1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
«Еш уақытта қазақ... қазақ мемлекет болған жоқ, себебі шекарасы болған жоқ».  --- «Қытай Халық Республикасы рапс пен соя секілді жемшөп дақылдарын егу үшін бізден 1 млн. га жер сұрап отыр».
«Азаттық» радиосы
Автор: Н.Назарбаев, ҚР президенті
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №28 (16214)   11 сәуір, сейсенбі 2017
11 сәуір 2017
Қазаққа қарағанда қырғыздың тұрмысы қоңды ма?

Әгәрәки, «қырғыздар қазақтардан бақуатты өмір сүреді» дегенге саятын әңгімені Алатаудың арғы бетіндегі көп шенеуніктің бірі айтқанда сыпсың сөзге, бос даурықпаға балап, тіпті арнайы тоқталудың қажеті де болмас па еді. Ал «... біздің Талас облысының тұрғындары көрші елдегі кей азаматтардан, мысалы, Жамбыл облысының адамдарынан жақсырақ тұрады» деген сөз басқа-басқа емес, Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаевтың өз аузынан шықты.
Алмазбек Атамбаев Қырғызстандағы төрт жыл бұрын қабылданған ұлттық стратегияның орындалуын қорытындылаған жиында көршісіне қарата: «Қазақстанға қатысты айтар болсақ, президент Назарбаевтың көреген саясатының арқасында олар – ТМД мемлекеттерінің арасында адам басына шаққандағы жалпы ішкі өнім деңгейі бойынша көшбасшы ел. Ал бізде Қазақстанмен салыстырғанда адам басына шаққандағы жалпы ішкі өнім деңгейі тоғыз есе аз. Яғни бұл ретте барлық есеп бойынша біздің азаматтардың тұрмыс жағдайы қазақстандықтарға қарағанда жеті-тоғыз есе нашар болуы керек. Бірақ біз іс жүзінде Қазақстан мен Қырғызстанда тұратын қарапайым халықтың тұрмысы бір-бірінен қатты ерекшеленбейтінін білеміз. Алайда біздің Талас облысының тұрғындары көрші елдегі кей азаматтардан, мысалы, Жамбыл облысының адамдарынан жақсырақ тұрады», – деді.
Әрине, бұл арада Атамбаевтың айтқанының бәрі ақиқат деуге болмас. Бірақ сөзінің жаны бар екенін ешкім жоққа шығара алмайтыны анық. Сондықтан «Атамбаев қазақтардың шамына неге тиіп отыр?» деп аттандамай, «қырғыз президентінің қай сөзі шындыққа жанаспайды?» деген сұраққа жауап іздегеніміз жөн. Атамбаев айтпақшы, жан басына шаққандағы жалпы ішкі өнім деңгейі бойынша ТМД-дағы көшбасшы, қырғыздарды тоғыз орап алатын Қазақстан халқы неге, расында, олармен салыстырғанда 7-9 есе жақсы өмір сүрмейді? Олай болса, неліктен іс жүзінде Қазақстан мен Қырғызстанда тұратын қарапайым халықтың тұрмысы бір-бірінен қатты ерекшеленбейді? Расымен, олардың, Талас облысының тұрғындары біздің Жамбыл облысын жайлаған халықтан жағдайлары жақсы ма? Міне, осы сұрақтарға жауап іздесек, «біз қайда, қырғыз қайда» деп кеуде ұрып шыға келу бос мақтангершілік болып шығатынын аңғарамыз. Ал Атамбаевтың салыстырмалы түрде айтқан «... біздің Талас облысының тұрғындары көрші елдегі Жамбыл облысының адамдарынан жақсырақ тұрады» деген сөзді мысалға келтіруі жеті рет өлшеп алып, кесіп айтып отырғанын аңғартады. Өйткені Жамбыл облысы – экономикалық даму жағынан республикада төменгi жақтан орын алатын өңір. Бұл сайып келгенде Жамбыл тұрғындарының әлеуметтiк жағдайына тікелей әсер етері анық. Жамбыл облысы тұрғындарының орташа еңбекақысы да еліміз бойынша ең төменгi деңгейде. Ал Қырғызстанның Талас өңіріне жиі қатынайтын жергілікті жамбылдықтарды сөзге тартқанымызда, расында, олар Жамбыл жұртшылығына қарағанда таластықтардың бақуатты тіршілік кешіп отырғанын жасырмады.
Осылайша көп жағдайда ТМД-да көшбасшы деп дәріптелетін «гүлденген Қазақстанды» қырғыз президенті аз уақыттың аралығында осымен екінші мәрте сөзбен түйреп отыр. Мұның алдында қырғыз президенті Қазақстанды еуропалық арналардың бірінде 2010 жылғы қырғыз дүрбелеңі кезінде кісі қазасына себепкер ретінде айыптап, айдай әлемге жария салған болатын. Бұл жолы өздерімен салыстыра отырып, «Жамбылдан біздің жағдайымыз жақсы» деп екінші мәрте соқтығуы қырғыз басшысының көңілінде кірбің барын білдірсе керек. Әйтпесе Атамбаев өздігінен барып соқтығысатын біздің «мәдениетті» министріміз Арыстанбек Мұхамедиұлы емес қой.

Нұрболат ӘЛДИБЕК
Жамбыл облысы

« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (3)
Айка | 11 сәуір 2017 17:34
Бос сөз!
сұңқарлан | 11 сәуір 2017 17:37
ойбүй нұркөсем енді не дейді ол өзі мен туыстарына қарап салыстырып жүрау.
Бекзат | 11 сәуір 2017 18:19
Біздікіндей жер асты байлығы болса қырғыз бен өзбек Кувейттегідей өмір сүрер еді
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті
Осы тараудағы мақалалар