1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Шешенстандағы қираған халыққа қол ұшын созған біздің ағайындар. Грозныйдың төріндегі көпқабатты зәулім үйдің құрылысына қаржыны да берген қазақтар. Сол үшін де Рамзан Қадыровтың қолынан алғас алған Иманғали Тасмағанбетовтің күйеу баласы Кеңес Рақышев. Дәл сол марапаттау кезінде ақкөңіл, дархан қазақ жігіті шешенстанның «Терек» футбол клубына автобус, өзінің астында мініп жүрген ұшағын сыйлап және Грозныйдағы аурухананың құрылысын толық көтеретінін айта кетті. Бұл қайдан тасыған байлық, қай көңілден кеткен кеңшілік екенін біле алмадық.
Автор: alaman.kz, 19.06.2010 ж.
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №48 (16234)   15 маусым, бейсенбі 2017
15 маусым 2017
Қазір жаз, ет аз...

БАҒАНЫҢ ҚЫМБАТТАУЫ ШАРУАЛАРДЫ ЫНТАЛАНДЫРА БАСТАДЫ
Алматыға Есіктен қатынайтын 420-автобусқа кіріп, бос орынға жайғасқаным сол еді, көршім орыс әжей әңгіменің тиегін ағытты: «Қызым, азық-түлік қалай қымбаттап кеткен? Кеше Моловодное ауылының базарына бардым. Жаңа піскен орамжапырақтың келісі – 300 теңге. Картоп – 250 теңге. Тәшкеннен келіп жатқан өрік – 650, Сарыағаштың ерте пісетін алмасы 600 теңгеге саудаланып жатыр. Сұмдық қой бұл... Еттің құнын ауызға алудан қорқасың. Семіз сиыр еті 1700-1800 теңге тұрады. 50 мың теңге зейнетақыммен қалай өмір сүремін? 1961 жылы Қазақстанға көшіп келгенімде бәрі бар еді. Дүкендерде әрі арзан, әрі дәмді ет самсап тұратын. Қазір бәрін құртты. Мал да жоқ, сүт-қаймақ, май да жоқ».
Шынында да, солай. Әжей дұрыс айтып келе жатыр. Қазір жаз, ет аз. Ет қат болған соң қымбат. Оның үстіне саудагерлер өнімді сыртқы нарыққа шығарамыз деп жанталасуда. Себебі экспорттан түсетін табыс оларды қызықтырмай қоймайды. Пайданы көздеген өндірісшілер ет экспортының құнын 35 пайызға көтеріп жіберіпті. Қымбат етті сыртта кім тұтына қояды дейсің. Соның салдарынан ет саудасының көлемі 45 пайызға төмендеген. Мұндай деректі Ranking.kz жариялады. 2017 жылдың алғашқы тоқсанында біздің еліміз сыртқа небәрі 1,6 мың тонна ет жөнелтіпті. Экспорт құны қымбаттаған соң оның көлемі де 25 пайызға азайған. Сонда біздің өндірісшілер өнімді кімге сатады? Мамандар биыл сыртқа жөнелтілген 1,6 мың тонна еттің 1,5 мың тоннасын Ресей алғанын айтады. Былтыр сыртқа шығарылған өнімнің 70 пайызын осы теріскейдегі көршіміз алыпты. Бірақ баға көтерілген соң олар да қазақ өндірісшілерінің етінен бас тартуда. Қараңыз, былтырғы көрсеткішке қарағанда, биыл қатар қонған қоңсымызға ет жөнелту 15 пайызға кеміген. Мамандар Тәжікстанға өнім жөнелту бірінші тоқсанда 6 пайызға азайғанын айтса, Өзбекстан, Қырғызстан, Қытайға бір тонна да жөнелтілмепті. Экспортқа жіберілген есені ішкі нарық есебінен өтей қою да оңайға түспейтін сияқты. Өйткені ішкі нарықта ет тұтыну небәрі 2,6 пайызға өскені анықталған. Қазақстан халқы статистика жөніндегі комитеттің мәліметіне қарағанда, биылғы бірінші тоқсанда 229,6 мың тонна ет жепті. Мамандар мұны жоғары көрсеткіш деп бағаламайды.
Осы жерде естеріңізге сала кетейік, 2011 жылы біздің ел ет экспортын арттырамыз деген ниетпен ірі қара өсіруді қолға алды. Жоба бойынша 2011-2015 жылдары сыртқа 60 мың тонна өнім жөнелту межесі қойылған еді. Одан кейінгі жылдары көрсеткішті тіпті 180 тоннаға жеткізбекші де болғанбыз. Жоба жонынан да ұстатпады. Өйткені өткен жылы сыртқа небәрі 12 мың тонна ет және ет өнімдерін шығарыппыз.
Осы тұста шетке шығарылатын өнім көлемі азайса, ішкі нарықта баға неге арзандамайды? «Жас Алаш» бұл сауалды «Береке» шаруа қожалығының басшысы Бекмырза Күнтуғанға қойған еді:
– Біріншіден, елімізде мал басы өспей отыр. Оның бірнеше себебі бар. Жердің жекеменшікке өтуінен жылдан-жылға жайылым азаюда. Малдың жем-азығы да қымбат. Мемлекет арнайы бағдарламалар арқылы мал шаруашылығын қолдағанымен, оның қызығын қолы жеткендер ғана көреді. Біз сияқтылар арзан несие дегеннің маңына да жолай алмайды. Шағын шаруашылықтар шамасы жеткенше бордақымен айналысып жатыр. Бірақ олардың көрсеткіші тым төмен. Осындай жағдайда, әрине, еттің бағасы арзандамайды. Бір жағынан алып қарағанда, ет бағасының көтерілуі бізді ынталандырады. Өз басым ұсақ қара мен ірі қараға қоса, енді жылқы басын көбейтуді жоспарлап отырмын. Себебі қазір мал өсіру оңай емес. Жұмысы тым ауыр. Біздің қолымызда ешқандай технология жоқ. Бір отар қойды қолмен қырқу деген өте азапты тірлік. Ауылда 100-120 мың теңгеге бақташы таба алмай қиналамыз. Меніңше, ет бағасы жуық арада арзандамайды. Қайта қымбаттай түседі. Оның үстіне теңге құнсызданып жатыр. Ол да бағаның өсуіне ықпал етеді.

Гүлзат НҰРМОЛДАҚЫЗЫ
 

« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті
Осы тараудағы мақалалар