1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Сталин ашқан Академия тәуелсіздікке қол жеткен кезде жабылды. Қазақ Үкіметі оның жабылуына айдың күннің аманында жол берді. Бұл – біздің саяси жүйенің қателігі. Бұл – факт.  Сөйтіп, 70 жылдан астам тарихы бар Қазақ Академиясының құны бар-жоғы 500 доллар болып шыға келді. Оның бағасын Үкімет те, академиктер де солай деп бағалады.
Автор: Асқар Жұмаділдаев, Профессор, физика-математика ғылымдарының докторы
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №101 (16183) 19 желтоқсан, дүйсенбі 2016
19 желтоқсан 2016
Талғат АЙТБАЙҰЛЫ, жазушы-публицист: ҚОНАЕВТЫ ҚЫЗМЕТIНЕН АЛУҒА СЕБЕП БОЛҒАН – ЖЕР МӘСЕЛЕСI
Желтоқсан­ның жолы ауыр болды. Ақиқатын айттырмады. Тiптi КОКП Орталық Комитетi “қазақ ұлтшылдығы” туралы арнайы қаулы қабылдады. Тұтастай бiр ұлтты өстiп мас­қаралаудан өткен қорлық бола ма? Бiрақ уақыт, тарих қашан да әдiл таразы ғой. Бәрiн өз орнына қояды. Халқымыздың қайраткер азаматы Мұхтар Шаханов басқарған, 1986 жылғы желтоқсанның 17-18-iнде бол­ған оқиғаларға байланысты жағдайларға түпкiлiктi баға беру жө­нiндегi комиссияның жұмысынан кейiн сең қозғалды. Жинақталған материалдар негiзiнде жазылған мақала, сұхбаттар қазақ, орыс тiлдерiн­дегi мерзiмдiк басылымдарда жарық көре бастады. Сол күнгi көтерiлiстiң ащы ақиқаты айтылған “Комсомольская правда”, “Лениншiл жас”, “Қазақ әдебиетi”, “Ленинская смена” және басқа да газеттер қолдан-қол­ға өттi. Ел көздерiне жас алып оқы­ды. Артынан iздеушiлер, сұраушылар көбейдi. Мiне, осы тұста маған сол материалдарды жинақтап, кiтап етiп шығару туралы ой келдi. Бiрақ көтерiлiске қатысты қай мақала да зордың күшiмен әрең жарық көретiн сол бiр заманда кiтап шығару еш­кiмнiң ойы түгiл, түсiне де кiр­меген шығар. Қағазды қайдан аларсың? Қандай кiтапқа деп сұрарсың?..
 
Мiне, осы кезде өзiмiз қызмет ететiн Қазақстан Жазушылар одағы жанындағы “Аударма” алқасының төрағасы Ғаббас Қабышұлы ерлiкке пара-пар тiрлiк жасады. Ойымызды құптап қана қойған жоқ, қолұшын бердi. Кiтапқа “Алматы. 1986. Желтоқсан” деп ат қойған да – сол кiсiнiң өзi. “Орыстардың да қолына жетсiн. Әйтпесе олардың iшiнде Желтоқсан көтерiлiсi жөнiнде терiс ойда жүр­ген­дер аз емес. Кiтаптың қазақ тi­лiндегi нұсқасы қалай болса, орыс тiлiндегi басылымы да дәл солай болсын”, – дедi. “Бұл – ойдан шығарылатын шығарма емес, шерлi ше­жiре. Книга-хроника. Айғақ-кiтап дейiк”, – деп ойымызға ой қосты ал­қа қызметкерi, ақын Жарасқан Әбдiрәшев.
Не керек, бұрын көп жылдар “Жазушы” баспасында заңгер болып қызмет еткен, баспа iсiнен хабары мол Тойболды Зейнәбiлов екеумiз “Жалын” журналы редакциясына бардық. Мұхтар ағамыз: “Мыналарың өте оңды шаруа екен. Алайда мен қандай материал беремiн, соны ғана енгiзесiңдер, әйтпесе рұқсат етпеймiн”, – дедi айтарын қысқа қа­йырып. Айтқанын жасадық. Он баспа табақ көлемдегi материалды құрастырып, 1990 жылдың соңғы күндерi­нiң бiрiнде алдына әкелдiк. Кi­­­­тап құрастыруға онша қинала қойған жоқпыз. Ең ауыр тигенi – қағаз бен қаржы мәселесi болды.
...Шын мәнiсiнде, “Желтоқсанның” әлемдiк деңгейде халықаралық маңызы бар. Оның ке­шегi Кеңестiк Одақты ыдыратудағы рөлiн нақтылау да осы 30 жыл­дықтың кезiнде келiп тұрған сияқ­ты. Бұл – қазақ халқының, қазақ жастарының ұлы ерлiгi. Ал ендi “мұның шығуына не себеп?” деген кезде тағы да жер мәселесiне келiп тiреледi. Оның астарында  ұлт­тық кемсiтушiлiкке ұшырау, тiлдi жоғалту, дiлден айрылу жатыр.  Бi­рақ Д.Қонаевты қызметiнен алуға себеп болған, негiзiнен, жер мәселесi болатын. Қазақстанның батыс об­лыс­тарын бөлшектеу мәселесi күн тәр­тiбiне қойылғанда Димекең қар­сы болды. Қазақ үшiн жер мәселесi өте күрделi. “Ендеше басқа ұлттың есебiнен жасаймыз” деп Колбиндi әкелу себебi – сол. Колбиндi қою арқылы қазақ халқын өзiндiк “менi” жоқ, мiнезi жоқ халық санады. Бiрақ көтерiлiс олай емес екенiн көрсеттi. Кешегi кеңестiк жүйеде бiз ұлттық рухымыздың мықты екенiн аңғарттық. Желтоқсан – соның  айқын айғағы. Алаңға шыққан мыңдаған жастар – соның дәлелi. 
 
Содан берi отыз жылға таяу уақыт өтсе де, көтерiлiске байланысты түйiндеудi қажет ететiн мемлекеттiк мәселелер жабулы күйiнде қалды. Саяси-құқықтық бағасы берiлмедi, статусы айқындалмады. Қан төккен, ажал құшқан, алаңда болғаны үшiн азап шеккен, тағдырлары тас-тал­қан күйге ұшыраған қаһармандарымыздың ерлiгi ескерiлмедi. Осы мәселе­нi тиянақтайық деген ниетпен қаншама конференциялар өттi. Мә­се­лен, сондай үлкен жиынның әуел­гiсi Желтоқсанның он жылдығы ке­зiнде Ғылым академиясында ұйымдастырылды. Кең ауқымды талқылау болды. Негiзгi баяндаманы сол уақытта Мемлекеттiк хатшы қызметiн атқарған “Халық жазушысы” Әбiш Кекiл­баев жасады. Оның “Желтоқсан – оқиға емес, көтерiлiс. Бүкiл сипаттары соған сай келедi”, – деп түйiн­дегенi жиналғандардың бәрiнiң кө­кейiне қонған. Алайда әлi де зерт­теуi, зерделеуi кем Желтоқсан ол туралы сөз еткен, мақала жазған талайлардың қолданысында оқиға ретiнде көрiнiс тауып қала бердi.
Менiң өкiнiшiмнiң үлкенi – бiз Желтоқсан көтерiлiсi қаһармандарының қайталанбайтын ұлы ерлiгiн жас ұрпақты ұлтжандылық, отаншылдық, мемлекетшiлдiк рухында тәрбиелей­тiн мектепке айналдыра алмадық. Бұл – бүгiнгi билiктiң үлкен кемшiлiгi. Тамыры әрiге кеткен осы кемшiлiктiң салдарынан мақтанышымыз болуға тиiстi Желтоқсан көтерiлiсi күнi бүгiнге дейiн өз деңгейiнде насихатталып, аталып өткен емес.
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті