1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
«Қазақ» деген мемлекет болмаған, «қазақта шекара болмаған» деген сыңар-езу дүниелер біз үшін өте-мөте қиын мәселе болып отыр. Бұл – сан ғасырлық тарихы бар халық үшін өте ауыр жала. Еліміз, жеріміз, шекарамыз болмаса, бұл жерге қайдан келдік? Бізге ұлан-ғайыр бұл даланы кім әкеліп берді? Бұл жердің өз иесі бар, аумағы бар. Оның иесі – қазақ.
Автор: Бекболат ТІЛЕУХАН
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №3 (16189)   12 қаңтар, бейсенбі 2017
12 қаңтар 2017
Наразы жұмысшы кран басына шықты

Қаламқас кенiшiндегi аштық жариялай жүрiп жұмыс iстеп жүрген мұнайшылардың бiрi қаңтардың 11-iнен берi талаптарына назар аударту үшiн таңғы 6-дан кран басында отыр. Ол “Қазақстан Республикасының тәуелсiз кәсiподақтар конфедерациясын тiркеудi және оның төрайымы Лариса Харьковаға қылмыстық қудалауды тоқтатуды” талап етiп жатыр.
Қаламқас – үлесi 50 пайыздан бөлiнген қытайлық CNPC пен ұлттық Қазмұнайгазға тиесiлi кенiш. Оны Маңғыстаумұнайгаз игерiп жатыр. ОСС – осы Маңғыстаумұнайгазға жөндеу, құрылыс жұмыстарын көрсететiн мердiгер компания.
Қаламқас кенiшi басындағы мұнайшының бiрi Асентайдың “Жас Алашқа” айтуынша, апта бойы нәр татпаған Мейрамбек Қуантаев психологиялық әлсiреуге де ұшыраған.
– БАҚ өкiлдерiне жағдайын, талаптарын айтып, оны үкiметке жеткiзгенше краннан түспей отыр, – дейдi ол.
Кенiштi айнала полиция, өрт сөндiрушiлер бақылауға алған.
“Жас Алаш” тiлшiсi ауыр жұмыс жасай жүрiп, аштық жариялаған өндiрiс басындағы мұнайшылар жағдайын көзiмен көруге талпынған едi. Алайда ОСС директоры мiндетiн атқарушы Дүйсен Атшыбаев “бастықтардан (“Маңғыстаумұнайгаздан – авт) рұқсат сұрауы керектiгiн айтып, бас тартты.
Ал “Маңғыстаумұнайгаз” компаниясының бас директоры Бақыт Иманбаев қалада жоқ, оның адам ресурстары мен әлеуметтiк мәселелер жөнiндегi департаментi бастығы Рафаель Сәтенов бұл мәселеге өзiнiң қатысы жоқтығын айтты.

Сәния ТОЙКЕН,
Маңғыстау облысы

« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті