1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Қартаюға қарсы, яғни жасартатын, мәңгілік өмір сүруге мүмкіндік беретін – дәрі-дәрмектер ойлап табу керек. Міне, қазіргі ғалымдар әлемде осындай шаруалармен айналысып жатыр.
Қазақстан ғалымдармен кездесуінде айтқан ұсынысынан. 04.09.09
Автор: Н.Назарбаев, ҚР президенті
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №66 (16252)   22 тамыз, сейсенбі 2017
22 тамыз 2017
Жедел жәрдем өзгерді

Жедел медициналық көмек көрсетудің жаңа тәртібі енгізілді. Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтың бұйрығы бойынша, енді алғашқы медициналық көмекті дәрігерлер бригадасы жеткенше медициналық білімі жоқ адамдар да көрсетуі мүмкін.
Бұйрықта сонымен қатар жедел жәрдем бригадасының түскен қоңыраудың шұғылдығына байланысты келіп жету уақыты да айқындалған. Құжат бойынша, жедел жәрдем бригадасы жеткенше алғашқы медициналық көмекті полиция қызметкерлері, патруль қызметі, білім беру, транспорт қызметкерлері, өнеркәсіп орындарының, әлеуметтік салалардың жұмысшылары және басқалар да көрсетуі мүмкін. Министрліктің хабарлауынша, жедел жәрдем бригадасы уақытына қарай 10 минут пен бір сағатқа дейінгі аралықта баратын шұғыл төрт категория бекітілген. Мысалы, «денсаулығы мен органдарының жұмысы кенеттен бұзылмаған және айқын білінбеген», денсаулығы мен өміріне тікелей қауіп төніп тұрмаған науқастар жедел жәрдем қызметін бір сағатқа дейін күтуі мүмкін. Бұл науқастарға жергілікті емханалар жанындағы жедел медициналық бөлімшелер арқылы көмек көрсету жоспарланған.
Ереже бойынша, өміріне тікелей және аса қауіп туып тұрған науқастарға жедел жәрдем 10-15 минут аралығында жетпек. Ал денсаулығына аса қауіп төнбеген науқастар жедел жәрдемді 30 минутқа дейін күтуі мүмкін. Бұл сыныптағы науқастарға жедел медициналық жәрдем станциясы қызмет көрсетеді.
 

« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті
Осы тараудағы мақалалар