1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
«Хабар» телеарнасын көріп, «Казахстанская правда» газетін оқысақ, сыпыра мақтану мен лепірме сөздерден басың айналады. Осы айтылып жатқанның барлығын өмірде неге байқамайтындығыңа қайран қаласың. Олардың айтуларына қарағанда Қазақстанның керемет табыстарға жеткендігі сондай, америкалықтар, жапондар мен шведтерге бізге қызыға да қызғана қарайтын уақыт болып қалыпты. Ал, азиялықтар, латынамерикасы мен африкалықтар қызғаныштан жарылып өлсе де болады.
www.azattyq.org
Автор: Герольд Бельгер, жазушы, аудармашы.
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №29 (16215) 13 сәуір, бейсенбі 2017
13 сәуір 2017
Семейде «ШЕРУГЕ» шыққандар жұмыссыз қалды

Семейде сенбі күні аяқасты «митинг» өтті. Төзімі таусылған қоғамдық көлік жүргізушілері наразылық білдіріп, жоғары жаққа талап қойды. Айтқан сөздерінің жаны бар: Би Боранбай көшесіндегі жолдың талқаны шығып, қазандай шұңқырларына су толып көлге айналған. «Мұндай жолмен жүруге, жолаушы тасуға мүлдем болмайды» дейді жүргізушілер.
«Азаматтардың, тұрғындардың, жолаушылардың жеке бас қауіпсіздігіне жетер құнды дүние жоқ» дейтін жүргізушілердің талаптары сөзсіз орынды. Жүргізушілер өз қалталарын, шығындарын, көліктерін ойлап, осындай шетін әрекетке барды десеңіз қатты қателесесіз. Себебі №18 бағытта жүретін сегіз «Газель» көлігі «Таксомотор паркінің» жекеменшігі. Яғни қоғамдық көлікті жалға алған жүргізушілер астындағы «темір атты» біреудің дүниесі деп тепкілеп мінсе де, жаман жолға салып түбін тессе де еріктері еді. Алайда шұрық-тесік жолдан әбден мезі болып жүйкелері тозған, жолаушылардың қауіпсіздігін басты мақсат деп білген олар ереуілдетіп, ел назарын шетін мәселеге аудартуға тырысты. Олар дегендеріне оңай жеткенін айта кеткен жөн. Ең алдымен Бобровка, Цемпоселок кентінің қалаға жете алмай қалған жолаушылары шу көтерді, онысы жергілікті әкімдіктің құлағына тез жетті. Сөйтіп, кінәліні іздеу мен жазалау операциясы дереу басталды. Нәтижесі көп күттірмеді. «Таксопарк» басшылығы мен Семей жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің өкілдері «қарсылық шарасына шығу бізге алдын ала ескертілмеді» деп, көлікті жалға алушы сегіз кәсіпкермен арадағы келісімшартты бұзып, қоғамдық көлік қозғалысын басқа иеліктерге бөліп бере салды. Ал сегіз кәсіпкердің «жолы жүруге жарамайтын Би Боранбай көшесімен сонда ұшып өтуіміз керек пе еді?» деген уәждерін, жол сапасына қатысты айтқан сындарын құлақтарына да қыстырмады.
Бір қызығы, Би Боранбай көшесіне осыдан екі жыл бұрын ғана асфальт төселген еді. Қазіргі түрі мынау. Сапасын айтамыз деген жүргізушілер қараптан-қарап жұмыстарынан айырылды. Ал Би Боранбай көшесіне сапасыз асфальт төсеген «Гордорстрой» мен «Семей жолдары» серіктестігі басшыларының ұйқысы тыныш. Қала әкімдігі оларға жақ ашпайды. Айтпақшы, биыл қала көшелерін жөндеуден өткізуге қазынадан 200 млн теңге бөлініпті. Осыны айтқан әкімдік өкілдері алақандарын ысқылап отыр. Олардың іштерінде біз білмейтін бір есеп, бір жұмысы бар-ау.
 

Сәтжан ҚАСЫМЖАНҰЛЫ
Шығыс Қазақстан облысы

 

« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (1)
пионерия | 13 сәуір 2017 21:01
Бөлінген ақшадан қалайда қымқыру жағын ойластыратыны айдан анық.
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті
Осы тараудағы мақалалар