1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
“Мен әлемнiң 141 елiн аралаған адаммын. Солардың iшiнде өз мемлекетiнде өз тiлiнде өмiр сүре алмай отырған бейшара халықты көрдiм. Ол – қазақтар”
Автор: Италияның қазiргi заманғы кәсiпкерi, жиһанкез Реналью Гаспирин
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №72 (16258)   12 қыркүйек, сейсенбі 2017
12 қыркүйек 2017
Bul latyn qaj latyn?

БҰЛ ЛАТЫН ҚАЙ ЛАТЫН?
Қыркүйектің 11-і күні мәжілістегі парламенттік тыңдауда латын әліпбиінің нұсқасы таныстырылды. Сол-ақ екен, интернет желідегі жұрттың жаңа әліпбидің нұсқасына қарсылықтары қарша борады.
Мысалы, «ә» әрпі латын таңбасында «ae» болса, «ө» әрпі «oe» болады. Сонда «әлем» деген сөз латынша aelem, «өркен» сөзі oerken болып жазылады. Жұртшылық пікірі бұл қалыптағы әліпби нұсқасы қабылданса, тіл заңдылығы бұзылып, қазақ тілінің онсыз да мүшкіл халі одан әрмен әлсірейді дегенге саяды. Оның үстіне жаңа әліпби нұсқасын жасауда бұған дейін ғалымдар, қоғамдық ұйым өкілдері, сарапшылар, тіл мамандары тарапынан айтылған сын-ескертпелер мүлдем ескерілмеген көрінеді. Десе де, бұл нұсқа алдағы уақытта түзетіле ме, жоқ әлде осылай қызды-қыздымен қабылданып кете ме – ол жағы әзірге белгісіз. Жалпы, латын әліпбиінің елесі Қазақстанда көптен кезіп жүр. Президент Н.Назарбаев та бірнеше рет әліпби мәселесін көтерген-ді. Түркітілдес халықтар, соның ішінде Өзбекстан мен Әзірбайжан латын әліпбиіне көшті. Қазақстандағы әліпби мәселесі болса, ең бірінші саяси маңызды іске баланады. Латынға өту елдегі Ресейдің ықпалын азайтып, отарсыздану саясатының бастауы болады деген де сарапшылар пікірі бар. Алайда латын әліпбиіне қазақ мектептері ғана өтіп, орыс мектептері кирилл әліпбиінде қала береді делініп отыр. Сонда латынға өту саясатының мәні қоғамды екіге бөлу ме, әлде ұйыстыру ма?

Өміржан ӘБДІХАЛЫҚ

Айгүл ІСМАҚОВА, әдебиетші-ғалым:
– Латын әліпбиі қоғамды екіге бөлейін деп отыр. Латын әліпбиіне көшпес бұрын, қоғамда қордаланған сансыз мәселелерді шешіп алғанымыз жөн болар еді.
Биылғы білім жүйесіне енген өзгерістерден оқушы қиналып жатыр. Мұғалімдер проблеманы айтайын десе директордан қорқады, директор «жұмыстан алып тастайды» деп жоғарыдан қорқады. Содан келіп жоғарыға өтірік есеп беріліп жатыр. Бұл жайтты мұғалімдер жылап айтып жүр. Енді оның үстіне әкеліп латынды қосса, таза сауатсыздыққа ұрынамыз. Латынға көшпес бұрын, білім сапасын қажетті деңгейге көтеруіміз керек. Жаңа әліпби енген жағдайда ауылдағы қазақ не істейді? Қаладағы жұрт үйренер. Ауылдан шығатын жастар сауатсызға айналып, арба айдауға мәжбүр болып қалмай ма? Жаңа әліпби олардың жолын кесе ме деп қорқамын. Ана тілімізді толық меңгеруді жетістіре алмай отырғанда енді латын керек пе бізге? Жоғарыдағы азаматтар не ойлайды, түсінбеймін.
Әрине, латын әліпбиіне түптің түбінде, білім сапасы жетіліп, жүйелі арнаға түскен соң барып көшуіміз заңдылық. Оның қажеттілігін ешкім жоққа шығармайды. Бірақ асығыстық жасамаған жөн. Мен білетін Өзбекстандағы, Әзірбайжандағы ғылыми орта латын әліпбиіне көшкеннен кейінгі жағдайды айтып зарлап отыр. Сондықтан да дәл қазіргі жағдайда мемлекетте латынға өтуге ғылыми, рухани қажеттілік жоқ.
Шынында да, латын әліпбиіне көшудің қажеттілігі мен сұранысы ресми тараптан айтылған жоқ. Есесіне латын жобасының оң қадам екеніне қоғамды иландыру үшін билік аз уақытта үлкен үгіт-насихат жұмыстарын жүргізіп үлгерді. Қоғам латынды Ресейдің тілдік және басқа да ықпалынан құтылудың оңтайлы жолы деп қабылдайды. Бірақ шынымен солай ма?
Біздіңше, латынға көшу биліктің ұзақ жылдардан бері бас ауруы болып келе жатқан қазақ тілінің мәселесін біржола жабуға бағытталған әрекеті. Егер латын әліпби отарсыздану болса, ол қоғамды алаламай баршаға ортақ іс есепті жүрген болар еді. Бұл жерде біз латын әліпбиіне қазақ мектептері көшіп, орыс мектептері кирилл алфавитінде қалатындығы турасында айтып отырмыз. Латынға дәл осылай көшу болса, онда бұл қоғамды екі бөліп қана қоймайды, Қазақстан халқының тұтастығына сызат түсіреді. Тілдік сызат кейін Ресей үшін таптырмас айла-шарғы болып шықпасына кім кепіл?! Әліпбидегі алалықпен билік Ресейдің көңілін де тауып, қазақтың да ойынан шыққысы келеді. Біздіңше, әліпбиден бұрын, билік таңдау жасау керек секілді. Яғни ол қазақты қолдай ма, әлде сырт күштердің көңіл хошын табуды жөн көре ме? Ал латынға көшу бір жылдың емес, ондаған жылдың мәселесі екені анық.

Айдос САРЫМ, саясаттанушы:
– Әліпби туралы жаңалықты Стамбұлдан оқып отырмын. әліпбиді 25 әріп қатарына тығу дұрыс емес.
Кемі 3-4 әріп-дыбысымыз бөлек таңбалануы керек. Әсіресе дауыстылар.
Әліпби тек интернетшілердің ермегі емес. Халықтың 99 пайызы ең алдымен оқырман.
Үлкен бір дау басталғалы тұр.

(Facebook парақшасынан)
 

« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (19)
Бекзат. Беков | 12 қыркүйек 2017 15:11
Мүйіз сұрап сақалдан айрылып қалыпты деп өзге ел күлмесін
Аса | 12 қыркүйек 2017 18:29
Қазіргі заманда халық жаулары ел басында жүр! Бұл солардың ісі.
Болатбек | 12 қыркүйек 2017 23:56
Латын әліпбиіне көшпей-ақ Жапония, Қытай, Корея өздерінің ироглифтерімен өркениетті елдердің алдыңғы қатарында келе жатқан жоқ па! Үндістан да өздерінің санскрипт әлипбиінен бас тартқан жоқ, ағылшын тілі оларда екінші мемлекеттік тіл болғанның өзінде. Сонда қалай ғана айтып жатыр, дүние жүзі халықтарының 80 пайызы латын әліпбиін қолданады - деп?! Ал біздің 77 жыл бойы кирилица әліпбиімен жинаған әдеби, мәдени, ғылыми мұрамыз не болады, нағыз мәңгүрттік енді басталмасын?!
Ердоған75 | 13 қыркүйек 2017 05:17
Бұл қазақ тілін жойудың бір амалы.енді мемлекеттік
Тіл қандай тіл болады.яғни қазақ тілі деп шулағандарыңды доғарыңдар деген сөз.қазақ халқын мəңгүрт жасаудың төте жолы. Орыс тілділер
кириллицада қалады дегені осының айғағы.олай болмаса қазақстан халқы толық латынша көшу керек.сонда ғана рессейдің ы қпалынан құтыламыз.
Ал мынандай құйтырқы істері қазақ станды нағыз
Боратстан жасап , қазақты оның ана тілін жоюдың амалы. Назарбаев ондай реформа жасап қазақ халқының назасына қалма.
Жекен | 13 қыркүйек 2017 08:43
Парламентте латын әліпбиі талданып жатқан көрінеді. Депутаттардың көпшілігі "ғ" әрпі мен "ы" әрпінің керегі жоқ деп қарсы шығыпты. Сонда бір депутат: "Автобусқа сығылып кіріп, сығылып шығамыз дегенді әліпби қабылданған соң қалай айтамыз?" деген екен.
Бейбіт | 13 қыркүйек 2017 08:46
Елімізде білім беретін орта мектептердің қанша пайызы аралас мектептер екенін мен нақты айта алмаймын, алайда олардың пайыздық мөлшері аз еместіге ақиқат. Сонда қалай біздегі билік мектептерді де ішінен екіге бөлмек пе?
Бее | 13 қыркүйек 2017 11:54
Бас Басыңа би болған өңшең қақым, мінеки кетірдіңдер елдің сыйқын.
Төре | 13 қыркүйек 2017 19:43
Латынға көшкен дұрыс шығар... Оны депудаттар қолдапты дегенге... Құдай біледі, ертең 01-міз жаңылысып, қазақ осыдан кейін МАҚАУ болсын! деп қалса, сол депудаттар, қандай тамаша болды, бұл ұлы көрегендік, ұлы даналық! деп шығады. Осындайларды іріктеп алған, міне ұлы кісәпір-даналық!
Габа | 13 қыркүйек 2017 22:05
Қазіргі заманда халық жаулары ел басында жүр! Бұл солардың ісі.

Өте дұрыс айтылған пікір
Шымкенттік Нұрлан | 14 қыркүйек 2017 00:13
Бұл енді - жалпыұлттық адасу. Біреу айтты екен деп бәріміз өлуіміз керек па? Ерме қазақтың соры ғой. Әуелі балағыңдағы биттен арылып алсай. 25 жылда қазақ тілінің көсегесін көгертпей жатып айға секіресің.
елеусіз | 14 қыркүйек 2017 07:47
мына жоба қазақтың ұлттық тілі үшін емес пернетақта үшін жасалған екен. бұл нұсқа қабылданса тоқал ешкінің артқы айағын құшармыз.
Ғапур | 14 қыркүйек 2017 08:14
Егер тек қазақ тіліі ғана латын әліппесіне көшіп,орыс тілі (өзбек,ұйғыр,т.б. мектептерде қандай өзгерістер болады?) кириллицада қалатын болса, мемлекеттік және ресми тілдерде қатар берілген ақпаратты,қазақ мектебін бітірген,қазақ тілінде жатық сөйлейтіндердің өзі жаңа әріптермен ежіктеп отырғаннан гөрі үйреншікті кирилл әріптерімен орысша оқығанды дұрыс көреді.Балаларын орыс тілінде оқытатын мектептерге беретін ата-аналар көбейеді.
Куан | 14 қыркүйек 2017 11:12
Құқық, құқығым, құкықтарыңыз, деген создерденде кұтылу керек.
Сәния | 14 қыркүйек 2017 15:30
Латын әліпбиіне көшу тиімді? Қай жағынан? Қоғамды орыс-қазақ деп бөлу үшін бе? Әлде қазақтың тілінен де бейбітшілігнен де мол мұрадан да айрылуы жағынан ба? Бұл анық тапырыспен істеліп отыр. Мұның ар жағында алып империялар жатқан секілді. Жалпы осы әліпбидің өзгеруі туралы ойлаған біраз естінің енді өмір сүргісі де келмейтіні шындық. Неткен тайыздық. Дүние күйіп бара ма? Неге бір күнмен өмір сүреді? Айгүл Ісмақова орынды айтып отыр.
Айнаш | 18 қыркүйек 2017 10:57
Латын әліпбиіне өту бастамасы меніңше өте дұрыс. Бірақ әрбір реформаны жан-жақты ойлап, талқыға салып, асықпай әрекет ету қажеттігі байқалады.
Саят | 27 қыркүйек 2017 02:54
Ұсынылған латын әліппесін қайта қарастыру қажет. Бұл жоба жоғарыдан емес, астынан көтерілуі тиіс
Дамир | 27 қыркүйек 2017 02:55
Бізге нәтиже керек. Ал қойған мақсат латын емес, қазақ тілінің дамуы. Халқымыз 100 пайыз қазақ тілін білсе, және әрқашан қолданыста болса екен деп тілейміз. Қазіргі кезде қазақ тілі жаңа қадамға аяқ басып келе жатыр - бұл латын қарпіне оралу үдірісі бұл әрине болашаққа қадам және жастар оны алып баруы тиіс.
Айка | 28 қыркүйек 2017 20:39
Ничего трудного и сверхъестественного в переходе на латиницу нет. Не надо драматизировать. Вносите свои предложения пока окончательного варианта нет
Г апай | 8 қазан 2017 17:29
Крилл әріптері жазуға көркем еді, жастар онсыз да ағылшын әріптерімен оқи алады
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті
Осы тараудағы мақалалар