1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
  “Шымбұлақ” тау шаңғысы курортының 25% Н.Назарбаевтың меншiгiнде. Мәселен, Болат Назарбаев “Шымбұлақта” екi үйi болғанын қалады. Мұнымен курорт басшысы Сергей Гитолов келiс­пептi. Сонда оның басына тапаншасын тақаған президент­тiң iнiсi: “Қазiр сенi жайратып салу маған түкке тұрмайды. Бұл үшiн маған ештеңе болмайды“ деген.  “Шымбұлақтағы” үйлердің иелері: Н. Назарбаев, Б. Назарбаев,  Д. Назарбаева, Ә. Назарбаева, Т. Құлыбаев, К. Мәсімов, И. Тасмағамбетов, Қ.Саудабаев, Н. Әбіқаев, А. Шабдарбаев, Б. Мұхамеджанов, Н. Сұбханбердин, Т. Досмұхамбетов, Б.  Өтемұратов, С. Қалмырзаев, А. Есімов, Д. Ахметов, А. Машкевич, П. Шодиев, Ә. Ибрагимов, С. Гиталов, Ә.Арғынғазин, А. Клебанов, В. Храпунов.
Автор: Виктор Храпунов, Алматы қаласының бұрынғы әкімі. “Республика” газетi. 03.10.2011ж.
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №91 (16173) 14 қараша, дүйсенбі 2016
14 қараша 2016
Доллар қымбаттады, бензин де бейiл

Кеше Қазақстан қор биржасында ұлттық валютаның бағамы (бiр доллар) 342,79 теңге көлемiнде қалыптасты. Таңғы саудадағы алғашқы мәмiле 340,96 теңгеге жасалды. Доллар бағасының ең төменi осы мөлшерде, ал жоғарғысы 343,2 теңгеге жеттi. Kurs.kz мәлiметi бойынша, Алматыдағы ақша айырбастау бөлiмдерiнде доллар бағамы 342,5-343,2 теңгеге бағаланып, сатылып жатыр.

Кейбiр сарапшылардың “АҚШ-тағы сайлау науқанынан кейiн доллар бағамы 340 теңге көлемiнде тұрақталады” деген болжамы шындыққа жанаспады. Күн өткен сайын теңге әлсiреп, доллар қымбаттап барады. Ал “қара маржан” нарығында пәлендей өзгерiс жоқ. Brent маркалы мұнай құны саудада 45 доллар шамасында. Солай бола тұра, бiздiң елде бензин тапшылығы байқалып жатыр. Әлеуметтiк желiде қызылордалық бiр тұрғын: “Масқара, бiздiң қаламызда АИ-92 тапшылығы байқала бастады. Кейбiр бекеттерде мүлде жоқ. Тек АИ-95 бензинi сатылып жатыр. Оның бағасы қымбат, екiнiң бiрiнiң қалтасы көтере бермейдi”, – деп жазады. Оның пiкiрiне коммент жазған тағы бiр тұтынушы: “Жер-жерде АИ-92-нi, дизельдi отынды талонмен сатып жатқанын байқадым. Демек, бензин тағы қымбаттайды деген сөз. Осы күнi талон қымбатшылық белгiсiне айналды”, – деп үн қосыпты. Келесi бiр желi қолданушылар “мұнай өңдеушi зауыттардың ауыз жаласып, өзара ымыраға келiп жатқанын” айтып, өкiнiштерiн бiлдiредi.
Шынында да, мұның бәрi қолдан жасалып жатқаны рас. Саудагерлер нарықтағы арзан бензиндi қолданысқа шығармай, бағаны көтеру мақсатында оны қоймада тығып ұстап, талондық жүйе енгiзуде. Мұндайда мұнай өңдеу зауыттары да аяқ астынан жөндеуге тұра қалады. Сөйтiп, сырттан келетiн отынға әсiресе, Ресейдiң қымбат бензинiне тәуелдiлiк артады. Осындай амалмен отандық жанар-жағармай бекеттерi де бағаны көтеруге мүмкiндiк алады. “Қазiр 132 теңгеге сатылып жатқан АИ-92 түбiнде 150 теңгеге қымбаттайды. Оған толық “негiз” бар әрi оны қолдан ұйымдастыруда”, – дейдi алматылық тұтынушы Орал Әбдi­рашит.
Мына түрiнде “доллар бағамы жыл аяғында 360-380 теңгеге жетедi”, – деген сарапшылардың болжамы шындыққа айналатындай.
Г.Қапан
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті
Осы тараудағы мақалалар