1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Шешенстандағы қираған халыққа қол ұшын созған біздің ағайындар. Грозныйдың төріндегі көпқабатты зәулім үйдің құрылысына қаржыны да берген қазақтар. Сол үшін де Рамзан Қадыровтың қолынан алғас алған Иманғали Тасмағанбетовтің күйеу баласы Кеңес Рақышев. Дәл сол марапаттау кезінде ақкөңіл, дархан қазақ жігіті шешенстанның «Терек» футбол клубына автобус, өзінің астында мініп жүрген ұшағын сыйлап және Грозныйдағы аурухананың құрылысын толық көтеретінін айта кетті. Бұл қайдан тасыған байлық, қай көңілден кеткен кеңшілік екенін біле алмадық.
Автор: alaman.kz, 19.06.2010 ж.
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №20 (16206)   10 наурыз, жұма 2017
10 наурыз 2017
Бас мұғалімге дауа жоқ

Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев наурыздың 9-ы күні Астанада өткен баспасөз мәслихатында қоғам белсендісі Мұхтар Тайжан мен саясаттанушы Айдос Сарымды «төмен түсіріп» тастады. Бас мұғалімді «қазақ халқына және қазақ тіліне қарсы шықты» деп әлеуметтік желіде айыптаған М.Тайжан мен А.Сарымның «министр отставкаға кетсін» деген талаптарына Е.Сағадиев: «Ол кісілердің мұндай мәлімдемелерімен таныс емеспін. Ондай сөздер айтылған болса, мен өзімнің жауабымды беретін де шығармын. Бірақ олар мұндай мәселені көтере алатын адамдар қатарынан емес», – деп шықты.
Министрдің бұл сөзіне қарасақ, Білім министрлігі мен білім саласы туралы өзі таңдаған «қатардағы адамдар ғана» пікір айтуы тиіс сияқты. Ұлт тағдырын шешетін білім саласына жанашыр азаматтардың аузына қақпақ қоюға дайын отырғандай. Халықтың миын ашытқан реформаның мәнін түсіндіру үшін Ерлан Сағадиев министр басымен көпшілік алдына «жекпе-жекке» шығуға дайын емес екен.
«Бекболат Тілеуxан (депутат) баспасөз бетінде неге түсейік (білім саласындағы өзгерістерге қатысты пікірсайысқа – ред.) деп жатыр. Менің ойымша, ол дұрыс емес. Біз оны оқулық жөніндегі комиссияға шақырдық. Онда 11 депутат жазылған, солардың қатарында бар. Ол маған келіп, бірге бір шығып, сонда не, баспасөз бетінде бастайық десе, енді мен қарсы емеспін. Бірақ, мен, бұл үкіметтің жұмысы емес», – деді Е.Сағадиев.
Қош! Бас мұғалімге қоғамдық белсенді, саясаттанушы, депутаттың бәрі бірдей партада үндемей тыныш отыратын оқушыдай болуы керек екен. Артық сұрақ қоймаулары қажет. Сұрақ қойса, толық жауап қатпайтын әдеті де бар екен.
Мәселен, Астанадағы баспасөз мәслихатында 31-арнаның тілшісі Гүлбану Әниятқызы Ерлан Сағадиевтің қатесін теріп, мынандай сұрақ қойды: «Өткенде Facebook арқылы видеожауап жасадыңыз. Сол жерде сіздің алғашқы бес сөйлеміңізден үш қате кетті. «Ақпарат желісінде» дегенді «ақпарат желінде» дедіңіз. «Білім министрлігі» дегенді «министерлігі» дедіңіз, «тапсырма берген емеспін» дегенді «ондай тапсырма мен берілген емеспін» дедіңіз. Өткенде үкімет сағатында депутаттарға «қарамайсыңдар ма?» деп сыпайылық жалғауын ұмытып кеткеніңіз де есімізде. ...Егер министрлердің өздері үш тілді еркін меңгермесе, онда үш миллион оқушы үш тілді меңгеріп кетеді дегенге сенесіз бе? Бұл утопия емес пе?»
Аты дардай министр тілші тізіп берген қателері туралы тіс жармады. Сірә, академиктің баласына, АҚШ асып білім алып, қос дипломды жан қалтасына салған министрдің қатесін түзеу қатардағы тілшінің шаруасы емес десе керек.
Жалпы, Е.Сағадиевтің қоғам белсенділері мен білім жанашырларына қатысты айтқан ойлары Алматыдағы феминистерді аялаған полицияның әрекетімен сәйкесіп тұр.
Наурыздың 8-і күні Алматының қақ ортасында бір топ қыз-келіншек «Еркектен қорыққым келмейді», «Әйелдер ешкімге ештеңе міндетті емес» деп ұрандап шыққан болатын. Әйел кез келген жерде еркекпен тең болсын дейтін, нәзіктікті қаламайтын феминистерді құшақтап бас салып, жерге жығып умаждап, аяқтарынан дырылдатып сүйреген, қолдарын қайырып жандарын шығарған полицейлер, шараға шығушыларды аямай айыппұлға жыққан сот болмады. Қызық, жер реформасын халық пайдасына бұрғаны үшін сотталып кеткен Макс Бокаев пен Талғат Аянға қолдау білдіріп бір адам көшеге шықса, оны он полиция жабылып ұстайды. Жерді жалға беру ісіне наразылығын білдірген жұртты күштік құрылым қуалап қамайды. «Саяси әрекеті үшін қамауға алынды» делінген тәуелсіз журналист, танымал белсенді Жанболат Мамайға қатысты шараны бейнетаспаға түсіруге талпынған блогерді он бес тәулікке отырғызып тастайды. Саяси, әлеуметтік, құқықтық әділет пен шындық іздеушіге шеру, митинг, шара өткізуге рұқсат берілмейді. Ал рұқсатсыз шыққандарды аямайды. Бірақ бұл қудалау мен қысым «Әйелдер ешкімге ештеңе міндетті емес» дейтін феминистерге жүрмей қалады. Сірә, қазіргі саяси биліктің көңіліне жерді, ұлтты, мемлекетті, тілді, дінді қорғайық дейтіндерден гөрі «өз шұлығыңды өзің жу», «босанатын сен емес», «қыздардың досы – қыздар» деп шырқайтын феминистер ғана жағып тұрғандай. Ақорданың осы ыңғайына бас мұғалім Ерлан Сағадиев те жалп ете жығылып, «мәселе көтере алатын адамдар қатарын» жасақтап жатқан түрі болса керек! Әйтпесе ақылы бар басшы қоғам алдындағы пікірден қаша ма? Қайта көпшіліктің ортасына түсіп, ойы мен сөзін дәлелдеп жеткізбей ме?! Үкімет мүшесінің жұмысы атшаптырым кеңседегі қайыс креслоға жамбасты желімдеп, тығылып отырып «қатардағы адамның» қабағын бағу емес қой!
Жасұлан Ақкер

« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (8)
Мерген | 10 наурыз 2017 17:05
Осы "бас мұғалім" дегенді қашан қоясыңдар. Министрді министр, әкімді әкім, депутатты депутат деу керек қой. Қайдағы бас мұғалім. Бас мұғалім деген атқа лайық бір адам болса, ол - ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынов.
Төре | 10 наурыз 2017 18:25
Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев Жер Анаға жіберілген жаңа "пайғамбар" емес шығар? Осы кісіні Президент мырза жұмыстан босатқаны өте дұрыс болар еді. Себебі жеткілікті. Білім сласындағы дау тоқтамайды. Ал ғылым саласындағы жағыдай адам шошырлық. Қаржыландыру 50% қысқарғаны қабарланғанымен, міне жаңа жылдан бері үшінші айға кетті, әлі ғылымды қаржыландыру ашылған жоқ! Ұят болсада айтайын? Ғалымдар АШ ҚАЛДЫ? Әсәресе жастарға обал болды... Енді нені күтіп жүрсіз Президент мырза?
Нұреке | 10 наурыз 2017 22:40
Бұл адам ХАЛЫҚ ЖАУЫ.
Шыңғыс төре | 10 наурыз 2017 23:35
Палигат болып министрге дейін жеткен адам адамды таңдауды жақсы меңгереді.
Сәкен | 11 наурыз 2017 01:08
Қазақ балаларына ағылшын тілін 1-сыныптан бастап оқыту - оларды АНА тілінің уызына жарытпау. Шетел тілін 7-сыныптан оқытса да, Қазақстан ұтылмайды. Осыны мынау министрді тағайындаған президент те, академик әке Сағадиев те білмеді емес, бірақ өз беттерінен қайтпай отыр. Министр Сағадиев кранмен көтерсең де тағынан кетпес, оған халықтың мүддесі керек емесі белгілі болды. Масқара!
Unknown | 11 наурыз 2017 11:56
Ағылшын тілінің қажеті аз. Кәзірден бастап қытай тілін үйрену керек. Қытай ж/е орыс тілі міне осы екі тіл болашақта Қазақстанда үстем құрады. Ал қазақ тілі Солтүстік, Орталық ж/е Оңтүстік Америкадағы үндістердің тілі сияқты болып қалады.

З.Ы. Маған өкпелемей-ақ қойыңдар /хотя маған бәрібір/ ащы да болса шындық осы.
Тұран | 11 наурыз 2017 18:37
Денi дұрыс,жөнi түзу адамды қоймайды ұлттың рух мәселесi қозғалатын жерде.Бұл солай жүрiп жатқан миссия! Сағадиевтi алып тастаған жағдайда да сол шамалас бiреудi алып келедi.Осылай бiздiң "дүбара"өмiрiмiз жалғаса бередi.
Тіней Адай | 14 наурыз 2017 11:44
....Пәленің бәрі баста...
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті
Осы тараудағы мақалалар