1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Осы күнге дейін көп нәрсе айтылды ғой. Бұл неткен үнсіздік деген сұрақ менің көкейімде әр кез тұрады. Мен күнде таңертең тұрғанда бір жақсы хабар естігім келіп тұрады. «Зәкеңді өлтірген адамдарды тауыпты», я болмаса «сол істі қайта қарауға кірісіпті» дегендей хабарларды естігім келеді. Бірақ, өкінішке қарай, қазір бізде құлақ естімейтін, көз көрмейтін уақыт болып тұр.
Автор: Мақпал Жүнісова, Қазақстанның халық әртісі, әнші
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №61 (16247) 3 тамыз, бейсенбі 2017
3 тамыз 2017
Өз адамын жинау өзгермеді

«Тамыр-таныстарыңнан команда жасақтамаңдар» деп президент шенеуніктерге ескерту жасап, тапсырма берді. Оны орындау үшін заң өзгерді, арнайы мемлекеттік қызмет істері агенттігі қайта құрылып, бақылау күшейді. Ал нәтижесі қандай? Мардымсыз. «Баяғы жартас – сол жартас». Бұл сөзді аспаннан алып, ойдан құрап тұрған жоқпын. Жиырма бес жыл мемлекеттік істің әр саласында, оның ішінде басшылық қызметтерде елге, президентке адал қызмет еткендіктен айтып отырмын. Талай байқауларға қатыстым. Үлкен тәжірибем болса да, қазір мені мемлекеттік мекемелер жалпы конкурста сирек жариялайтын бос басшылық лауазым қызметіне әңгімелесуден өткізбейді. Неге? Себебі біреу – ол қызметке мекеме басшысы байқау арқылы өз адамын өткізеді. Заң жүзінде. Себебі заң сол шенеуніктердің ыңғайына қарай жазылған. Байқау іс жүзінде қалай өтетінін түсіндіре кетейін. Мәселен, мекемеге жаңадан келген басшы бос басшылық қызметке (орынбасарлық, бөлім басшысы қызметі т.б) заң бойынша «мекеменің ішіндегі ішкі конкурсты» жариялайды. Басшыдан қорқатындықтан, ол орынға ешкім өзін ұсынбайды. Себебі бос орынға басшы өз адамын әкелетінін бәрі біледі. «Ақылды» басшы заң талап еткендей, «мекеме ішінен лайықты кандидат шықпағандықтан», мемлекеттік мекемелер арасындағы ішкі конкурсты жариялайды. Міне, басшыға керегі осы. Ол бұл мүмкіндікті пайдаланып, өзімен бұрынғы жерде бірге істеген (ауыз жаласқан сенімді адамдары) Мәке, Сәке, Қабеке, Әбекеңе қоңырау соғып, конкурсқа қатыстырып, жеңіске жетелеп, «переводпен» ауыстырып, орынбасарлық немесе бөлім басшылығына қызметке алады. Ал мен сияқты «жолы болмайтындар» келесі байқауды тосып қала береді.
Сыртқы конкурс та дәл осылай өтеді. «Мекеменің өз ішінен кандидаттар неге шықпайды?», «Қабілетті, білікті мемқызметкер жеткілікті, олар неге байқауға қатыспайды?», «Маманды неге басшылық жасаған бұрынғы мекемеден алып жатырсыз?» дегендей сұрақтарға конкурстың өтуін тікелей бақылайтын мемлекеттік қызмет агенттігі тіпті бас қатырмайды. Оның себебін сұрасаңыз, жауаптары дайын: заң бұзылмаған, өтініш түспеген. Олардың өздерінде де «конкурстар» осылайша заң аясында өтетін сияқты. Сонда «тәуелсіз конкурс комиссиясы қайда қарап отыр?» дейтін шығарсыз. Оның да олқылығы жеткілікті. Заң бойынша конкурстық комиссияны сол конкурсты жариялайтын мекеме өз ішіндегі қызметкерлерден құрайды. Байқауға қатысатындарға қойылатын сұрақ пен жауаптарды да солар дайындайды. Конкурсты сырттан бақылайтын «бақылаушыны» да өздері шақыртады. Шақырумен келгендер арасындағы адал, ары таза азаматтар алдында дұрыс бағалану үшін конкурсты жариялаған басшы байқауға қатысатын өз адамына сұрақ пен жауапты алдын ала беріп қояды. Сондай-ақ өз адамын байқаудан сүріндірмей алып шығу үшін бөтендерге қосымша сұрақты қардай жаудырады. Сөйтіп, мекеме басшысы «өз командасын» жинап алады. «Қасқыр да тоқ, қой да аман» деген осы болса керек. Сорақысы, конкурстар осылайша сыбайластық, көз қысты, бармақ бастымен өтіп жатқанын барлық мекеме біледі. Бірақ білсе де үндемейді. Өйткені заң бұзылған жоқ қой. Ал іс жүзінде жаңа басшы бұрынғы қызметкерлерін қасына жинап алады. Сонда не болды?
Сол басшысымақтар «елбасының тапсырмасын орындап жатырмыз»деп айқайлап жүр. Шыны керек, мен кейде президентті аяймын. Шенеуніктер, сенген адамдары Назарбаевтың саясатына неге қарсы жұмыс істейді? Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің басшысы «құрметті президент, заңды қайта қарау керек, үкімет те, парламент те үлкен қателік жіберіпті, қазіргі басшылар заңды бұзбай-ақ өз командасын өздерімен бірге алып жүр, кемшілікті түзетейік» деп неге айтпайды? Жоқ, айтпайды. Өйткені майшелпектен айырылғысы келмейді.
Басымнан өткен жайтты айтайын. Былтыр облысымыздағы бір басқарма басшының орынбасары лауазымына конкурс жариялады. Құжаттарымды тапсырып, әңгімелесуге бардым. Қабылдау бөлімінде конкурсқа қатысатын екі келіншек және өзім күтіп отырдық. Бір келіншек «соткасына» қарап, бірдеңе оқып отырды. Не оқып отырғанын сұрасам, беті былш етпей, «комиссияқоятын сұрақтар мен жауаптарын» (сұрақтары бар конвертті конкурсқа қатысатындардың көзінше ашты. Бұған енді не айтасыз?)деді. Содан әлгі жерде жасы елулер шамасындағы ер адам кірді де, жаңағы келіншектің бетінен сүйіп, комиссия мүшелері отырған бөлмегебеттеді. Ол бақылаушылар қатарынанекен. Біраздан соң басшының бір орынбасары (комиссия төрағасы) жаңағы сұрақ-жауапқа дайындалған сылқымға «не переживай, все будет нормально» деп кетті. Мені өткізбейтінін түсіндім. Сонда да кіріп, қазақша жауап бердім. Комиссия мүшелері қазақшаны ежіктеп оқиды екен. Жауабымды қайдам, өздері ежіктеп оқыған сұрақтарын да түсінген жоқ. Үш күннен соң маған басқармадан қоңырау соғып, «екі балл жетпей қалғанын» хабарлады. Шақырмаса да екінші күні барып, хаттамамен танысып, «келіспеймін» деп қол қойдым. Ондағы ойым: хаттаманың көшірмесі мемқызмет агенттігіне барады, сондағылар неге «келіспегенімді» сұрар деп ойладым. Бірақ олар шақырмады. Сонда ғана оларға да бәрібір екенін түсіндім.
Бір жылдары ауыл әкімі болған едім. Жақында аудан әкімдігі аппаратының басшысына қоңырау соғып, бір ауылға әкімдікке сайлауға түсетіндігімді айттым. Ол қуанып, «келіңіз, мынадай ауылға әкім керек» деп қайда баратыныма дейін айтты. «Құжат тапсыратын кезде хабарласамыз» деген еді, қанша күтсем де звондамады. Өзім хабарласқан едім, әлгі аппарат жетекшісі «... кешіріңіз, ауданға жаңа әкім келді, сізді тізімнен сызып тастады» деді. Сөйтіп, әкім сайлауынан да қағылдым (сайланатын ауыл әкімінің кандидатурасын мәслихатқа аудан әкімі ұсынады). Жарайды, келген басшы өз адамдарыналып келсін. Бірақ олар жөні түзу жұмыс істесе жақсы ғой. «Шефтың адамымыз» деп дандайсып, еркінсіп, алды парамен ұсталып, жемқор атанып жатыр. Қарағанды облысында мұндай мысалдар шаш етектен. Облысқа жуырда әкім болған Қошанов мырза біраз аудан әкімін ауыстырды. Қазір жоғарыда баяндаған «схемамен» «бос басшылық қызметке» конкурстар жарияланып жатыр. Әрі кетсе бір айдан кейін жаңа тағайындалған аудан әкімдері өз адамдарын қастарына жинап та алатын шығар...

Серік ҚАППАРОВ
Қарағанды қаласы

« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті
Осы тараудағы мақалалар