1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Қазір қоғамда біз білетін байлықтың екі түрі бар: Бірі – адами байлық адам капиталы, екінші – табиғи байлық. Қарасаңыз, мұнайымыздың 80 пайызы шикізат ретінде шетел асып жатыр. Демек, қазақ байлығының 80 пайызын шетелдіктер көріп жатыр. Қазаққа бұйырып отырғаны – сарқыт, тіпті шелек түбіндегі жуынды десе де болады.
Автор: Асқар Жұмаділдаев, Профессор, физика-математика ғылымдарының докторы
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №50 (16236)   22 маусым, бейсенбі 2017
22 маусым 2017
...дәрігерлерді сотқа берді

Ақтөбе облысы Байғанин ауданы Алтай батыр ауылының тұрғыны Балдәурен Нұрлыбаева 4 маусымда ауыр ми дертінен қайтыс болған 23 жастағы ағасы Серікболсын Көшербайдың «ішкі мүшелерін туыстарының рұқсатынсыз трансплантациялады» деген айыппен Ақтөбе облыстық денсаулық сақтау департаментін сотқа берген еді. Ақтөбенің №2 қалалық сотында осы шағым бойынша алдын ала сот тыңдауы өтті.

«Ағам хал үстінде жатқанда бәріміз жедел жәрдем ауруханасында жүрдік. 3 маусым күні де үйге қас қарая қайттық. Бізге дәрігерлер ағамның қазасы туралы 4 маусым күні таңертең естіртті. Бірақ оның ішкі мүшелерін трансплантациялағандарын айтқан жоқ», – дейді Балдәурен Нұрлыбаева баспасөз өкілдеріне берген түсініктемесінде.
Шағымданушы Б.Нұрлы-
баеваның қорғаушысы Қатарбай Раисовтың айтуына қарағанда, марқұмның туыстары Ақтөбе облыстық денсаулық сақтау департаментінен 1 миллион теңге өндіріп беруді талап етуде. Оған қоса, Ақтөбе облысының бас хирургі Ерлан Сұлтангереевтен де 1 миллион теңге көлемінде моральдық шығын өндіруді сұрап отыр.
Қорғаушы Қатарбай Раисовтың айтуынша, Сұлтангереев облыстық газетке берген сұхбатында «донордың туыстарынан рұқсат алдық» дегенді айтқан. «Осыдан кейін марқұмның туыстары арасында түсінбеушілік туындады. Трансплантация үшін олар бірін-бірі кінәлап, араларында алауыздық туындады», – дейді ол.
Марқұм С.Көшербайдың туыстары дәрігерлердің үстінен Ақтөбе облыстық прокуратурасына да шағым түсірген. Прокуратураның баспасөз қызметінің хабарлауынша, қазір денсаулық сақтау департаментіне тексеріс жүргізіліп жатыр.
20 маусым күні өткен алдын ала сот тыңдауына Ақтөбе облыстық денсаулық сақтау департаментінің өкілдері келген жоқ. Келесі сот отырысы 27 маусымға белгіленген. Соңғы мәлімет бойынша, елімізде 3500 пациент ішкі органдарын ауыстыруға мұқтаж.

Г.ҚАПАН

« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (2)
Сұмдық | 23 маусым 2017 05:26
Адам органдарын ауруларға салып беріп арам ақша табуды "бизнес" қылып алған алаяқ қылмыскерлер сұмдық заңды халықтың сыртынан қабылдатып жіберіпті. Ол заң бойынша аурухана түсіп жан тапсырған марқұмның туыстары алдын-ала қарсылық білдірмесе туыстарының рұқсатынсыз өлейін деп жатқан адамның жарамды дене мүшелерін кесіп алып басқа ауруларға салып бере беруге рұқсат етілген екен. Бұл халықтың сыртынан жасалған өте қарақ, өте қиянат заң! Ешбір адам ауруханаға түскен туысын өледі деп ойламайды ғой, қ
Сұмдық | 23 маусым 2017 05:27
қарсылық та білдірмейді. Ал адамның мүшелері Алланың адамның өзіне берген аманаты. Оны өлейін деп жатсаң басқаға беріп, сауап ал демеген.
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті
Осы тараудағы мақалалар