1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
«Қазақтың жауы – қазақ» деп шулап келеміз. Неміс екіге бөлінгенде «Немістің жауы – неміс» деп ешкім айтқан жоқ, Корея екіге бөлініп соғысқанда, әлі де екі бөлініп отыр, «кәрістің жауы – кәріс» деп ешкім айтқан жоқ, Вьетнам қақ жарылып қақтығысқанда «вьетнамның жауы – вьетнам» деп ешкім айтқан жоқ.  «Адам – адамға қасқыр» деген жалпылама айтылатын сөз болғанмен, дүние жүзінде ондай нәрсе жоқ. Ал «қазақ – қазаққа жау» деп ұран көтеретіндей не басымызға күн туды?
Автор: Мұхтар Мағауин, халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш 1 қаңтар, бейсенбі 1970
4 сәуір 2017
Күніміз нанға қарап қалды

«Нан болса, ән болады» деген кеңес заманынан қалған қанатты сөз бар. Бұл большевиктер жасаған ашаршылықтан, Екінші дүниежүзілік соғыстан көрер күні таусылмай аман қалған ашқұрсақ халықты бір нанмен өлтірмей ұстап тұрған саясаттың сөзі еді.
Бүгінде нанды көп жейтін халық – кедей деген сөз. Ranking.kz агенттігінде жарық көрген сараптамаға қарасақ, соңғы жылдары қазақстандықтар нанды көп жей бастаған. Есесіне денсаулыққа пайдалы ет, ет өнімдері, жеміс-жидек, балық және теңіз өнімдерін тұтынуды азайтқан. Неге? Мамандар мұның себебін азық-түлік бағасының қымбаттығымен, табыстың аздығы, ел тұрмысының жүдей бастағанымен түсіндіреді. Жұрт сенбейтін ресми деректің өзі өткен жыл қорытындысы бойынша, негізгі азық-түлік бағасы 9,7 пайызға қымбаттағанын айғақтап отыр. Сондай-ақ сарапшылар ауыл тұрғындары қала халқымен салыстырғанда қара су мен қара нанға қарап қалғанын айтады. Мал ұстап, жан бағып отыр деген ауылдықтар былтыр қалалықтардан ет және ет өнімдерін 9 пайызға аз тұтынған.
Мамандардың дерегінше, соңғы жылдары халық тұтынатын азық-түлік түрі азайған. Яғни халық жыл өткен сайын кедейленіп, бар ақшасын нан және нан өнімдерін алуға жұмсап жүр.

« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті
Осы тараудағы мақалалар