпарат расқа айналды. Президент Н.Назарбаев Қ.Келiмбетовтi қызметiнен босатып, орнына Данияр Ақышевтi Ұлттық банк төрағалығына ұсынған. Кеше сенат өзiнiң отырысында прези­денттiң бұл ұсынысын бiрауыздан қолдады.

27 қазан 2015
Қрықпышев қайран қалдырады
Биыл маусым ортасынан ауғанда Астанада алтыншы халықаралық “Astana Mining & Metallurgy” (АММ 2015) конгресi өттi. Оған он сегiз елден алты жүзден астам делегат қатысты. Көпшiлiктiң қалың ортасында мен де жүрдiм. Әрине, “делегат” мәртебесiнде емес. Түстi металлургия тақырыбына жазған мақалам үшiн “Алтын Гефест” жүлдесi салтанатты жағдайда тапсырылды. Еңбегiнiң еленгенiн кiм жек көрсiн?! Мен де марқайып қалдым. Алайда айтайын дегенiм, бұл емес. Басты тақырыпқа көшпес бұрын сәл-пәл шегiнiс жасауға тура келедi.
27 қазан 2015
Ұлттық банк төрағасы Қайрат Келiмбетов өткен аптада Бiрыңғай ұлттық зейнетақы қорындағы 1 триллион теңге экономиканы қаржыландыруға жұмсалатынын мәлiм еттi. “Бiр триллион теңгенiң 400 миллиарды мемлекеттiк бюд­жет­тi қолдауға жұмсалады. Қалғаны әртүрлi жобаларды қаржыландыруға бағытталады. Оның iшiнде банктер арқылы қаржыландырылатын құрылыс та бар”, – дедi бас банкир. Бүгiнгi күнi Бiрыңғай ұлттық зейнетақы қорында жинақтал­ған активтердiң сомасы 5 триллион теңгеден асады.
22 қазан 2015
Серiктерiнiң сиқы анау
Осыған дейiн жағ­дайы­мыз жақсы, экономикамыз қарқынды даму үстiнде, алаңдайтын ештеңе жоқ деген сыңайда жұртты жұбатып, алдарқатып келген президент Н.Назарбаев түнеугүнi премьер-министр Кәрiм Мәсiмовтi қабылдап, дағдарыстың жай-күйiн сөз еттi. Сөз етiп қана қоймай, нағыз дағдарыстың ендi бастал­ғанын ескерттi. Жалпы, дағдарыстың кеше-бүгiн тумағаны анық. Былтырғы ақпан айында теңгенiң құлдырауынан басталған бұл қиындық биыл тiптi қарқын алды.
20 қазан 2015
Андрей Тимченко: “Клиенттерге қиын жағдайда көмектескен кезде – оның есесi келешекте жүз есе рет қайтады”
Сбербанк: жаңа мүмкiндiктер уақыты
Қазақстандағы Сбербанктiң тарихы 2007 жылы елiмiздiң экономикасы ауыр кезеңдердi басынан өткiзiп жатқан кезде басталды. Алайда бұл бизнестi дамытуға елеулi тосқауыл болған жоқ, және бiр-ақ жылдан соң Сбербанк Қазақстандағы он iрi банктердiң қатарына кiрдi. Қазiр, экономиканың төмендеуiнiң жаңа толқынының аясында Сбербанк, әдеттегiдей, өсiм мен сапалы қаржылық көрсеткiштердi көрсетiп отыр. 
13 қазан 2015
Келесi жылдан бастап нанның бағасы 30 пайыз­ға қымбаттауы мүмкiн. Бұл туралы Ауыл шаруашылық министрi Асылжан Мамытбеков мәлiмдедi. Министр бұл қымбаттатудың себебiн осыған дейiнгi нанның бағасын қолдан ұстап тұрумен түсiндiрдi.Күнделiктi тұтыну тауарларының iшiндегi басты тағам саналатын нанның бағасының бұған дейiн қымбаттамағаны рас.
8 қазан 2015
Сәл тербетiп жiберсе, қатты құбылуы мүмкiн
БАС БАНК ИНТЕРВЕНЦИЯЛАРДЫ ЖАЛҒАСТЫРУҒА ДАЙЫН
Ұлттық банк теңге бағамын еркiне жiбер­ген кезде валюталық нарыққа қатысуды тоқтатамыз, тек экономикалық жүйеге қатер төнсе ғана өктемдiк жүргiземiз деген-дi. Ондай жағдай 16 қыркүйек күнi қазақстандық банктер долларды 300 теңгеге сата бастаған кезде болды. Осы күнi Ұлттық банк нарықта алыпсатарлық әрекеттер орын алып жатыр деп, валюта саудасына қатысқан екiншi деңгейлi банктердiң тiзiмiн жария еткен. Теңге бағамын тұрақтандыру үшiн бас банк бұл кезде 144 миллион доллар көлемiнде интервенция жүргiзген.
6 қазан 2015
Сейсембаев «кепiл берудi» тоқтатты

Тамыз айының соңынан берi отандық өнiмнiң сапасын жақсартуға бағытталған жобаны қолға алған топ-бизнесмен Марғұлан Сейсембаев өткен аптада оны доғаратынын мәлiм еттi. Бұған прокуратураның оның үстiнен кезiнде көтерiлген iстi қайта қаузап, жауап беруге шақырғаны түрткi болды. М.Сейсембаев мұны қоғамдық жобаның халық арасында таныла бастауымен байланыстырады. Бизнесменнiң әлеуметтiк желiде жазған пiкiрiне қарағанда, “жоғарыдағылар” жұрттан қолдау тапқан қоғамдық бастамадан қауiптенген болуы мүмкiн.

1 қазан 2015
Сапарбаевтың ескертуi қытай компаниясының басшысына жайсыз тидi

“СПС-Ақтөбемұнайгаз” АҚ бас директорының орынбасары Тохталифум Есен­ғұлов пен оған еншiлес “Ұлы қабырға” қытай бұрғылау компаниясының басшысы Жан Ақтөбе облысының әкiмi Бердiбек Сапарбаевтың сұрақтарына жауап бере алмай қалды. Әкiм компаниядағы жергi­лiктi мұнайшылар мен қытай мамандарының нақты жалақысын, компания басшылығы мен қатардағы мұнайшылардың жалақы көлемiн нақтылап сұрады.

29 қыркүйек 2015
«Алым-салықты көбейту абырой әпермейдi» дейдi миллиардер

Қазақстандық миллиардер, Forbes журналының әлемдегi ең дәулеттi адамдар тiзiмiндегi 714-орындағы бизнесмен Болат Өтемұратов жақында өзiне тиесiлi “Информ­бюро” порталына сұхбат берiптi. Ақпарат құралдарына шыға бермейтiн, мемлекеттiк қызметтен кеткелi берi жария болудан қалған Болат Жәмитұлы Қазақстан экономикасындағы өзгерiстер мен жалпы ахуал туралы ой қозғайды.

29 қыркүйек 2015
Қытай президентi Си Цзиньпиннiң АҚШ-қа сапары тұсында батыс баспасөзi “Орталық Азияға Пекин ықпалының күшеюi Ресей мен Үндiстанның мазасына тидi” деп жазады. АҚШ президентi Барак Обама мен Қытай президентi Си Цзиньпин жұма күнi Вашингтонда кездесiп, өзге тақырыптармен бiрге Азия аймағындағы АҚШ-қа әрiптес елдер мен Қытай арасындағы жер дауын да талқылады.
беттер:«1 / 2 / 3 / 4 / 5 / 6 / 7 / 8 / 9 / 10 / 11 / 12 / 13 / 14 / 15 / 16 / 17 / 18 / 19»