1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Қазіргі адамдар «бірің өліп, бірің қал» дегенді мықтап ұстанып алған. Өйткені адамдар ешкімге сенбейді, сенейін десе есітетін әңгімелерінің бәрі өтірік. Сондықтан бәріміз ас үйде отырып, үстелді тоқпақтап, революция жасаймыз, көшеге шыққанда үнсіз қаламыз, өкінішке орай, осылайша екі жүзді болып барамыз.
Автор: Болат Атабаев, театр режиссері
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №31 (16217)   20 сәуір, бейсенбі 2017
20 сәуір 2017
Әкім қызметінен кетті, енді жол не болады?

«Жас Алаштың» 11 сәуір күнгі санында «Алматы облысы Путиннің билігінде ме?» деген тақырыппен мақала жарық көрген еді. Мақалада Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Балтабай ауылдық округіне қарасты Бірлік ауылының Абай көшесіне төселуі тиіс асфальттің жолдың 700 метріне жетпей қалғаны және Балтабай ауылдық округінің әкімі Бақытгүл Дүйсебекова мен Бірлік ауылының тұрғыны Наталья Бояркинаның арасындағы жол мәселесі бойынша әңгімесі сөз болған еді.
Газет көтерген мәселе бойынша облыс әкімінің баспасөз қызметіне хабарластық. Баспасөз қызметі Еңбекшіқазақ ауданы әкімі аппаратының Балтабай ауылындағы жағдайға қатысты түсініктемесін жолдады. Ресми түсініктемеде: «Бірлік ауылының тұрғыны Н.Бояркина мен Балтабай ауылдық округінің әкімі Б.Дүйсебекованың арасында орын алған жағдай оң шешілді. Азаматша Н.Бояркинаның округ әкіміне шағымы жоқ. Б.Дүйсебекова этикаға сай емес мінез-құлқын өзінің ауырсынуына байланысты болғанын түсіндірді. Осы орайда, ол өз денсаулығына байланысты атқаратын лауазымынан босату үшін өтініш жазды», – делінген. Біз хат ізімен Наталья Бояркинаға хабарластық.
– Асфальт әлі төселген жоқ. Жол сол қалпы жатыр. Ауыл әкімі мені екі рет іздеп келіпті, үйде болған жоқ едім. Әпкеммен сөйлесіпті. Әпкем оларға «жолды жөндеп, асфальт төсеп берсеңдер, ауылдық әкімшілікке, әкімге ешқандай қояр талап арызымыз жоқ» деп жазып береміз, өйтпеген жағдайда келісімге келе алмаймыз» депті. Сіз айтып отырған хаттағыдай «жағдай оң шешілді, округ әкіміне шағымы жоқ» деген жалған. Әкім жұмыстан шықса, салынбаған жолдың жауапкершілігі кімнің мойнында қалады? Сонда жұмыстан кету оны барлық жауапкершіліктен босата ма? Әкімнің есебінде салынған, ал шын мәнінде асфальтталмаған 700 метр жолдың мәселесін кім шешеді енді?
Шынымен де, Н.Бояркина айтып отырғандай, жолдың жайы енді не болмақ? Бақытгүл Дүйсебекова Бояркинаға қарата «Маған десең Путинге бар» деп айтқан мемлекеттік қызметтің этикасына жатпайтын сөзі үшін қызметтен кеткен болса, негізгі мәселе – жолдың тағдыры не болмақ? «Бірлік ауылындағы Абай көшесі толық асфальтталды» деп берілген жалған есептің жауапкершілігін кім көтереді? Әлде облыс, аудан шенділері ауыл әкімі жұмыстан өз еркімен кетті, мәселе шешілді деп ойлай ма?
Бірлік ауылындағы 700 метр жолға жетпей қалған қазына ақшасы құзырлы орындардың назарына ілігіп, ауыл тұрғындарының жол жағдайы шешімін табар деп сенеміз. Әрі бұл мәселені әлі де назарда ұстайтынымызды айтқымыз келеді.

Өміржан ӘБДІХАЛЫҚҰЛЫ

« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (2)
Төре | 21 сәуір 2017 16:30
Бояркинаға қарата «Маған десең Путинге бар» деп айтқан мемлекеттік қызметтің этикасына жатпайтын сөзі үшін қызметтен кеткен. Егер осы сөзді Баяркина, Бақытгүл қазақ қызына қаратып, «Маған десең Назарбаевқа бар» деп айтса, Ивановаға ешқандай шара қолданбас еді? Ойланыңыздар қазақтар? Путинге барса, барам десе, бара берсін. Онда тұрған не бар. Ежелгі келген жерін меңзеп отыр. Шынын айтайын "орыс" десе тік тұрып үйренген сорлы қазағым-ай. Жарадыңыз Бақытгүл қарындасым! Жақсылық тілеймін Алладан?!
Бахытгуль | 23 сәуір 2017 23:44
Сәлеметсіздерма? Ен біріншіден мен жұмыстан 700 метр асфальт үшін кеткен жоқпын ең басты байлық денсаулық! Газет бетіне жалған сөздерді жазуға құқықтарыңыз жоқ.
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті
Осы тараудағы мақалалар