1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Шешенстандағы қираған халыққа қол ұшын созған біздің ағайындар. Грозныйдың төріндегі көпқабатты зәулім үйдің құрылысына қаржыны да берген қазақтар. Сол үшін де Рамзан Қадыровтың қолынан алғас алған Иманғали Тасмағанбетовтің күйеу баласы Кеңес Рақышев. Дәл сол марапаттау кезінде ақкөңіл, дархан қазақ жігіті шешенстанның «Терек» футбол клубына автобус, өзінің астында мініп жүрген ұшағын сыйлап және Грозныйдағы аурухананың құрылысын толық көтеретінін айта кетті. Бұл қайдан тасыған байлық, қай көңілден кеткен кеңшілік екенін біле алмадық.
Автор: alaman.kz, 19.06.2010 ж.
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №20 (16206)   10 наурыз, жұма 2017
10 наурыз 2017
Бұл – қылмыс!

Марат Омарұлының «Өз тілімізді өгейсітпесек болғаны...» («Жас Алаш», 21.02.2017) деген мақаласы көкейімде жүрген біраз ойды қозғады. Үштілділік жөнінде баспасөз беттерінде де, жұртшылық арасында да, бұған дейін де қаншама пікірлер айтылып жүр. Солардың бірен-сараны ғана болмаса, жұрттың көбі үштілділікті қолдамайды. Үштілділікті екі қолын бірдей көтеріп қолдайтын сол бірді-екілі оқырманның бірі Марат екен.
Мен де көптілділікті қолдаймын. Алайда М.Омарұлы және онымен пікірлестер түсінбейтін немесе түсінгісі келмейтін жайттар бар. Оның бірі және ең бастысы – өз тілімізді, ана тілімізді, мемлекет құраушы халықтың тілін төрге шығара алмай тұрып, өзге тілдің етегіне жабысу – ана тілімізге, мемлекеттік тілге жасалып отырған қастандықтың жасырын түрі деп бағалауымыз керек. Яғни бұл – қылмыс!
Философ Гегельдің «Ана тілін елемегендер өз ұлтын үш қайтара өлтіреді» деген керемет сөзі бар. Ал бізде жоғарыда отырғандар орыс тілін «ана тілім» деп есептейді. Міне, гәп қайда!
Қазақтардың барлығы дерлік екі тілде сөйлейді, оқиды, жазады. Олардың ақпараттық өрісі бір тілділерге қарағанда екі есе артық. Ал бірнеше тіл білетіндердің өрісі одан да көп болатыны белгілі. Бірақ көп тілді білетін адам соның біреуіне басымдық берер болса, басқасының бұрауы босайды.
Бұл жерде басқа тілдерді меңгеруге ерекше қабілеті барларға мемлекет сәйкесінше жағдай жасаса, оның жөні бөлек болар еді. Ал енді «көп тілді болсақ ұшпаққа шығамыз» деп, жалқыдан жалпыға айналдырып, оны баршаға міндеттеу – бір қиырдан екінші қиырға шапқанмен тең.
Үшінші мәселе: қанша жерден дайындаса да, жаратылыстану пәндерін жоғары сыныптарда ағылшынша оқытам деу – дилетанттардың бос қиялы.
2008 жылдары болса керек, Білім министрлігінен «алдағы оқу жылына дейін барлық мектептерде автомобиль жүргізушілерін дайындайтын база жасақталсын» деген пәрмен келді. Бұған не дерсің енді? Бұл – сол бұйрықтың жобасын дайындағандардың да, соған қол қойғанның да мұрнына маман даярлау ісінің иісі де бармайды деген сөз. Мен сөз етіп отырған үшінші мәселе турасында да солай деуіміз керек.
Әр нәрсені өз атымен атауымыз керек. Тап қазір үштілділікті жалаулатып, ұрандатып шабуға еш негіз жоқ. «Ойнасақ та біраз жерге шаптық» дегендей, әліппені қайтару сияқты үштілділіктен де бас тартуға тиіспіз.


Нығметолла Құрмашев, зейнеткер
Сарайшық ауылы
Махамбет ауданы
Атырау облысы

« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті
Осы тараудағы мақалалар