1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Осы күнге дейін көп нәрсе айтылды ғой. Бұл неткен үнсіздік деген сұрақ менің көкейімде әр кез тұрады. Мен күнде таңертең тұрғанда бір жақсы хабар естігім келіп тұрады. «Зәкеңді өлтірген адамдарды тауыпты», я болмаса «сол істі қайта қарауға кірісіпті» дегендей хабарларды естігім келеді. Бірақ, өкінішке қарай, қазір бізде құлақ естімейтін, көз көрмейтін уақыт болып тұр.
Автор: Мақпал Жүнісова, Қазақстанның халық әртісі, әнші
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №71 (16257) 7 қыркүйек, бейсенбі 2017
7 қыркүйек 2017
Қызылорда мұғалімдері күн сайын көше сыпырады

Қызылордада әрбір күн сенбі деп саналатын сияқты. Өйткені мұнда күн мейлі сенбі, мейлі дүйсенбі болсын бәрібір – сенбілік ұйымдастырыла береді. Әр тұрғынның санасына «қала – ортақ үйіміз» деген ұран сіңіп қалған. Әсіресе ұстаздар қауымы үшін бұл сөз ұран емес, бұлжымас қағида.
Мәселен, Жібек жолы даңғылының бойынан әр ұжымға учаске бекітіліп берілген. Қорқыт ата атындағы мемлекеттік университетінің 5-оқу ғимаратының алдын тазалау №120 мектептің ұжымына жүктелген. Аталған білім ошағынан Конституция мерекесінен кейінгі «бейсенбілік» сенбілікке 10 қызметкер шығыпты. Мектептің шаруашылық меңгерушісі Л.Данилова: «Мереке мереке болмай кетті. Қазір ешкімнің келгісі жоқ, жылап жүр бәрі. Шынын айтқанда, кеше, бүгін сенбіліктеміз, ертең де бар шығар», – деп күйінеді.
Мұнан бөлек, «Шаттық» балабақшасының қызметкерлері «Болашақ» университетінің маңында жүрді. Олар тіпті негізгі жұмыстарынан босай алмай, сенбілікке кешігіп келіп жатыр. Әлбетте, балабақшадағы тірлігін асығыс-үсігіс біржақты етіп, «маңызды» жұмысқа жанұшырып келгендері де бұл... Мерекедегі сенбілік жайы әлеуметтік желіде қызу талқыға түсіп жатты. Бірақ, неге екені белгісіз, біршама уақыттан соң парақшадағы мұндай бағыттағы әңгімелер өздігінен өшіп кететін болды.
Алайда Қызылорда қалалық ішкі саясат бөлімінің басшысы Қуаныш Жанұзақов: «Сенбілікте біз де жүрміз. Бір уақыт қала тазалығына мән бергеннің еш айыбы жоқ шығар?!» – деумен шектелді.
Әлеуметтік желідегі белсенділердің бірі Раушан Базарбай: «Мен де бүгін осыны көріп, Конституция күні осы байғұс мұғалімдердің құқықтары қорғалмаған ба деген сұрақ туындады», – десе, Азиза Іздіқұлова: «Сенбілікке тұрғындар шығып, өзінің төңірегін тазалауы керек. Бұл мұғалімдер, медицина, кітапхана, жалпы, әлеуметтік сала қызметкерлерінің міндеті емес. Тұрғындармен жұмыс жасау керек. Бюджеттік салада жұмыс жасап отырғасын амалдары жоқ. Бұл деген «издевательство и ущемления прав человека». Үйі жоқ па олардың, тіршілігі жоқ па?! Кто заставляет всё это делать?» – деп күйінеді. Осы саланың маманы Нұрбол Аппаз болса: «Мұғалімдердің патриоттық сезімі аса жоғары ғой, сенбілікке өздері талпынып, сұранып барады. Сенбесеңіздер, өздерінен сұрап көріңіздер. Бармай қалса өздерінің жауапкершіліксіздіктерін түсініп, жұмыстан өз еріктерімен арыз жазып шығып кетеді», – деп астарлы түйін айтқан.
Желідегілер мәселені қызу талқы таразысына салғаннан кейін әлгі жазба әлеуметтік желіден ізім-ғайым жоғалыпты. Жергілікті биліктің әсері болуы әбден мүмкін. Дей тұрғанмен Ата заң күні ұстаздардың сенбілікке шығып, күн сайын көше сыпыруы қаншалықты заңды?! Біз осы ұлағатты деп құрмет тұтатын ұстаздар қауымын қолбала етіп алған жоқпыз ба? Көкейдегі сауал осы...

Дәулет ҚЫРДАН
Қызылорда облысы

« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (4)
нурик | 7 қыркүйек 2017 14:45
Қызылорда облысында март айынан бастап июль айының ортасына дейін сенбілік. Екі ай -аудан әкімінің, екі ай - облыс әкімінің бастамасы делінеді. Халықпен санасу деген жоқ." Халықтың істейтін шаруасы жоқ"- деп ойлайды әкідер.
Нұр дәуірі | 7 қыркүйек 2017 20:36
Солтүстік Корея болды ғой өзі
Аманбек Байжанов | 8 қыркүйек 2017 08:59
Субботникке шықпай отыра берейік мал құсап, боқ пен сідіктің ортасында!!!
Арман Астана | 11 қыркүйек 2017 13:02
Аманбек сенің атыңды неге Жаманбек қоймады екен.Менде мұғаліммін.Менің міндетім көше сыпыру емес бала оқыту.Ендеше неге көше сыпыруға, боқ тазалауға тиістімін.Әрі сенбілікте аудан әкімінің немесе өзге лауазымды атқамінерлердің қатындары неге жүрмейді?.Әлде тазаклық тек қарапайым адамдарға ғана керек пе?.Сен өйтіп жарамсақтанба. Құдайшылығыңды айт.
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті
Осы тараудағы мақалалар