1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
«Қазақстандық ұлт» идеясы да бiзге сырттан таңылып отырған нәрсе. Бұл идеяны өзiмiздiң шала қазақтар да қолдап, қолпаштап жүр. Олжастарға (Сүлейменов) керегi осы. Неге? Өйткенi, «қазақстандық» болсақ, қазақ тiлiнiң қажетi болмай қалады. Президенттiң өзi де, оның айналасындағылар да балаларын да, немерелерiн де қазақша оқытқан емес! Оқытқысы да келмейдi! «Қазақстандық ұлт» деген сылтаумен қазақты әуелi орыс, сонан кейiн ағылшын жасамақ.
«Жас Алаш» газеті, №50, 24.06.2008 ж., 4-5 беттер
Автор: Мұхтар Шаханов
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №92 (16174) 16 қараша, сәрсенбі 2016
16 қараша 2016
Әулиеаталық әкiмқаралар қыс басталмай қысылды
Биыл Әулиеата өңiрi үшiн күз айы тосын мiнез танытты. Айналаның бәрi сары түске боялған қазан айының ортасында кенеттен тiзеден келетiн қар жауды. Жауған қарды көтере алмаған көшедегi тал-теректер тарс-тарс сынып жатты. Сынбағаны тамырымен қопарылды. Қалада жетi мыңнан астам үй жарықсыз қалды. Қалаға жақын Жамбыл мен Байзақ аудандарында да электр желiлерi үзiлiп, жұрт әбiгерге түстi. Абырой болғанда бұл жолы зардап шеккен ешкiм болған жоқ.
Есесiне, 3 қарашада басталған дауылдан зардап шегiп, ауруханаға түскендер аз емес. Ауа райын бол­жау­шылардың мәлiметiне қарағанда, желдiң жылдамдығы секундына 35 метрге дейiн жеткен. Бұл 2014 жылдың көктемiнде ит пен мысыққа дейiн ұшырып әкеткен Жаңатастағы дауылды еске түсiредi. Облыс басшысы Кәрiм Көкiрекбаев журналистерге берген сұхбатында табиғаттың тосын мiнезi­нен   Тараз қаласы мен облыстағы бес ауданда барлығы 1754 нысан бүлiнгенiн атап айтты. Оның iшiнде 454 ғимараттың шатыры ұшқан. Күштi желден электр бағаналары құлап, желiлер үзiлген. 53 мың тұрғын жарықсыз, 5 ауыл табиғи газсыз қалған. 36 адам дене жарақатымен ауруханаға түскен.
Мамандар дауылдан келген шығынды ендi есептеп шығарды. Шығын көлемi – 470 млн теңге. Қазiр бүлiнген нысандардың 65 пайыздан астамы жөнделген. Барлық коммуналдық қызметтер жергiлiктi бюджет есебiнен қалпына келтiрiлмек. Су, жылу, жарық, газ берiлдi.
Дауыл ауыл шаруашылығы тауарын өндiрушi диқандарға да үлкен шығын алып келдi. Облыста көлемi 8,7 гектарды құрайтын 10 жылыжай бүлiндi. Оның шығыны 175 млн теңге. Жылыжайлар несиеге тұрғызылған. Бұл шығынды ендi кiм төлейдi? Жергiлiктi әкiмдiктегiлер әзiрге банк басшыларымен сөйлесiп, несие төлеудi кейiнге қалдыруға көн­дiрiптi. Бiрақ бұл тығырықтан шығар жол еместiгi айтпаса да түсiнiктi. Жылыжай өнiмдерi қараша айынан бастап жиналуда. Дәл өнiм жиналар кезде қырсық шалғанын көрмейсiз бе?
Әрине, табиғаттың тосын мiнез танытуы алғаш рет емес. Жексенбiде Оң­түстiк Қазақстан мен Жамбыл облыс­тарында тағы да дауыл тұрды. Ауа райын болжаушылардың айтуынша, қараша айында Таразда дауыл қаупi сейiлмейдi. Ай соңына дейiн секундына 35 метрге дейiн жететiн дауыл тағы қайталануы мүмкiн. Алда қылышын сүйреткен қыс келе жатыр. Синоптиктер қыстың қатаңдау болатынын мұның алдында ескертiп қойған. Яғни, Кәрiм Көкiрекбаевтың командасы үшiн биылғы қыс сынақ болғалы тұр.
Ғалымжан Елшiбай,
Жамбыл облысы
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті