1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
«Хабар» телеарнасын көріп, «Казахстанская правда» газетін оқысақ, сыпыра мақтану мен лепірме сөздерден басың айналады. Осы айтылып жатқанның барлығын өмірде неге байқамайтындығыңа қайран қаласың. Олардың айтуларына қарағанда Қазақстанның керемет табыстарға жеткендігі сондай, америкалықтар, жапондар мен шведтерге бізге қызыға да қызғана қарайтын уақыт болып қалыпты. Ал, азиялықтар, латынамерикасы мен африкалықтар қызғаныштан жарылып өлсе де болады.
www.azattyq.org
Автор: Герольд Бельгер, жазушы, аудармашы.
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №98 (16180) 7 желтоқсан, сәрсенбі 2016
7 желтоқсан 2016
Мұғалiм – қолбала, ақша жинаушы, көше сыпырушы емес!
БIЛIМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛIГIНЕ,
ОБЛЫСТЫҚ БIЛIМ ДЕПАРТАМЕНТТЕРIНЕ,
ОБЛЫС ӘКIМДIКТЕРIНЕ,
СЕНАТ ЖӘНЕ МӘЖIЛIС ДЕПУТАТТАРЫНА!
 
ҮНДЕУ 
 
Тәуелсiз елiмiзде орны төрде болуға тиiстi ұлағатты ұстаздарымыз әкiмшiлiк пен мектеп директорларының қолбаласына айналған. Көнбiс, жалтақ мұғалiмдерден тәрбие алып жатқан ұрпағымыздан қандай болашақ кү­темiз? Мұғалiм азат болмай, оқушы еркiн ойлы бола алмайды. Сондықтан облыстық, аудандық бiлiм басқармаларын ҚР Бiлiм және ғылым министрлiгi жергiлiктi әкiмшiлiктен өз құзiретiне өткiзiп алуы керек немесе әкiм­дiктер мұғалiмдердi “ақша жинау” мен “қара жұмысшының” орнын толтырту әрекетiн тыйсын!
 
Мектептiң жөндеу жұмыстарына ақша жинаудың алдын алу үшiн әр оқу орнына жөндеу жұмыстарына мемлекеттiк бюджеттен бөлiн­ген қаражат сомасы баспасөз беттерiнде жариялануы керек! “Мұғалiм неге ақша жинайды” деген сұраққа бас ауыртып көрдi­ңiздер ме? ЖОҚ! Ол ақша мектептi жөндеу жұмысына жұмсалады. Мектепке қаражатты әкiм­дiктер бөледi. Әкiмдiктен бөлiнген ақшаға, жасалған жөндеу жұмысына, ол жөндеудi жасағандарға қатаң бақылау жасалуы керек! Мұғалiмдердi мектептi жөндеу жұмысына араластыруға жол берiл­меуi керек.
 
Түрлi тексерулер мен сынақтарға арнал­ған оқушының бiлiмiне қосар үлесi аз қағаздарды ұстаздарға толтырта берудiң дәл қазiргi технологияның дамыған уақытында қажетi шамалы. Сондықтан мұғалiмдер бiлiктiлiгi мен оқушылар бiлiмi iлгерiлесiн десек, артық қағазбастылықтан құтылған жөн.
 
Бiр мекемеде басшылық қызметте 15-20 жылдап отыру таныстық-тамырластыққа апарады, ол ары қарай сыбайлас жемқорлыққа, парақорлыққа ұласып кетедi. Сондықтан мектеп директорларының бiр орында тапжылмай ұзақ отыруына мүмкiндiк берiлмесiн, 3 не 5 жылда бiр ауыстырылсын.
 
Мектепке жан-жақтан келетiн тексерулер­дiң барлығы дерлiк тек ақша жинаудың амалы. Ол тексерiстерден оң баға алу үшiн тағы да мұғалiм қалтасындағы қаражатынан қағылады. Сондықтан қаптаған тексерiстер­дiң қажеттiсiн ғана қалдырып, керексiзiн мүлде алып тастау қажет.
 
Елiмiзде Конституция бойынша мәжбүрлi еңбекке тыйым салынған. Қазақстан Республикасы Конституциясының 24-бабы 1- тармағына сәйкес “Әркiмнiң еңбек ету бостандығына, қызмет пен кәсiп түрiн еркiн таңдауына құқығы бар. Ерiксiз еңбекке соттың үкiмi бо­йынша не төтенше жағдайда немесе соғыс жағдайында ғана жол берiледi”.
 
Қазақстан Республикасы “Бiлiм туралы” Заңының 51- бабы 4-тармағында – Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, педагог жұмыс­кер­лердi өздерiнiң кәсiптiк мiндеттерiн орындаумен байланысы жоқ жұмыс түрлерiне тартуға жол берiлмейтiндiгi туралы нақты көр­сетiлген. Сондықтан да сенбiлiктер ерiктi негiзде өткiзiледi, мәжбүрлеуге ешкiмнiң де құқы жоқ. Сонымен қатар әртүрлi мәдени iс-шараларға билеттер сатып алу тек ерiктi түрде ғана болуы тиiс. Сондықтан мұғалiм­дер­дi түрлi көше тазалау, үй аралау, қысқы жылу қазандықтарына кезекшiлiкке қою қысқартылсын.
 
Мектептерде сыбайлас жем­қорлықпен ұсталғандарға ары қарай жұмыс iстеуге мүмкiндiк берiп отыр! Мектеп тәрбие ордасы екенiн ескерсек бұдан қандай тәрбие шығады? Болашақта жемқорлықпен қалай айналысып, қалай ақша алып, одан қалай құтылу керек екенiн үйретемiз бе? Жемқорлықпен күрескен мұғалiмдерге қысым жасау тоқтатылсын!
Мектептерде материалдық жағынан, интернет желiсi, кiтаптар жетiспеушiлiгi орын алып жатса да, мектептерде есеп беру кезiнде “барлығы жеткiлiктi” деген жалған ақпарат беру қашан тоқтайды? Нелiктен осындай жағдай жылда қайталанады? Электронды күнде­лiк жобасы қағазбастылықтан құтқаратын жоба деп таныстырдыңыздар. Ол қалай жұмыс iстеп жатыр?   Интернет желiсi жұмыс жасамайтын жерлерде басқа аудан орталықтарына барып толтырып жүр. НОБД-да да осындай жағдай. Жеке штаттар неге берiлмейдi? Мектептерде мұғалiмнiң жұмысы мұғалiмнiң жеке компьютерiмен жасалады. Барлық қағаздар мен керек жарақтары жеке қалта есе­бiнен шешiлiп отыр. Бұндай “тонау­ларды” тоқтату керек!
Мектептерде газет-журналдар­ға жазылу ерiктi түрде ғана жүзеге асуы тиiс! Әкiмдiктердiң газетке жаздыруға жеке жоспар мен «тiзiмдер» беруi доғарылсын! Газет-журналдарды, елiмiзде өтiп жатқан жаңалықтарды теледидар мен интернет желiсiнен де оқып алуға болады емес пе?!
 
Мұғалiм таңертеңнен кешке дейiн мектепте. БжҒМ басқа мем­лекеттiк қызметкерлердi жұмыстан уақытында қайтуға ұсыныс жасаған. Ал мұғалiмдер ше? Олардың балалары, отбасылары жоқ па? Курстан-курсқа қаңғып айлап кетiп жатыр. Мұғалiмдерге де жағдай жасалсын! Кейбiр жерлерде “iссапар” шығындары мүлде төленбейдi. Мұға­лiм­дер өз қалтасымен барып келiп жүр. Бұл жағдай қашан шешiмiн табады?
 
Үш тiлдi реформаны жүзеге асыру барысында түрлi әлi бiз түсiнбейтiн мәселелер көбейiп тұр. Ағылшын тiлiн үйрету тек ағылшын тiлiнiң сағаттарын көбейту арқылы жүзеге асырылып, бастауышта баланың өз ана тiлiнде бiлiм алуы­на жағдай тудырылуы керек. Негiзгi пәндер өз тiлiмiзде өткенi дұрыс. Кадр мәселесi жеке курс­тар­мен шешiлмейдi.
 
“Үш тiлдi реформа” қайтадан қоғам талқысынан өткiзiлсiн!
Бiлiм саласына келген жастар­ға жағдай жасалсын. 
Түрлi концерт, мәдени шараларда, әкiмдердiң есеп беру жиналыстарында, басқа да жағдайларда мұғалiмдердi апарып зал толтыруға жол берiлмесiн! Түрлi әншiлердiң билеттерiн “күштеп” сатуға тыйым салынуы тиiс.
Қазақстан мұғалiмдерiнiң бұл үндеуiне әлеуметтiк желi ар­қылы қол жинау жүрiп жатыр. Қуаттап, қолдаушылар қатары сағат санап өсуде. “Жас Алашты” оқитын мұғалiмдерден, ата-аналардан, жұртшылықтан пiкiр күтемiз.
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті