1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Циничное, жестокое, отвратительное,  преступление: убийство Алтынбека Сарсенбаева – человека, который был последние годы моим политическим оппонентом. С ним вместе убиты его помощники. Председатель КНБ генерал Дутбаев сразу же излагает главе государства свою версию: за преступлением стоит кто-то из членов семьи президента – либо Рахат Алиев, либо Тимур Кулибаев, либо Кайрат Сатыбалды.
"Караван" №10, 10.03.2006
Автор: Дарига Назарбаева
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №17 (16203)   28 ақпан, сейсенбі 2017
28 ақпан 2017
Тамара Дүйсенова тапсырманы жүре тыңдапты

ТҮРКІСТАНДАҒЫ ҚҰРТ АУРУЫ ДАУЫНА ҚҰҚЫҚ ҚОРҒАУ ОРГАНДАРЫ ДА КІРІСТІ
Түркістандағы №4 арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығындағы науқастардың құрт ауруына шалдығу оқиғасынан кейін Оңтүстік Қазақстан облысындағы арнайы мекемелердегі ауруларды жаппай тексеру жұмыстары басталды. Өткен аптада Шымкентте брифинг өткізген Денсаулық сақтау вице-министрі Цой Алексей, облыс әкімінің орынбасары Ербол Садыр, Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің төрағасы Жандарбек Бекшин жоғарыда аталған мекемедегі 502 науқастың 61-інен құрт дерті анықталғанын, үш науқастың қайтыс болғанын мәлім еткен еді. Соңғы мәліметтер бойынша туберкулезді жұқтырғандардың саны 65-ке жеткен. Мұнымен де тоқтамайтын түрі бар. Апта басында Оңтүстік Қазақстан облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Мұқан Егізбаев өз тараптарынан атқарылып жатқан жұмыстарды журналистерге баян етті.
Түркістандағы әлеуметтік қызмет көрсету орталығындағы науқастардың адам аярлық жағдайы былтыр әлеуметтік желіде, ақпарат құралдарында жарияланған болатын. Оған дейін есімі көпшілікке таныс болып үлгерген Маржан Тұрлыбай «Ақыл-есім дұрыс болса да, осы мекемеде мәжбүрлі түрде емделіп жатырмын» деп шырыл қаққаны да баспасөз бетінде айтылды. Дау-дамай үдеп бара жатқан соң сол кездегі вице-премьер Иманғали Тасмағамбетовтің тапсырмасымен Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінен комиссия құрылып, тексеру жұмыстарын бастаған. Тексерудің қорытындысы былтыр қарашада облыстық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшылары өткізген брифингте жария етілді. Басшылар «мекемеде науқастар дұрыс тамақтанбайды, туберкулездің ашық түрімен ауыратындар басқа науқастармен бірге жатады» деген деректердің расталмағанын мәлімдегені есімізде қалыпты. Арада міне, үш ай өтісімен осы мекемеден науқастардың жаппай құрт дертіне шалдыққаны анықталып отыр. Сонда Тасмағамбетов берген тапсырмаға Тамара Дүйсенова басқаратын министрліктен келген комиссия кемшіліктерге көз жұма қараған ба, жүре тыңдаған ба?
«Жас Алаш» газетінің сауалына Мұқан Егізбаев:
– Комиссия келіп тексергені рас. Бірақ тексеру түбіне дейін жетпеген,-деп қысқа қайырды. Егізбаевтың сөзді қысқа қайырып мән-жайды неге нақты айтпай отырғанын да түсінуге болады. Өйткені Түркістандағы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы денсаулық сақтау басқармасына бағынышты мекеме емес. Тіпті осындағы науқастардың денсаулығына жауапты 12 штаттан тұратын дәрігерлерге де құзырлары жүрмейді. Жабық мекеме болғандықтан мұнда кірудің өзі де заңмен шектелген. Дегенмен басқарма тарапынан жүргізілген тексерудің нәтижесінде қазіргі уақытта Түркістандағы медициналық мекемелердің басшылары, қатардағы дәрігерлер жұмыстан кеткен және қызметінен төмендетілген.
Алайда бұл аурудың өршуіне тікелей кінәлілер осылар деген сөз емес. Тікелей кінәлілер туралы әңгіме әлі алда. Егізбаевтың айтуынша, басында құрт дерті жеті науқастан анықталған. Бұл факті денсаулық сақтау басқармасы тарапынан жүргізілген профилактикалық тексеру кезінде белгілі болған. Басқарма Денсаулық сақтау министріне, облыс әкіміне, прокуратураға хат жазып, арнайы штаб құрылған. Аурулардың саны көбейген соң оларды оқшаулау үшін Сарыағаштағы туберкулезге қарсы диспансеріне ауыстырылған. Қазіргі уақытта 65 науқастың бірнешеуі Сайрамдағы туберкулезге қарсы диспансеріне, облыстық психоневрологиялық диспансеріне және облыстық туберкулезге қарсы диспансеріне жатқызылған. Қалған 56 науқас Арыс қаласындағы туберкулезге қарсы мекемесінде тиісті емін қабылдап жатыр.
Ал Сарыағаштағы туберкулезге қарсы диспансерінің ғимаратына қазіргі уақытта Түркістандағы әлеуметтік орталықтан тағы 75 науқас жеткізілген. Алайда бұларды құрт дертімен науақстанған деп айтуға болмайды. Олар тек иммунитеті әлсіреген, осы дертпен науқастану қаупі жоғары, медицинаның тілімен айтқанда «нольдік топқа» жататын азаматтар. Олардың барлығы дәрігерлердің қатаң бақылауына алынған.
Түркістандағы жағдайдан кейін денсаулық сақтау басқармасы жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына қарасты 6 арнайы мекемелердегі науқастарды да құрт дертіне тексеруден өткізген. Нәтижесінде Төле би ауданындағы психоневрологиялық мекемесіндегі 7, Шымкенттен 2 науқастың туберкулезбен ауыратыны анықталыпты. Енді облыс әкімінің тапсырмасымен білім басқармасына қарайтын тіл, көз кемістігі бар балалар тәрбиеленіп жатқан 22 мекемені тексеру басталмақ.
Жалпы, Оңтүстікте қауіпті аурулардың жаппай өршуі бұған дейін де кездескен. Оңтүстікқазақстандық сәбилердің жаппай ВИЧ дертіне шалдығуын айтпағанда, осыдан 5-6 жыл бұрын өңірде қырым қанды безгегі бірнеше науқастың өмірін қыршын кетірді. Қайтыс болғандардың арасында науқастың өмірі үшін арпалысқан дәрігерлер де болған. Кем-кетік осы оқиғалардан кейін жөнделді. Кенеге қарсы дәрілеу шараларына бұған дейін бюджеттен бір тиын бөлінбей келгені де осы кезде айтылған. Адам өліп жатқан соң құзырлы органдар қойсын ба, өз қызметіне салғырт қараған біраз ақ халаттылар сотталды. Мына жағдайдан кейін не боларын алдын ала айту қиын. Бірақ бір белгілісі, прокуратура алғаш жеті ауру анықталған кезден-ақ тексеру жұмыстарын бастап кеткен.


Бақытжан ӘБДІРАШҰЛЫ,
Оңтүстік Қазақстан облысы

« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (1)
марат | 28 ақпан 2017 13:50
жансеит түимебаев не қарап жүр сонда немесе елбасыны мақтаудан қолы тіимеи жүрме екен? қарамағында не болып жатқанын білмеи
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті
Осы тараудағы мақалалар