1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Осы күнге дейін көп нәрсе айтылды ғой. Бұл неткен үнсіздік деген сұрақ менің көкейімде әр кез тұрады. Мен күнде таңертең тұрғанда бір жақсы хабар естігім келіп тұрады. «Зәкеңді өлтірген адамдарды тауыпты», я болмаса «сол істі қайта қарауға кірісіпті» дегендей хабарларды естігім келеді. Бірақ, өкінішке қарай, қазір бізде құлақ естімейтін, көз көрмейтін уақыт болып тұр.
Автор: Мақпал Жүнісова, Қазақстанның халық әртісі, әнші
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №103 (16185) 26 желтоқсан, дүйсенбі 2016
27 желтоқсан 2016
Келiмсектер қашанғы кердеңдейдi?..

Азғындықта шек жоқ. Екi аяқты хайуандардың көздерi ендi он екiде бiр гүлi ашылмаған бейкүнә балаларға түсе бастады. Жақында ғана Шығыс Қазақстан облысы Мақаншы ауылында орны толмас өкiнiштi жағдай орын ала жаздады. Қытайлық әлдебiр азғын 11 жастағы қызды саябаққа сүйреп бара жатқан жерiнен ұсталды. Бұл арада “киiм алып беремiн” деген сөзiне сенiп, баланы соған ертiп жiберген ата-ананың да кiнәсi шаш-етектен. Әлгi азғын солардың өздерiнiң танысы және үйден баланы алып шыққанда-ақ мас болған. Оның саябаққа жеткiзiп тастауын сұрағанынан секем алған такси жүргiзушiсi дереу тәртiп сақшыларына хабар берген. Азғын өзiнiң арам ниетiн iске асыруға әрекеттенiп жатқан кезiнде ұсталған.
Әзiрге педофилдiң Қытай азаматы екенi ғана белгiлi. Ал ұлты кiм, қытай ма әлде қытайлық қазақ па, басқа ма, ол жағы айтылмайды. Қазiр тергеу изоляторында отырған көрiнедi. Кiм болса да, азғынның аты – азғын. Оған ең қатаң жаза лайық. Мәселен, Қытайда ондайлар өлiм жазасына кесiледi. Сол сияқты, Сауд Арабиясы, Иран, Ирак, Индонезия, Оңтүстiк Корея, Латын Америкасы мен Африканың көптеген елдерiнде педофилдерге ешқандай аяушылық жоқ, бiрден өлiм жазасы тағайындалады. Ал бiзде 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап педофилдерге химиялық пiштiрме жасау жазасы күшiне енедi. Қырғыз елi бұл жазаны заңдастырып та қойды. Мәжбүрлi түрде аталықсыздандыру туралы заң АҚШ-та 1990 жылдан берi бар. Польша мен Чехияда педофилдер түрмеде жазасын өтейдi және содан кейiн оларға мiндеттi түрде пiштiрме жасалады.
Түрлi ақпараттарға жүгiнсек, соңғы бес жылда бiздiң елiмiзде кәмелеттiк жасқа толмаған балаларды жыныстық қатынасқа мәжбүрлеу оқиғалары екi есе көбейiптi. Бiр жылдан кейiн күшiне енетiн заңның азғындарды қаншалықты ауыздықтай аларына тағы сенiм жоқ. Бұл орайдағы көпшiлiк пiкiрi “педофилдерге өлiм жазасын енгiзбейiнше, жағдайдың оңалуы қиын” дегенге саяды.
Мақаншыдағы жағдайдан кейiн ой туғызған бiр жайт: кейбiр келiмсектердiң табалдырықтан аттай сала, “төр менiкi” дейтiн содырлығы. Әйтпесе әлгi қытайлықтың бұл қылығы не? Туып-өскен жерiнен сыртқа аттап шыққан әрбiр адам сол елдiң заңын, әдет-ғұрпын, халқын сыйлап, аяғын аңдап басса керек-тi. Қытай азаматтарының бiздегi ғана емес, басқа елдердегi де бейбастақ iс-әрекеттерi туралы хабарларды құлағымыз шалып қалады. Бұл сонда олардың артында алпауыт ел тұрғанын бiлiп, еркiнсiгенi ме? Ал бiз ондайлардың жат мiнезiне, дөрекi әрекетiне тосқауыл қоятындай қандай шаралар қолдана алдық? Мәселен, Мақаншыдағы қыз баланы қорламақ болған қытайлықты өз елiнiң заңымен жазаласақ, бiзге “қой” дер ме едi?!
Естуiмiзше, осыдан бiраз бұрын Сауд Арабиясындағы Белоруссия елшiсiнiң әйелi көшеде хиджаб киiп, бiрақ шашын алдына қарай бос қойып жүргенi үшiн, арабтар елшiге ескерту берiптi. Өздерiнiң наным-сенiмiн, дәстүрiн сыйлатуға тырысқаны ғой. Ал бiз... асымызды iшiп, аяғымызды теуiп тайраңдап жүрген келiмсектерге шара қолданбақ түгiлi, жай ескерту берiп, бiрдеңе талап ете алдық па?!
                                                                                                                                                                                            Н.ҚОҢЫР

« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (1)
казах | 7 қаңтар 2017 21:38
биликтин жалтактыгы
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті
Осы тараудағы мақалалар