1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Үкімет қарапайым халықтың санасына ақшаны өздері тауып, өздері бөліп беретіндей амал-әрекетті сіңіруде. Бұқараның психологиясына «Үкіметтің ақшасы» дегенді құйып қойған. Жоғарыдағылар ақшаны аспаннан Құдай беріп жатқандай көреді. Осындай аса қолайлы идеологияны таңдап алған.
Автор: Ораз Жандосов
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №21 (16207)   14 наурыз, сейсенбі 2017
14 наурыз 2017
Он бес түйе мен екі органның оқиғасы

Ауылдағы ағайынның негiзгi күнкөрiсi – қорасындағы азын-аулақ малы. Халқымыз амандық-саулық сұрасқанда «Мал-жаның аман ба?» деп бастайтыны да сондықтан. Жамбыл облысы Байзақ ауданындағы мал ұрлығы қылмысының өршіп кеткені жергілікті шаруаларды алаңдатып отыр.
«Мал ашуы – жан ашуын» тудырған Жамбыл облысы Байзақ ауданының Суханбай ауылдық округіне қарасты Қарасу ауылының тұрғыны Тілеужан Терлікбаевтың 15 түйесі былтырғы 20 қарашада қолды болған. Аудандық ішкі істер бөлімі болса, бұл қылмыстық істі тіркегісі келмей, мал иесін әбден әуре-сарсаңға салған.
Байзақ ауданының шеткері ауылы саналатын Қарасу – құм жиегінде орналасқан елді мекен. Тілеужанның фазендасы сол жиек құмда қоныс тепкен.
– Менің иелігімдегі 15 бас түйе жоғалған күні аяғым жетер жерге дейін іздеп таба алмағаннан кейін аудандық ішкі істер бөлімінің басшысы Ахатхан Әбдезовқа арызданып бардым. Ол ә дегеннен арызымды тіркегісі келмей созбалаңға салып жүріп алды. Әбден кешіктіріп арызымды қабылдағаннан кейін де «көлігіміз құмға жарамайды» деп жоғалған малды іздеуге құлықсыздық танытты. Ақыр соңы «түйелерің құмдағы Алаңбай деген жерден жоғалған, ол Т.Рысқұлов ауданының аумағына кіреді» деп арызымды қараусыз қалдырды. «Жазған құлда шаршау жоқ» деп аудандық прокуратураға шағымданған едім, олардан «сіздің Байзақ аудандық ІІБ-іне жазған арызыңыздың қимылсыз қалуы бойынша прокурорлық ықпал ету негізінде сотқа дейінгі өндіріс қозғалып, тергеулік реттілігі бойынша Т.Рысқұлов аудандық ІІБ-іне жолданды» деген жауап алдым. Бірақ Байзақ ормандарды және жануарлардың дүниесін қорғау мемлекеттік мекемесі Алаңбайдың Байзақ ауданына қарасты жер екенін растайтын анықтама беріп отыр. Сол себепті Т.Рысқұлов аудандық ішкі істер бөлімі «бізге қатысы жоқ» деп арызымды кері қайтарды. Сонда сенген Байзақ аудандық прокуратурасы мен ішкі істер бөлімі жалған айтып, арызымды қараусыз қалдырып келгені қалай? Бір-біріне сілтеп, мені екі ауданның ортасына сандалтып қойып мазақ етіп отыр ма?
Осы аралықта аудандық ішкі істер бөлімінің басшысы Ахатхан Әбдезов Меркі ауданына жұмыс ауыстырды. Оның орнына келген Зәуірбековтен де еш қайран болмай тұр, – дейді Тілеужан Терлікбаев.
Суханбай ауылдық округінде малы жоғалған жалғыз Терлікбаев емес. Мәселен, ұсақ малды айтпағанда, өткен жылдың соңынан бері Өмірбек Бүтінбаевтың 1 жылқы, 4 сиыры, Құдайберген Қырықбаевтың 4 сиыры, Орманбек Байжұмаевтың 1 бие, 2 сиыры, Бейсенбек Өзенбаевтың 1 жылқы, 1 бұқасы, Әкімбаевтың 1 жылқысы ізім-қайым жоғалған. Мал ұрлығына қатысты Байзақ аудандық ішкі істер бөлімінің қауқарсыздығына қарап, тұрғындар «полицейлер мен ұрылардың ауыз жаласқанынан қылмыс ашылмай отыр» деген күдіктері бар екенін де жасырмайды.
Малдары қолды болған ағайынның арызын Байзақ және Т.Рысқұлов аудандарының ІІБ-і тіркемей, бір-біріне сілтеп отыр. Арызын тіркеуге алуы тиіс заң орнынан көңілі қалған суханбайлықтар не істерлерін білмей дағдарып отыр.

Нұрболат ӘЛДИБЕК
Жамбыл облысы

« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (1)
Шалхар | 16 наурыз 2017 09:46
Мал ұрлығы Байзақ ауданынының Шахан ауылынындада өте көп. Өткенде, 2016 жылдың желтоқсан айында, байзақ ауданының құрметті азаматы, Шығыс Қазақстан облысы сотының төрағасы Досжан Сарманқұлұлы Әміровтың інісінің оншақты жылқысын, генерал Жаманбаевтың жегжатының он жеті бас жылқысыда ұрланыпты. олардыда таппай жатыр дейді. Оның алдында Шаханда адайлардың жылқы, түйелері ұрланып табылмаған.
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті
Осы тараудағы мақалалар