1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Қазіргі адамдар «бірің өліп, бірің қал» дегенді мықтап ұстанып алған. Өйткені адамдар ешкімге сенбейді, сенейін десе есітетін әңгімелерінің бәрі өтірік. Сондықтан бәріміз ас үйде отырып, үстелді тоқпақтап, революция жасаймыз, көшеге шыққанда үнсіз қаламыз, өкінішке орай, осылайша екі жүзді болып барамыз.
Автор: Болат Атабаев, театр режиссері
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №23 (16209)   18 наурыз, сенбі 2017
19 наурыз 2017
Түтін, түтін... Астанадан кет!

Астанада қыста көмір жағу арқылы жылытылатын қазандықтар мұржаларынан шығатын түтін иісі басты мәселенің біріне айналды.
Әсіресе, қаланың «Оңтүстік-Шығыс» шағынауданы мен Көктал-1, Көктал-2, «Өндіріс» тұрғын алабы тұрғындары «кеш түсе далаға шығудан қаламыз» деп жиі шағымданып жатады. Бұл жағдай тек сол маңайда тұратын тұрғындардың денсаулығына ғана емес, атмосфераға күкірт диоксиді, азот диоксиді секілді аса қауіпті ластағыш заттар таралып, аумақ экологиясына да зиян келіп отыр. Әлемді таңдандырған Астана халқы өркениеттің ортасында отырып тас көмір жағуға мәжбүр.
Астананың жайдары жазынан гөрі тұнжыраған суығы мен саршұнақ аязы көп. Алты айдан көп уақытқа созылатын Арқада күннің райы сәуір болмай тәуір болмайды. Яғни жылдың 5-6 айында көмір жағып шығуға тура келеді. «Биылғы қыста да күн ерте суытып, қыркүйек айынан бері отпен алысып келеміз. Маңайдың бәрін күл басып, қолқаны қабатын иіс шығарса да, үйді жылы ұстап тұру үшін шелектеп көмір жағамыз. Әсіресе, боранды күндері тіптен қиналамыз. Мұндай күндері жаққан оттың бәрі далаға кетеді», – дейді Сәкен Әнуаров есімді тұрғын.
«Оңтүстік-Шығыс» шағынауданында тұрып жатқаныма биыл 9 жыл болады. Аумағы 150 шаршы метр үйді жылыту үшін 12-15 тоннадай көмір қажет, ол 120-130 мың теңге, құрғақ отын үшін 30 мың теңгедей тағы да жұмсаймыз», – дейді Бақытжан Шапағатов.
Дегенмен тонналап көмір алуға шамасы жетпейтін тұрғындар да баршылық. Олар күн сайын қаппен алып амалдайды. «Қаппен көмір сату саудагерге тиімді. Біз секілді зейнеткерлерге өте қиын. Бірден сатып алғанға шама жоқ», – дейді Қамқа есімді апай. Жер үйде от жағатындар да, көпқабатты үйде тұрып ыс түстінге қақалған тұрғындар да «Жасыл энергия» тақырыбында ЭКСПО көрмесін өткізгелі отырған Астанаға көгілдір отын тезірек жетсе дейді. Расы керек, билік бұл мәселені анда-санда көтеріп жүр. Бірақ айтқан сөздері сол мезетте желмен ұшады. Ал қала тұрғындары мұржадан шыққан көк түтінге «түтін, түтін... Астанадан алысқа кет» деп бұл қысты да өткергендей.

Бүркіт НҰРАСЫЛ
Астана

 

« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (2)
Мерген | 21 наурыз 2017 09:30
Астанада тас көмір ғана жағылса жақсы ғой, қоңыр көмір де, шлам да, шикі көмір де (порода), қолға не түссе сол жағылады. Сапалы көмір жоқтың қасы. Сортовой дейтін көмірдің (тоннасы 15 мың теңгеден) өзін шламмен араластырып сатады. Ауаның қатты ластануы негізінен көмірдің сапасыздығынан. Көмір бизнесін әйтеуір бір мықтылар бақылап отырғаны айдан анық. Ойларына келгенін істетіп жатқан солар. Олар тұрғанда Астанаға газ әкелінуі неғайбыл.
Амантай | 27 наурыз 2017 12:16
Астана 1-2 жылдың ішінде газбен қамтамасыз етілуі керек. Сонда қаланың аспанын торлаған көк мұнар, лас ауадан құтыламыз. Кәріз жүйелерін жөндеу керек, сонда қолқаны қапқан сасық иістен құтыламыз. Жеке үйледі су, кәріз жүйесіне қосу керек, Сонда қысы жазы арбамен су тасып ішетін халықтың бейнеттен құтылады, лас судың көшеге тарауы тоқталады. Қыңыр қисық, лас, ығы жығы көше, ауылбай жеке үйлерді ретке келтірілуі керек. Сонда Астананың ажары кіре бастайды.
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті
Осы тараудағы мақалалар