1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
«Хабар» телеарнасын көріп, «Казахстанская правда» газетін оқысақ, сыпыра мақтану мен лепірме сөздерден басың айналады. Осы айтылып жатқанның барлығын өмірде неге байқамайтындығыңа қайран қаласың. Олардың айтуларына қарағанда Қазақстанның керемет табыстарға жеткендігі сондай, америкалықтар, жапондар мен шведтерге бізге қызыға да қызғана қарайтын уақыт болып қалыпты. Ал, азиялықтар, латынамерикасы мен африкалықтар қызғаныштан жарылып өлсе де болады.
www.azattyq.org
Автор: Герольд Бельгер, жазушы, аудармашы.
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №2 (16188) 10 қаңтар, сейсенбі 2017
10 қаңтар 2017
Қазақты қаладан кетiру амалы

7 ҚАҢТАРДАН БАСТАП КҮШIНЕ ЕНГЕН ЗАҢНЫҢ ҚИСЫНСЫЗДЫҒЫНА ҚАРАП, ОСЫЛАЙ ДЕЙТIНДЕР ДЕ БАР

Алматы қаласының тұрғыны, II топ мүгедегi Амангелдi Жақсылықовтың қаламен iргелес жатқан “Қайрат” ауылында үш бөлмелi шағын үйi бар. Осы үйдi, ауладағы тағы екi жаздық баспананы ол жалға бередi. Асып тұрған жағдайы болмағандықтан (ауыз су аулада, дәретхана сыртта), баспананы арзан бағаға беруге мәж¬бүр. Оның үстiне, қаладан тысқары аймақ аумағынан үй жалдасаңыз, Алматымен салыстырғанда оның құны арзанырақ шығады. Сонымен Амангелдi үлкен үйдi 45 мыңға, екi “времянканы” 25 мың теңгеден өткiзедi. Айына 90 мың теңге табыс кiр¬генiмен, осының есебiнен газ, жарық пен судың ақшасын өзi төлейдi. Себебi әр баспанада жеке есептеуiштiң жоқтығынан осындай әрекетке баруға мәжбүр. Қыс айларында түскен табыстың жартысынан көбi сөйтiп коммуналдық төлемдерге жұмсалады. Қалғанына ептеп-септеп күн көредi. Өзi II топ мүгедегi болғандықтан (көзi өте нашар көредi) жұмыс iстемейдi. Зейнетақысы – 34 мың теңге. Келiншегi –кiтапханашы. Оның айлығы – 60 мың теңге шамасында. Азық-түлiктi қоспағанда, мектеп жасындағы екi баланың киiм-кешегiне, жолақысына әжептәуiр шығын шығады. 6 қаңтар күнi “Тұрғындардың көшi-қоны туралы” заң қолданысқа енерден бiр күн бұрын Амангелдiге аудандық салық департа¬ментiнiң өкiлдерi хабарласып, қанша пәтер жалдаушы тұратынын, “жеке кәсiпкер” ретiнде патентiнiң бар-жоғын сұрады. Бұл өзiнiң II топ мүгедегi екенiн, жұмыс iстемейтiнiн ескерттi. Салықшылар Аман¬гелдiге салық мекемесiне келiп-кетуiн сұрады.
Үйiн уақытша жалға берiп, табыс та¬уып отырғандықтан одан салық төлеу қа¬жеттiгiн көзi ашық, көкiрегi ояу Амангелдi де бiледi. Әйтсе де, түскен табыстың тең жартысы коммуналдық шығынға кететiн болса, одан ай сайын салық төлесе, сонда оның несi қалады? Аз салық болса, бiр сәрi. Бiздегi салықтың мөлшерiн өздерiңiз бiлесiздер, қымбат. Сондықтан жұртшылық оны төлеуден жалтарады. Көптiң бiрi ретiнде Амангелдi де сөйтедi.
– Әлгi “Тұрғындардың көшi-қоны туралы” заңы қолданысқа енгелi жан-жақтан тексерулер қаптап кеттi. Қайбiр күнi учаскелiк инс¬пектор да келiп жеттi. Өзi әпер-бақан бiреу екен: “Аға, үш күн iшiнде пәтердегiлердi тiркемесең, маған өкпелеме. Айыппұл саламыз” деп дiкең-дiкең етедi. Айналайын-ау, өле алмай жүр дейсiз бе, тiр¬кеймiн-тiркеймiн, – деп әрең жiбердiм дейдi бiзбен әңгiмесiнде Амангелдi Жақсылықов.
Амангелдiнiң баспанасын жалға алғандар негiзiнен Алматы облысының тұрғындары. Бiр отбасы Ең¬бекшiқазақ ауданынан болса, екiншiсi – Ұзынағаштан, ендi бiрi – Жаркенттен. Үш отбасы мүшелерi¬нiң бәрi ауылдағы үйлерiнде тұрақты тiркеуде тұр. Одан артық не керек. Далада қаңғып, яки босып жүрген бiреуi жоқ. Бәрiнiң орта, жоғары бiлiмдерi бар. Пәтер жалдаушылардың отағалары жұмыста, ал келiншектерi жас баламен уақытша үйде. – Бұлардың лаңкес¬тiкке, жалпы тәртiпсiздiкке ешқандай қатысы жоқ. Заңды тыңдап орындайтындар қатарынан. Ауылда тұрақты тiркеулерi де бар. Жұмыс орындары қалалық тiркеудi сұрап жатқан жоқ. Заңды бұзбаса, қо¬ғамдық тәртiпсiздiкке бармаса, онда оларды не үшiн тiркеуiмiз керек? Мәлiмет атаулы компьютерде ақпараттық базада тұр. Кейбiр пәтер жалдаушылар 1-2 ай ғана тұрады, олар ауысқан сайын халыққа қызмет көрсету орталығына шапқылауға тура келедi. Айналып келгенде, мұның бәрi қосымша машақат тудырады. Уақытыңды алады. Мына заманда ерiгiп жүрген ешкiм жоқ, күнiмiздi қалай көремiз деп ертелi-кеш дамыл таппай безiлдеймiз. Ал Астананың төрiн¬дегi шендi-шекпендiлер, “партия қалаулылары” – депутаттар халыққа пайдасыз заң шығарып, жұртшылықты жөнсiз әбiгерге салып жатыр. Сонда мұндай шикi, шалағай заңды шығаруға не түрткi болды?

Амангелдiнiң бұл сұрағына қайтарылар жауап әрқилы. Әлеуметтiк желiдегiлер тiркелу тәртiбiн бұз¬ғандардың әрқайсысына 16 мың теңгеден ойып салса, бюджетке қаншама ақша түседi, сол үшiн ойлап тапқан заң деп қарайды. Лаңкестердiң немесе сондайлардың ұзын саны қанша, Қазақстан бойынша? Көп болса, бiрнеше жүз адам шығар. Солардың басқан iзiн, тұрағын қадағалау үшiн миллиондаған адамды әбiгерге салу – ақымақтық. Ал пәтерiн, үйiн жалға берушiлерден салық төлеттiрудiң басқа жолын тапса қайтедi? Тиiстi орындағылар өз қызметiн дұрыс атқарса, бұл мәселе де шешiлер едi.
– “Тұрғындардың көшi-қоны ту¬ралы” заңына енген өзгерiстер мен түзетулердi қолдамаймын. Қазақстанның кез келген жерiнде тұрақты тiркеуде тұрған азамат ел аумағында емiн-еркiн жүруге құқылы. Еш жерде тiркеуде тұрмаған азаматтар болса, мұндай талапты соларға ғана қою керек. Ал тiркеуде тұрғандарды бүйтiп әуре-сарсаңға салудың еш жөнi жоқ, – дейдi астаналық заңгер Ержан Тiлеулес. – Билiк бүйтiп жөн-жосықсыз қолдан машақат жасағанша, қайта iрi қалалардың, облыс орталықтарының маңындағы ауылдардың, саяжайлардың инфрақұрылымын жөндеп-жетiлдiрiп, сол елдi мекен халықтарының тiркеуге тұруына жағдай жасауы тиiс. Бiздiң елiмiзде әлi күнге дейiн мекенжайы жоқ ауылдар толып жатыр. Үкiмет реттегiш болса, әуелi соларды жөнге келтiрсiн, – дейдi заңгер.
– Өткен демалыс күндерi Астанада 2400 адам уақытша тiр¬кеуге тұрыпты. Әр адам 227 теңгеден төлеген күннiң өзiнде екi күнде бюджетке 544 800 теңге түскен. Пәтер жалдаушылар арасында мекенжайын жиi өзгертетiндер көптеп кездеседi. Олар ауысқан сайын 227 теңгеден төлейтiн болса, бұл – шынында да ақша жасау¬дың амалы. Бiздiң үкiметтiң қоғамдағы кез келген әлеуметтiк мәсе¬ленi халық есебiнен шешкiсi келiп тұратын бiр жаман ғадетi бар. Бұл жолы да сондай жымысқы әрекетке барды. Естерiңiзде ме, осыдан 3-4 жыл бұрын “дәулеттi адамдардың артық-ауыс байлығына салық салу керек” деген мәселе көтерiл¬генде, осы депутаттар үдере қарсы тұрып едi. Бай-бағланның мүддесiн қорғауға келгенде ептi, ал қарапайым халықтың мойнына салық салудан басқа амал таппайтын парламенттiң парықсыз пиғылы жүйкеге тиедi. Қараңызшы, қалаға кiмдер келедi? Жұмыссыз қазақ келедi. Алматының “жетiм бұрышын” жағалап жүргендер кiмдер? Тағы да өзiмiздiң қаракөздер. Демек, мұны қазақтың басына түскен зауал деуден басқа шара жоқ. Қазақты қаладан қуудың амалы сияқ¬ты, – деген пiкiрдi “Жас Алашқа” Ақтаудан қоңырау шалған Мәрзия Серғалиқызы бiлдiрдi.

8 қаңтар күнi Қазақстандағы ресми билiктi азаматтардың уақытша мекенжайы бойынша тiркеуге мiндеттейтiн заң талабын жоюға шақырған петицияны жариялаған Avaaz.org сайтына кiру шектелдi. Сайтта жарияланған петицияның авторлары тұрғындардың бiр айдан астам уақытқа сапарлап бар¬ған жерiнде 10 күн мерзiм iшiнде уақытша тiркеуге тұруды мiндет¬тейтiн заң талабын жоюға шақырады. “Бiз бұл заңның аталған нормасы азаматтардың жүрiп-тұру еркiндiгiн шектейдi деп санаймыз” делiнген наразылық хатында. Оған қол қойғандардың пiкiрiнше, тiркеуге мiндеттеу – Қазақстан мақұлдаған БҰҰ-ның Азаматтық және саяси құқықтар жөнiндегi халық¬аралық пактiнi бұзады. Avaaz.org сайтының қазақстандық қолданушыларға арналған петиция жарияланған парақшасының ашылмай қалғаны туралы 8 қаңтар күнi кешке хабарлана бастаған. Ал бүгiн Қазақстанда secure.avaaz.org сайтына қазақстандық барлық тұтынушы кiре алмай отыр. Петицияға қол қойғандар саны 7,5 мыңнан асады.
Айтпақшы, “Азаттық” сайты оқырмандар арасында “Тұрғылықты жерге тiркелу туралы талапқа қалай қарайсыз?” деген сауалнама жүргiзiп жатыр. Әзiрше “қолдаймын” дегендердiң көрсеткiшi – 7 пайыз, қолдамайтындар – 85 па¬йыз, тiркеуге тұратын үйiм жоқ деушiлердiң легi – 7 пайыз. Осының өзi-ақ “Тұрғындардың көшi-қоны туралы” заңына енгiзiлген түзетулердiң пәтуасыз екенiн анық көрсеткендей. Бұдан кейiн билiк қандай уәж айтар екен?
 

Гүлзат НҰРМОЛДАҚЫЗЫ
 

« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (9)
saqaldy | 10 қаңтар 2017 16:59
Халыктын есебiнен бюджеттiн жыртыгын жамаудын амалы. Оздерi бюджеттi талан таражга салып бiтiрдi.
мен | 11 қаңтар 2017 08:52
Бас қалаларымыз Алматы мен Астанаға, облыс орталықтарына ағылған жастар ауылда жумыс жоқ болған соң көбеиуде, ауылда шал мен кемпирдің пенсиясына қарап отыра бере ме. Сондықтан өндіріс көздерін ашып , өнім шығармай еліміз дұрыс болмайды.
Үлкен қалаларда өзін-өзі асырау үшін халық тозып жүр ғой.
Жоғарыдағылар оны білмейді, себебі өзінің қарны тоқ, балалары бейпіл өмір сүруде.
Қасым Тельбаев | 11 қаңтар 2017 15:26
Бюджетке ақша түсіру керек болса пенсия алып, әрі жұмыс істеп отырғандар жұмыс істегісі келсе 100 жасқа дейін жұмыс істесін, бірақ пенсия алмасын. Сонада жұмыссыздарда азаяды .Қаншама жастар жұмыссыз. Көптеген пенсия алатындар жұмыстан кетпейді, жастарды жұмыс істеуге қалай үйретеміз. Парламентке білімді, заңды жаза алатын, талдай алатын депутаттарды ғана сайлау керек. Депутаттар саны аз, сапалы болған дұрыс. Үкіметке не халыққа пайдасы жоқ депутатқа жалақы төлеудің қандай қажеттілігі бар.
Қасым Тельбаев | 11 қаңтар 2017 15:30
Салық алатын мекемелер адал жұмыс істесе де мемлекет қаржысы көбейер еді.
кут | 11 қаңтар 2017 18:11
кор болдын сорлы казах
Мен | 11 қаңтар 2017 18:47
Мақала өте дұрыс жазылған. Пәтерді арзан бағаға қымбат ипотекамен алынған соң беріп отырмыз. Өз ақшамызды қосып банкке кредит төлейміз. Өзіміз арзан пәтерде суды тасып, отын жағып тұрып жатырмыз. Күн санап, дұрысы сағат санап қашан кредитті жауып бітірер екенбіз дегенде мынадай пәле шығып отыр. Халықтың жағдайын жасау болар ма екен бізде?
Mika | 11 қаңтар 2017 19:18
мұнын бәрі мұрттың жұмысы... қазақтарды әбден құл қып тастағанды өзіне мақсат ретінде қойған сияқты өзі...
Оқырман | 12 қаңтар 2017 01:14
Тақырыптың айтуы дұрыс болса, кім болсада жоғарыда біреу бұны әдейі істеп отыр, өйткеі қазақтар қалада жетіскендіктерінең тентіреп жұмыс жасап жүрген жоқ, бұны ақымақ қана түсінбес, негізі біреулер жылқы мінезді қазақтың шабына қайта қайта түртіп ойнап жүр
Қызылордалық Балталы Төлеген | 12 қаңтар 2017 12:00
Ешқандай жұмыс орны жоқ, не кәсіп жасарын білмей, күн көрісінің өзі уайымға түскен ауылда сансырап жүрген ҚАЗАҚТЫ орталық жерлерге жолатпаудың төте жолы. Енді ешкімді ешкім аудан,облыс, Астана, Алматы қалаларына тіркеуге қоймайды. Тіркеуге қойса "бұл туысым немесе танысым, пәтер ақы алмаймын "дегеніңе сенбей" пәтер ақысынан налогыңды төле ""пәтершіңді тексеремін" деп дікеңдейтін органдар жетерлік. Бұл "өлімтік шалдың сарабдал саясатына, кемеңгерлігіне "наразы ҚАЗАҚТЫ "құм жесе" де ауылдан шығармау
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті
Осы тараудағы мақалалар