1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
«Қазақ» деген мемлекет болмаған, «қазақта шекара болмаған» деген сыңар-езу дүниелер біз үшін өте-мөте қиын мәселе болып отыр. Бұл – сан ғасырлық тарихы бар халық үшін өте ауыр жала. Еліміз, жеріміз, шекарамыз болмаса, бұл жерге қайдан келдік? Бізге ұлан-ғайыр бұл даланы кім әкеліп берді? Бұл жердің өз иесі бар, аумағы бар. Оның иесі – қазақ.
Автор: Бекболат ТІЛЕУХАН
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №84 (16270)   19 қазан, бейсенбі 2017
19 қазан 2017
Қырғыздар суқоймасымен қыр көрсетіп отыр ма?

Еліміздегі төтенше жағдайға жауапты басшылардың өз жұмысына немқұрайдылығынан қаншама ауылды су басып, қаншама отбасы қара жамылды, қаншама адам қайғы-қасірет шекті. Қыстың көбесі сөгіліп, күн күрт жылынғанда аспаннан түскендей абдырап қалатын олардың селқостығынан қазір сел, су тасқыны десе елдің жүрегі зырқ ете қалатын болды. Бұл ретте Тараз тұрғындары үшін қалаға жақын жатқан Киров суқоймасының қауіпсіздігі өте маңызды. Күні кеше қырғыздар осынау

19 қазан 2017
«Қытайдағы қазақтарды қудалау күшейді»

Қытай Халық Республикасындағы бірқатар қандастар Қазақстанға көшіп келмек болғаны үшін немесе Қазақстандағы туыстарына саяхаттап келгені үшін қуғын көріп, тіпті ұзақ мерзімге бас бостандығынан айырылып жатыр. Бұл туралы сейсенбі күні баспасөз мәслихатын өткізген қоғам белсенділері мен Қытайда сотталған қандастардың туыстары мәлім етті. Баспасөз мәслихатын ұйымдастырушы, кәсіпкер Қыдырәлі Оразұлының айтуынша, бұрын да

19 қазан 2017
Бес жылға дейін жер жалға берілмейді, сатылмайды!

Жер кодексіне енгізілген өзгертулер мен толықтыруларды қамтыған заң жобасы алдағы аптада парламенттің қарауына түседі екен. Бұл жаңалықты экономист, жер реформасы жөніндегі комиссия мүшесі Мұхтар Тайжан хабарлады. Елдің есінде болар, былтыр Жер кодексіне еніп кеткен кейбір баптарға халық қарсы болып, елдің бірнеше аймағында митингілер өткен-ді. Қоғам қарсылығынан кейін

12 қазан 2017
Мүгедектердің мүмкіндігі шектеулі емес

Билікшіл партия комиссиясы үш ай бойы Қазақстандағы 8000 ғимараттың мүгедектерге қаншалықты қолайлы екенін тексеріп, елдегі әрбір 10-шы әлеуметтік маңызды жер мүгедектерге қолжетімсіз екенін анықтаған. Комиссия мүшелерінің айтуынша, елдегі мемлекеттік органдар, мектеп пен аурухана, мәдениет сарайлары мен халыққа қызмет көрсету орталығы ғимараттарының тең жартысы мүгедектерге

12 қазан 2017
Мүгедектердің мүмкіндігі шектеулі емес

Билікшіл партия комиссиясы үш ай бойы Қазақстандағы 8000 ғимараттың мүгедектерге қаншалықты қолайлы екенін тексеріп, елдегі әрбір 10-шы әлеуметтік маңызды жер мүгедектерге қолжетімсіз екенін анықтаған. Комиссия мүшелерінің айтуынша, елдегі мемлекеттік органдар, мектеп пен аурухана, мәдениет сарайлары мен халыққа қызмет көрсету орталығы ғимараттарының

12 қазан 2017
Ауылым көшіп келсе Қызылжарға...

Биылғы тамыз, қыркүйек айлары сапармен өтіп, Алматы, Талдықорған, Шығыс Қазақстан (Өскемен, Семей), Астана, Солтүстік Қазақстан облыстарын аралап қайттым. Дүниеге жар салып, ел жүрегін дүбірлеткен ЭКСПО-ны да аралап көруді Алла бізге нәсіп қылған екен. Соңғы күндеріне дәл келіппіз. ЭКСПО жыры өз алдына бір дүние. Біз сапарымыз жайлы, яғни солтүстіктің қыры мен сырын мақаламыздың

12 қазан 2017

Еліміздің тәуелсіздік алғанына ширек ғасыр толды. Көптеген елді мекендер өзінің тарихи және де жаңа атауларға ие болуда. Бұл жағдайлар бізді қуантады. Дегенмен де көпшілік тұрғындар, әсіресе жастарымыз елді мекендердің бұрынғы атауларын атаумен келеді. «Баяғы жартас – сол жартас» дегендей. Осы бір елеусіз келеңсіздікті, өкінішке қарай, жиі естіп қалып жүрміз. Біреуге итің жаман десең

12 қазан 2017
Медсақтандыру қорына бақылау күшейеді

«Міндетті медициналық сақтандыру туралы» заңына сәйкес, әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры 2017 жылдың 1 шілдесінен бастап сақтандыру жарнасын қабылдауға кіріскен болатын. Заң бойынша, биылдан бастап жарнаны жұмыс берушілер мен жеке кәсіпкерлер, сондай-ақ азаматтық-құқықтық келісімшарт негізінде еңбек ететін тұлғалар төлейді. «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ ресми сайтындағы мәліметтерге қарағанда, 2017 жылдың 6 қазанына дейін қордың Ұлттық банктегі шотына

12 қазан 2017

Торғайды ешкім қорғамайтын болды дегенде біз билікті айтып отырмыз. Әйтпесе жұрт пікірі өзгерген жоқ – «Тарт қолыңды, Торғайдан!» деп желпініп-ақ отыр. Бірақ желіде желпіну бар да, аяғыңмен барып, қолыңмен қорғау бар. Қазанның 11-күні бір топ азамат қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігіне барып, Тор­ғай даласынан зымыран қалдықтарын құлатуға Ресейге жалға жер беруге

12 қазан 2017
Қаржы қайда, жол қайда?

Жақында еліміздің үкімет басшысы Бақытжан Сағынтаев Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаевтың атышулы пікіріне байланысты арнайы мәлімдеме жасады. Жоқ, біз бұл жерде ағайынды екі елді ғана емес, осы екі елдің өз ішін де екіге бөлген даулы мәселе туралы әңгіме қозғағалы отырған жоқпыз. Бізсіз де бірі мақтап, бірі даттап, боқтаудан бастап, саяси сараптамаға дейін жасап, болжамдар айтып жатқандар

5 қазан 2017

Бірер жыл бұрын Жамбылға жолаушылап келген қонақтардың бірі өңірді аралап, Бай¬зақ ауданына барғанда «шіркін, қала болса тиіп тұр, баға дегеніңіз арзан, осы жерде өмір сүру керек екен ғой» деп ағынан ақтарылған еді. Әгәрәки, сол қонақ қазір қайтып келсе, Сарыкемердегі шарықтап кеткен бағадан басы айналып, бұрынғы айтқан сөзін қайтып алатыны анық. Олай дейтініміз – өткен жылдың осы уақыты ара¬лы¬ғымен салыстырғанда Байзақ ауданында баға бас бермей, ең қымбат аудан атанып

5 қазан 2017
Шекара  шетіндегі  ел  үдере көшпесін  десек...

Осыдан бес жыл бұрын Қазақстан-Ресей шекарасында «бір терезе» амалы енгізіліп, екі тарап жолаушылар мен жүктерді бірігіп тексеретін болған-ды. Бірақ әлі күнге дейін бір елден екіншісіне қатынаған адамды екі тарап бірге тексергенін көрмедік. Қазақстаннан шықпай тұрып та, шыққаннан кейін де жеке құжат көрсетіп, кіру-шығу қағаздарын толтырып, алашапқын

5 қазан 2017

ҚАНЫБЕКОВКЕ САЙЛАУДАН КЕЙІН ҚАРА ХАЛЫҚТЫҢ КЕРЕГІ ЖОҚ ПА?
«2020 жылға дейін ауызсумен қаланы 100 пайыз, ауылды 80 пайызға қамтамасыз етеміз» дегенді президент 2011 жылғы «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз» деген жолдауында айтқан екен. Осы жолдаудан кейін берілген тапсырманы орындау үшін үкімет 2011-2020 жылдар аралығын қамтитын «Ақбұлақ» бағдарламасын қабылдағаны белгілі. Бірақ бұл межені бағындырудың ауылы әлі алыста сияқты. Суды есекпен

5 қазан 2017

«Дүкендегі азық-түліктің басым бөлігі санитарлық талапқа сай емес. Әсіресе сырттан келетін өнімдердің сапасы тым мүшкіл. Сиыр деп алғаның шошқа, қой деп алғаның ешкі болып шығуы үйреншікті жағдайға айналды. Ал құрамына қандай қоспалар қосылатыны бір Аллаға ғана аян. Бұған себеп – еліміздің азық-түлік нарығындағы бақылаудың жоқтығы мен заңның солқылдақтығы». Мәжілістің сәрсенбідегі дәстүрлі отырысында депутат Азат Перуашев үкімет басшысы Б.Сағынтаевтың атына осындай сауал жолдап

3 қазан 2017

«Жас Алаш» газетінің 2017 жылғы 26 қыркүйектегі №76 (16262) санында «Қазақ көшінің алдындағы кезекті ор немесе «үкіметтегі бесінші колонна қайда отыр?» деген тақырыпта мақала жарық көрді. Осы мақалада жазылған сынды ескере отырып, назардан тыс қалған бірқатар мәселелерді атап өткенді жөн санаймыз. Үкімет бекіткен тұжырымдама: біріншіден, жақын келешекте Қазақстан құрамына

беттер:1 / 2 / 3 / 4 / 5 / 6 / 7 / 8 / 9 / 10 / 11»