1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Баян-Өлгийдегі қазақ отбасын Қазақстанда шығатын мерзімді басылыммен қамтамасыз ету, Ұланбатыр маңайына қазақ теледидарын қосып беру, меніңше, Қазақстанның қолынан келеді. Тіпті, өзге емес, түріктердің өзі Күлтегін мен Білге қағанға арнап керемет Орхон музейін салыпты. Бізді қатты таңқалдырды. Бірақ, біздің шеттегі қазақ диаспорасына көмектесуге ынтамыз аз.
Автор: Дос Көшім, «Ұлт тағдыры» қоғамдық ұйымының жетекшісі
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №3 (16189)   12 қаңтар, бейсенбі 2017
12 қаңтар 2017
Маңғыстаулық 400 мұнайшы бiр апта бойы нәр татпады

Биылғы жыл маңғыстаулықтар үшiн жайсыз басталды. “Маңғыстаумұнайгаз” компаниясына қызмет көрсететiн Oil Constraction Company (ОСС) компаниясының 400-ге жуық мұнайшысы қаңтардың 5-iнен берi аштық жариялап жатыр. Олар өздерi құрамына кiрген Қазақстан Республикалық тәуелсiз кәсiподақтар конфедерациясын тiркеудi талап еттi. Қаңтардың 5-iнен берi нәр сызбаған мұнайшылардың арасында асқазан жарасы, жүрек, қан тамырлары ауруы сырқатына шалдыққандар жетерлiк. Бiр апта iшiнде олардың бiрсыпырасының басы айналып, жүректерi айнып, құлай бастады. Бiрақ сонда да оларға “бұларың не, сендерге не керек, қалай көмектесе аламыз?” деген жан табылмады.

Қаңтардың 9-ы күнi 34 жастағы Руслан Әбуовке жедел жәрдем көмегi керек болды. Келген кезекшi дәрiгер Сәуле Сәуменова оның ағзасында сусызданудың басталғанын ескертiп, ауруханаға алып кету керектiгiн айтты. Алайда Руслан барудан бас тартты. “Мен жалғыз емеспiн, осы жерде елiм тұр. Қаншама адам тұр. Неге басшылар қарамайды? Мен бармаймын ешқайда” дедi әзер сөйлеп жатқан жас жiгiт.
Жағдайы нашарлаған жалғыз Руслан емес. Олжас Бөлеубаевтың, Тыныштық Сүтеновтiң, Нұрпейiс Ишмановтың, Ғабит Жұмағұловтың да денсаулықтары сыр бердi. Бiрi жүрегiн, екiншiсi асқазанын ұстап жатқан жiгiттер талап бiреу дейдi “Қазақстан Республикалық тәуелсiз кәсiподақтар конфедерациясын тiркеп, тәуелсiз кәсiподақтың жұмыс iстеуiне мүмкiндiк берсiн!”.
Талай күрестiң жолынан өткен мұнайшылар бүгiнде заңсыз талап қоятын сауатсыз тобыр емес. Олар тек Қазақстан заңдарын ғана емес, елiмiз ратификациялаған өзге заңдарды да терең бiлетiн жоғары сауатты жұмысшы табының өкiлдерiне айналған. Өздерiнiң талаптарының заңдылығына сол заңдарға сiлтеме жасай баяндаған ОСС электроқұрастырушысы Құспан Қосшағұлов былай дейдi: – Бiздiң конституциялық құқымыз бар. Халықаралық ұйымның мүшесi болса, Қазақстан Республикасы, үкiмет сол ратификацияланған баптарды орындауға мiндеттi. Тәуелсiз кәiподақты құруға жұмысшылардың құқы бар, сол құқымызды аяқ асты қылмасын. Бiздiң кәсiподағымызды тiркесiн. Бiздiң жалғыз талабымыз сол. Соны үкiмет қолдасын, ашып берсiн қайтадан.Мүмкiндiк берсiн жұмыс жасауға. Басқа талабымыз жоқ.
Қазақстанда кәсiподақ ұйымдары да, республикалық федерация, оның Маңғыстауда филиалы да бар. Бiрақ оларға мұнайшылар сенiм артпайды. ОСС құрастырушысы Бейбiт Көшбаев оның себебiн жұмыс берушi мен жұмысшы арасының алшақтығынан дейдi.
– Бiздiң тәуелсiз кәсiподағымыз – сол жұмыс берушiмен арадағы алтын көпiрiмiз. Сол алтын көпiр үстiмен жұмыс берушiге талаптарымызды айтамыз. Ал тәуелсiз кәсiподақтар конфедерациясы – сол көпiрдiң тiрегi. Оны тiркемесе, бiздiң талабымыз жұмыс берушiге жетпейдi. Сондықтан бiз оны тiркеудi, жұмыс iстеуге мүмкiндiк берудi талап етемiз, – дейдi Бейбiт Көшбаев.
Тағы бiр тәжiрибелi мұнайшы Рашид Бердiбаев үкiметке “орындаймыз деп жай уәде берiп, алдаусыратудан мұнайшылар аштығын доғара салмайтынын” да ескертедi.
– Бұл жерде тарап кетейiн деп жатқан ешкiм жоқ. Сол бiр сұрақтың жауабын бәрiмiз де күтiп отырмыз. Осы отырғандардың бәрi кәсiподақ мүшелерi демалыста жатқан. Оны жартылай сөз берiп, “шешермiз, сендер демалыстарыңды жалғастырыңыздар” дегенмен, бұл жерден тұрып кетiп, ары қарай алданып қалғысы келмейдi ешкiмнiң, – деп түйiндедi ол мұнайшылар талабын.
Айта кету керек, мұнайшылар бұл талапты былтырғы жылдың соңында қойып, жергiлiктi Ақтау қалалық әкiмдiгiне желтоқсанның 23-iнде талаптары орындалмаса, 5 қаңтардан аштық жариялайтындары туралы арыз тапсырып, ескерткен болатын. Ал қаңтардың 4-i күнi Оңтүстiк Қазақстан облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының Республикалық тәуелсiз кәсiподақтар конфедерациясын жабу туралы шешiмi тұтанғалы тұрған отқа тамыздық болды. Алдымен Ақтаудағы ОСС компаниясының кәсiподақтар ұйымы орналасқан кеңсеге жиналған кезектi вахталық ауысымнан демалысқа шыққан мұнайшылардың бiр бөлiгi ас iшуден бас тартты. Кейiн олардың қатарын Жетiбай мен Қаламқас кенiшiнiнде жұмыс iстеп жүргендер толықтырды.

АҚТАУ ӘКIМДIГIНДЕГI ДҮРБЕЛЕҢ
Аштық жариялағандар қатары күннен-күнге жаңа арыздармен толыға түстi. Бұл жергiлiктi билiктiң берекесiн алып, олар аштық жариялау туралы жаңа арыздарды үлкен қиындықпен қабылдап жатыр. Сондай үлкен дау- дамайдың бiрi Ақтауда 5 қаңтарда болды. Мерекеден кейiнгi алғашқы күнi Ақтау әкiмдiгiнiң арыз қабылдау бөлмесiне жинаған мұнайшылар легiн көрген әкiмдiк қызметкерлерi арыз-шағым қабылдау терезелерiн жауып, оны қабылдаудан бас тартты.Тек мұнайшылардың қатты наразылығынан соң ғана шағым қабылдау залына келген Ақтау қаласы әкiмiнiң орынбасары Қуаныш Берiшбаев “олардың талаптарының заңсыздығы туралы” Ақтау қаласы әкiмi Серiк Тұрымовтың әлдебiр шешiмiн оқып бердi. Оны тыңдаудан бас тартқан мұнайшылар дереу арыздарын қабылдауды талап еттi.
– Егер бюджетте отырған органдар жұмыс жасамайтын болса, оларға не үшiн салық төлеймiз? Органдар ең алдымен халықтан тұрады, мекемеден тұрмайды. Өз жұмысын атқармайтын бұл мекеменiң бiзге қажетi бар ма? – деп сауал тастады ОСС кәсiподақ ұйымы төрағасы Әмин Елеусiнов.

ЕРЕЖЕ ТҮСIНIКСIЗ, ҮКIМЕТ ҮНСIЗ
Әзiрге Ақорда ләм-мим демейдi. Бiрақ ОСС компаниясы бастығы мiндетiн уақытша атқарушы Дүйсен Атшыбаев компаниядағы кәсiподақ ұйымдарына 7 қаңтарда хат жолдап, компаниядағы вахталық әдiс туралы жаңа ереженiң қабылданғанын мәлiмдеген. Бұл ереженiң “ҚазМұнайгаз” ұлттық компаниясы шешiмiне сай шығарылғанын әрi бұл әр жұмысшы орындауға тиiстi жұмыс берушi актiсi болып табылатынын ескерткен Атшыбаев жұмысшылардың дереу тамақ iшуiн талап еткен. Алайда бұл ережемен мұнайшылар мүлде келiспейдi. Олардың сөзiнше мұнайшыға қатысты кез келген шешiмдi жұмыс берушi кәсiподақпен бiрге шығаруы тиiс.
– Егер ол жұмысшыларға қатысты ереже болса, ол кәсiподақпен келiсiлуi керек. Себебi оны кәсiподақтан жұмысшылар сұрайды. Арада түсiнбеушiлiк болмау үшiн ол екi жақты жасалуы керек. Өкiнiшке қарай, ереже деп хабарланғанымен, ол екi жақты жасалмаған, – дейдi Әмин Елеусiнов.
Ол бұл келiсiлмеген ережеге қоса жұмыс берушiнiң тағы бiр бұйрық шығарғанын да айтты. Оның сөзiнше бұның бәрi жұмысшыларды арандату үшiн жасалып отырған әрекеттер.
– Бұл мекемеде дүрбелең туғызып, жұмысшыларды түсiнбестiкке итермелеу үшiн жасалған әрекеттер деп есептеймiн. Ол кiмге керек қозғалыс, мен оны түсiнiп отырған жоқпын, – деп күрсiнедi Әмин Елеусiнов.
Сонымен, әзiрге маңғыстаулық мұнайшылар өз талаптарымен өздерi әуре. Оларды бiрсыпыра кәсiподақ ұйымдары да қолдаған. Құқықтарын талап еткендердiң даусы Астанаға, Ақордаға жете ме, жетпей ме оны ешкiм бiлмейдi. Ал аштық ойыншық емес. Оның артында адам тағдыры тұр. Аймақтағы экологиялық ахуал мен ауыр еңбек жағдайын ескерсек, бұл мұнайшылар денсаулығына аз зардабын тигiзбейдi. Егер мемлекеттiң басты байлығы шынымен адам болса, бұл мәселе үкiмет назарынан тыс қалмауы тиiс.

Сәния ТОЙКЕН

« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (10)
saqaldy | 12 қаңтар 2017 21:08
Арты жаксы болсын?
Батыс | 13 қаңтар 2017 00:08
Казмунайгазды сату керек сонда кулак тып тыныш болады
Қызылордалық Балталы Төлеген | 13 қаңтар 2017 12:40
Басқарушы биліктің байлықты Қытайға сатып, елдегі кен байлығына ҚАЗАҚТЫҢ ие еместігін. Сондықтан осындай бишаралықтың бола беретіндігін. ҚАЗАҚҚА жаны ашымас қожайындардың ақша төлемес үшін "әлемдік кризис" дегенді сылтауратып арсыздық құйтырқылығын соза беретіндігін, сондықтан ЕҢ ҮЛКЕН БИЛІККЕ "КЕТ" деп ауысуын талап етсеңдер.. мүмкін басқа аймақтар үлгі алуы.. Үлгі алмағанның өзінде талаптарыңыз орындалады! Бірақ ҚАЗАҚТЫҢ "қаншеңгелі" қарақан басы үшін ештеңеден аянбайтынын ескеріңіздер!
Манап | 13 қаңтар 2017 19:34
Естімей қалмасын, Жоғарыды кілең кереңдер отыр.
Есенғали, Антакиядан | 14 қаңтар 2017 17:23
Арты жаксы болсын?

"Көреген" һәм "кемеңгер" көсекеңе жұмысшы табы ошшым керек емес !
Қазақстанда жұмысшы табы жоқ болса, ұйқысы тыныш болады. Өз талабын
заңды түрде талап ете алатын саналы жұмысшы табы көсекең үшін - үлкен
бас ауру. Оған керегі - "өз күнін өзі көріп", ала дорба арқалап тентіреген тобыр.
"Осы Қазақстанда зауыт-фәбриктер неге жоқ ?" деп өзіне сұрақ қойған қазақ
бар ма ? !
Бізде апта сайын той,ай сайын саммит-форум-сиез-ЕХРО-универсиада, 1 жылда
120 күн демалатын қаза
Есенғали, Антакиядан | 14 қаңтар 2017 17:28
1 жылда 120 күн демалатын әлемде қазақтан басқа ұлт жоқ !
120 күн той тойлап, күнарадан мас болып жүрген қазақ саясатқа араласпайды.
Қарны тойса, "құрбанайт" деп жүре береді.
Ел тоналып жатыр ма, жер сатылып жатыр ма, оны ойламайтын алқаш тобыр
керек, көсекеңе.
мен | 14 қаңтар 2017 19:37
Осының арты Жанаөзендегідей болып кетпесе екен.
Биліктегілер НАН нан аса алмай тиыш отыр.
Қазақ халқы сендермен бірге жұмысшым.
Халқымды түсінетін күн туар ма екен.
русс | 14 қаңтар 2017 22:59
еститін құлақ болса игі,,,, бізде бәрі саңырау ғой,,,
Баке | 15 қаңтар 2017 17:38
Саналарына конбайды екен осы билiктегилердин. Санасыздардын да кетер кунi алыс емес деп ойлаймын.
иван | 13 ақпан 2017 12:58
МУНАИШЫЛАРды ел болып қолдауымыз керек. Құқық қорғау қызметкерлері халықтың құқын қорғайтын уақыттарың келді. Ата заңымыз бойынша қызмет қылың.
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті
Осы тараудағы мақалалар