1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
  “Шымбұлақ” тау шаңғысы курортының 25% Н.Назарбаевтың меншiгiнде. Мәселен, Болат Назарбаев “Шымбұлақта” екi үйi болғанын қалады. Мұнымен курорт басшысы Сергей Гитолов келiс­пептi. Сонда оның басына тапаншасын тақаған президент­тiң iнiсi: “Қазiр сенi жайратып салу маған түкке тұрмайды. Бұл үшiн маған ештеңе болмайды“ деген.  “Шымбұлақтағы” үйлердің иелері: Н. Назарбаев, Б. Назарбаев,  Д. Назарбаева, Ә. Назарбаева, Т. Құлыбаев, К. Мәсімов, И. Тасмағамбетов, Қ.Саудабаев, Н. Әбіқаев, А. Шабдарбаев, Б. Мұхамеджанов, Н. Сұбханбердин, Т. Досмұхамбетов, Б.  Өтемұратов, С. Қалмырзаев, А. Есімов, Д. Ахметов, А. Машкевич, П. Шодиев, Ә. Ибрагимов, С. Гиталов, Ә.Арғынғазин, А. Клебанов, В. Храпунов.
Автор: Виктор Храпунов, Алматы қаласының бұрынғы әкімі. “Республика” газетi. 03.10.2011ж.
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №54 (16240)   6 шілде, бейсенбі 2017
6 шілде 2017
Әкімдер «үш жылға дейін жолақы өспейді» деп еді

«Жас Алаш» газетінің өткен сандарының бірінде Қызылорда қаласында жол жүру ақысы 70 теңгеден 100 теңгеге көтерілетіндігі туралы мақала жарияланды. Бұл ақпарат қала халқына жайсыз тигені анық. Себебі осыдан бір жыл бұрын ғана жол жүру ақысы 50 теңгеден бірден 70 теңгеге көтеріліп, 40 пайызға өскен болатын. Алдағы үш жылда жол жүру ақысының өспейтіндігі жайлы шенді-шекпенділер халыққа уәдесін де берген еді.
Енді, міне, бір жыл өтпей жатып жол жүру ақысы бірден 30 теңгеге немесе 43 пайызға өспекші екен. Сонда екі жылда баға 83 пайызға немесе 50 теңгеге өспекші. «Құдайдың бір аты – халық» дейтін болсақ, шенді-шекпенділер халыққа берген уәдесінде неге тұрмайды, олардан жауапкершілік неге сұралмайды, құзырлы органдардың осыған жол беріп отырғандығы халықтың билік орындарына деген заңды ренішін тудыруда.
Соңғы бір-екі күнде жергілікті телеарнадан бұл мәселенің қала әкімдігінде қаралып жатқаны көрсетілді. Бірақ баға жайлы қандай шешім қабылданғанын түсіне алмадық.
Мысалға, қара халықтың басым көпшілігі қала мекемелерінде 40-45 мың теңге айлық жалақымен жұмыс істеп жүргенін ешкім жоққа шығара алмайды. Жұмысқа күн сайын екі мезгіл күнде барып-келуіне 400 теңгеден бір айда 8000-10 000 теңге аралығында жұмсалады екен. Мұның үстіне тізгін бермей өсіп жатқан азық-түлік бағасы мен коммуналдық төлемдердің өсуі халыққа оңай тиіп отырған жоқ. Ақшалай табыстары науадай құйылып жатқан, қоғамдық көліктерді керек қылмайтын бай адамдарға қоғамдық көліктерде жол жүру ақысының қымбаттауының әсері шамалы. Бірақ сол азаматтардың ауқатты дәрежесіне халықтың арқасында жеткенін әрдайым президенттің өзі алқалы жиындарда еске салып жүр.
Қарапайым халықты орынды-орынсыз тығырыққа тыға беруге болмайды. Жолақы бағасының өсуіне келетін болсақ, ең алдымен мынадай мәселелерді анықтау қажет:
біріншіден, автопаркті басқарып отырған басшы қызметкерлердің айлық жалақысының мөлшері мен олардың жылдық табысы халыққа жария етілуі;
екіншіден, мекеменің қаржылық есепшоттары бойынша құжаттық тексеру жүргізіліп, қаржылардың өз орнына жұмсалуының анықталуы.
Біздің талабымыз – жолақы бағасын өсіру мәселесі осы жүргізілген шаралардан кейін халыққа жария түрде хабарланғанын дұрыс деп санаймыз. Бұлай болмаған жағдайда жолақы бағасының өсуіне мүлдем қарсымыз.
Қызылорда қаласы тұрғындарының талабын жеткізуші ардагерлер:
НАҒАШЫБАЕВ Қапан
БДАНОВ Сахи
ОРАЗБАЕВ Жеткерген
СМАЙЛОВ Мұхитдін
СӘДІБЕКҰЛЫ Айжарық
ЕМБЕРГЕНҰЛЫ Тобаш
Қызылорда қаласы

 

« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті
Осы тараудағы мақалалар