1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Сталин ашқан Академия тәуелсіздікке қол жеткен кезде жабылды. Қазақ Үкіметі оның жабылуына айдың күннің аманында жол берді. Бұл – біздің саяси жүйенің қателігі. Бұл – факт.  Сөйтіп, 70 жылдан астам тарихы бар Қазақ Академиясының құны бар-жоғы 500 доллар болып шыға келді. Оның бағасын Үкімет те, академиктер де солай деп бағалады.
Автор: Асқар Жұмаділдаев, Профессор, физика-математика ғылымдарының докторы
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №28 (16214)   11 сәуір, сейсенбі 2017
11 сәуір 2017
Оқушылар мұғалімдер үйінде тұруға мәжбүр

Оқу жылының төртінші тоқсаны басталып кеткеніне бір аптадан асса да, Талды стансасының балалары мектепке барудан қалды. 17 шақырым қашықтықтағы Шақаман ауылы іргеде тұрғандай көрінгенімен, арнайы тасымалдайтын автобустың жолы ми батпаққа айналып, 17 оқушыны сабаққа апару мүмкін болмай тұр.
Теміржолшылар отбасылары тұратын Талдының өзі де қар суының құрсауында қалған. «Қазақстан теміржолы» ҰК жіберген жұмыс бригадасы қолдан келгенше топырақтан бөгет тұрғызуға тырысқанымен, он шақты үйдің ауласына су кіріп, мал-жанын сақтау қиынға айналды. Дегенмен қолдағы төрт түлік түгелдей қауіпсіз орынға апарылыпты. Ал Талдының оқушылары дәл оқу жылы бітуге таяғанда сабақтан қалу мәселесін қайтіп шешуге болады?
Бұған дейінгі бір аптада Watsapp желісі арқылы сабақ тапсырмаларын беріп, орындалуын қадағалаған мұғалімдер енді талдылық оқушыларды өз үйлеріне тұрғызуларына тура келіп отыр.
– Жол қатынасы түзелгенше кемі екі апта уақыт керек. Ол оқушылар үшін де, мектеп үшін де тиімсіз. Семейге жөнелтіп оқыту жайы да қиын. Бірінің туыстары жоқ, енді бірінің ата-анасынан қашықта отырып сабақты ойдағыдай оқуы неғайбыл. Көршілес ауыл мектептеріне жіберудің жайы да осыған ұқсас. Ойлана келе, станса балаларын пойызбен Семейге аттандырып, қалаға жеткен соң, арнайы көлікпен Шақаманға әкелуді шешіп жатырмыз. Қазір мұғалімдердің барлығына Талдыдан келетін балаларды бөліп беріп, сабағын бақылауды тапсырдым. Ағайынды балалар бірге тұрып оқитын болады. Жол қатынасы қалыпқа келгенше осыдан өзге амалымыз жоқ, – дейді мектеп директоры Қайрат Шақабаев.
Қысылтаяң кезде қиыннан қиыстырып жол таба білген мектеп директорының бұл әрекеті, әрине, тығырықта қайда тығыларын білмей қалатын кейбір ортаңқол әкімдердің ісімен салыстырғанда ширақ көрінді. Тоқсан соңында оқушыларының тоқырап қалмауын қарастырған шақамандық ұстаздар қазір шәкірттерін қарсы алып, үйлеріне жайғастыру қамында.

Сәтжан ҚАСЫМЖАНҰЛЫ
Шығыс Қазақстан облысы

« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті
Осы тараудағы мақалалар