1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Еуропа болсын, оның ар жағындағы АҚШ болсын, ешқайсысының «Қазақстанды көтерейік, гүлдентейік» деген титтей де ойы жоқ. Мұнда олар «Қазақстанды пайдаланайық» деген оймен ғана келеді. Барлық жерде жаулап алды. Пайдаланды да, тастай салды. Тыржалаңаш шешіндіреді де, жібере салады. Соны ұғуымыз керек.
Автор: Тоқтар Әубакіров, ғарышкер
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №21 (16207)   14 наурыз, сейсенбі 2017
14 наурыз 2017
Қарағандыда қылмыс өршіп тұр

Наурыздың 10-ы күні Қарағандыда 49 жастағы тұрғын көшеде келе жатқан студент жігітті пышақтап өлтіріп тастады. Ешқандай себепсіз. Ресми орындардан тараған ақпарат бойынша, қамауға алынған күдікті қылмыс жасаған сәтінде удай мас болғанын, өзінің бейтаныс студентті не үшін өлтіргенін түсінбейтінін айтқан.

Осы қанды оқиғадан екі күн бұрын – наурыздың 8-і күні Қарағандыда 33 жастағы жігіт анасын пышақтап өлтіріп, өзі бесінші қабаттан секіріп ажалын тапқан. Қарағандыда жалпы қылмыс атаулы онсыз да өршіп тұрған еді, енді, міне, кісі өліміне қатысты қылмыс та күнделікті әдетке айналып бара жатқандай. Құқықтық статистика және арнайы есепке алу басқармасының бөлім бастығы Мейіржан Амановтың мәліметінше, соңғы екі ай ішінде Қарағанды облысында 4731 қылмыс жасалған. Бұл қылмыстың көбісі Қарағанды қаласында тіркелген. Пәтер тонау, ұялы телефон ұрлау айтуға тұрмайтын қылмыстың бірі болып қалған. Ал қылмысқа баратындардың жас мөлшері 18 жас пен 39 жастың аралығындағылар. Яғни тепсе темір үзетін өрімдей жастар. Құзырлы орын өкілдері жастарды қылмысқа итермелейтін жағдайдың бірі – жұмыссыздық деп біледі. Мұны қолдарындағы деректері де растайды. Соңғы екі айда қылмыс жасап ұсталған мыңға жуық күдіктінің бәрі жұмыссыздар. Психолог маман Ұлжан Сәрсен жастарды қылмысқа үйір жасайтын себепті тек жұмыссыздықтан көруге болмайтынын айтады. Маманның сөзінше, бүгінгі жастар бала кезінен азғын қоғамның қатыгездігін көріп өскен.
«Жастар өздеріне қоғамнан нашар қарым-қатынас көрсе, оған да сондай жат әрекетпен жауап беруге бейіл болып тұрады. Туыстары, достарынан қатыгездік көрген жастар қылмыс әлеміне жақындап, санасында жеккөрушілікке ұласа береді. Атақты психологтар «барлық қылмыстық әрекеттер балалық шақ пен жасөспірім шақтан бастау алады» дейді. Бұл сөзбен келіспеу қиын. Жасыратыны жоқ, ел жағдайы жақсы дегенмен, тұтастай қоғамда бақытты балалық шақ бар деуге келмейді. Адамдарда өзімшілдік пен қатыгездік басым. Бұл сол бақытты балалық шақтың жоқтығынан», – дейді психолог. Ұлжан Сәрсен бала бақыты үшін ата-ананың материалдық тұрғыда бай, кедей болғаны маңызды емес деп біледі. Оның сөзінше, бүгінгі қатыгез қоғамда балаларға ата-ана мен мектепте, оқу орындарында моральдық демеу жетіспейді. Мамандар қазіргі әлеу-
меттік-экономикалық дағдарыс кезінде, ертеңгі сәтті күнге үміт пен сенімнің аздығында ата-аналардың да психологиялық дағдарыста жүргенін, күйзелістегі қоғамның кісі өліміне қатысты ауыр қылмыстарды күнделікті көріністей шошынбай қабылдайтынын айтады.  Қалай десек те, Қарағанды облысы қылмыстық ахуал бойынша республикада алдыңғы қатарда тұр.


Арайлым ЕРКЕБАЕВА
Қарағанды

« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті
Осы тараудағы мақалалар