1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Осы күнге дейін көп нәрсе айтылды ғой. Бұл неткен үнсіздік деген сұрақ менің көкейімде әр кез тұрады. Мен күнде таңертең тұрғанда бір жақсы хабар естігім келіп тұрады. «Зәкеңді өлтірген адамдарды тауыпты», я болмаса «сол істі қайта қарауға кірісіпті» дегендей хабарларды естігім келеді. Бірақ, өкінішке қарай, қазір бізде құлақ естімейтін, көз көрмейтін уақыт болып тұр.
Автор: Мақпал Жүнісова, Қазақстанның халық әртісі, әнші
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш 1 қаңтар, бейсенбі 1970
14 қыркүйек 2017
«Латынға өту – заман көшіне ілесу»

Латын әліпбиінің нұсқасы мәжілісте таныстырылғаннан бері қоғамдық пікір қызып тұр. Әйтеуір, кириллицадан кетпейміз, латынға көшпейміз деп жер тепкілеп жатқан көпшілік жоқ. Бірақ жаңа әліпбиде бір дыбыс – бір әріп қағидасының бұзылғаны біраз жанның көңілін күпті қылып тұрғандай. Жұртшылық пікірі бұл қалыптағы әліпби нұсқасы қабылданса, тіл заңдылығы бұзылады дегенге саяды. Қазақтың қазіргі жазуында бір таңбаны екі-үш әріппен қосарлап беру жоқ. Содан болар, ә, ө, ғ, ң, і, ү, ұ, қ әріптерінің латын әрпінде екі-үш таңбамен жазылуы әзірге көзге оғаш көрінгендей. Жалпы, латынға сүйенген шет тілдер әліпбиінде мұндай үрдіс бар. Өзімізге жақсы таныс ағылшын, неміс, француз тілдерінде бұл заңдылық кездеседі. Демек, депутаттарға таныстырылған нұсқаны жасап шыққандар да осындай мысалдарға сүйенсе керек. Қалай десек те, әліпби нұсқасы таныстырылды, қоғамдық талқылау басталды. Жаңа әліпбидің қолданыс аясына, дыбысталуына, оқылуына, жазу көркемдігіне қатысты ұсыныс-пікірлерді қадағалап, сараптап, талдайтын тіл мамандарының арнайы қоғамдық кеңесі де құрылды. Ашық ой, алуан пікірдің жаршысы ретінде, ендеше, біз де мамандар мен белсенділерге мінбер береміз. Әркімнің өз сөзі бар емес пе?!

Рауан КЕНЖЕХАНҰЛЫ, «Ұлттық аударма бюросы» қоғамдық қорының директоры: БІР ДЫБЫС – БІР ӘРІП ҚАҒИДАСЫНА БАЙЛАНУ ШАРТ ЕМЕС
– Біріншіден, латынға көшу – Қазақстанның тәуелсіз ел ретінде даму логикасының бір бөлігі. Өйткені кез келген графика реформасы не отарлау, не елдің азаттық алып, дербес мемлекет ретінде даму процесімен қатар жүретін құбылыс.
Екіншіден, алфавит реформасы – қашанда технологиялық ілгерілеумен байланысты, қоғам ілгерілеуін үдету мүмкіндігі мол, қуатты даму факторы.
Сондықтан бұл реформа – ұлттың рухани және саяси бірегейлігін (identity) айқындайтын әрі қазіргі мазмұн жасау және оны тарату технологияларының мүмкіндіктерін мейлінше кең қолдануға жол ашатын қадам.
Ал талқылауға ұсынылған алфавит жобасына келер болсақ, өз басым таңдалатын таңбалардың ағылшын тіліне арналған пернетақта (keyboard) аясынан шықпағанын қалар едім. Қазақтілді мазмұнмен, мәтінмен жұмыс істейтін орта мұны қолдайды деп ойлаймын. Ұсынылған нұсқа осы талапты ескерген.
Латын пернетақтасында 26 әріп пен ‘ (apostrophe) белгісі бар. Осының негізінде тіл нормаларын бұзбайтын әрі қолданысқа ыңғайлы қазақ алфавитін жасауға әбден болады. Ол үшін бір дыбыс – бір әріп қағидасына байлану шарт емес, алайда дифрафтардың санын да тым көбейтуге болмайды. Меніңше, кейбір дыбыстарды бере алатын 3-4 дифрафтан аспаған дұрыс.
Әліппе жаңарту – әр адамға қатысы бар, кең қоғамдық талқы талап ететін аса маңызды іс. Сол талқылау басталды, оған әрқайсымыз үн қоса аламыз. Тек талқылау мен ұсыныс айтудың мәдениетін сақтайық.

Ерлан САИРОВ, саясаттанушы: ТІЛІМІЗДІ МОДЕРНИЗАЦИЯЛАУ МҮМКІНДІГІНЕ ИЕ БОЛАМЫЗ
– Біз XXI ғасырда өмір сүрудеміз, Жер шары халқының 80 пайызы шама-шарқынша латын әрпін пайдаланады. Бүгінгі инженерлік ойлар, дәлме-дәл ғылымдар, инновациялық технологиялар латын әрпімен жасалады, яғни бұл әріпті жоғары технологияның әріптері деуге болады.
Латын әліпбиіне көшкеннен соң қазақ тіліндегі жаңа терминдерге байланысты келеңсіздіктер жойылады. Бұл реформаны қабылдау арқылы біз басқа халықтар сияқты өзге тілдерден алған сөздерді өз фонетикамызға жақындатып алатын боламыз. Бізге тілімізді модернизациялау қажет, яғни басқа әліпбиге көшу кезінде тілімізді модернизациялау мүмкіндігіне ие боламыз.
Латын әліпбиі қолдануға өте ыңғайлы. Кез келген гаджетте, әлемнің кез келген нүктесінен стандарттық QWERT клавиатурасын пайдаланып жаза аламыз. Жастарымыз гаджет, айфон, смартфондарды баяғыдан бері пайдаланып жүр, олар бізден ақыл сұрап жүрген жоқ, сұрамайды да.
Қазақ әдебиеті – әлемдегі ең бай, тегі асыл әдебиеттердің бірі, оның сөздік қоры бүгінгі әлемдегі алдыңғы қатарлы тілдерден де көп, тіліміздің қайталанбас дыбыстық алуантүрлілігі ғана емес, пәлсапалық түсініктері, рухани мағыналылығы және құндылықтарымен ерекше.
Бұл пікірмен ешкімнің таласа алмасы анық. Бірақ жазушыларымыз бен ақындарымыздың көптеген шығармалары алыс шетелге тарай алмады.  Парадокс болса да айтайын, оның бір себебі кириллицада жатыр.
Мәселенің түп-тұқияны – оның модификациялығында, латын әліпбиінің құрамдас бөлігі екендігінде, оның филиалы екендігінде. Тиісінше біздің тіліміз «тілдік филиалдың филиалы». Басқа тілге аударған кезде шығарманың барлық мағынасы мен мәнінің 30 пайызы жоғалады.
Ал шығармаларымызды әуелі орыс тіліне, сосын ағылшын тіліне аударған кезде оның мән-мағынасы мен құндылықтарының 60 пайызын жоғалтамыз. Сол себептен де әлем кеңістігі біздің шұрайлы тілімізден бейхабар, оның мағыналық және құндылық кереметтілігін білмейді. Мәселенің түп-тұқияны осында.
Егер латын әліпбиін ендіру процесінде кешігер болсақ, кері кеткеніміз кеткен. Ең жаманы, «тарих дөңгелегіне» ілесуден қаламыз, мүмкін, мәңгілік артта қалармыз.
 

« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (8)
Ғапур | 14 қыркүйек 2017 17:19
негізгі мәселе әліпбидің ішінде емес,сол әліпбидің екі тілде сөйлейтін мемлекетте қолданылатын екі тілдің бірін ауыстырып,екіншісін ауыстырмайтынында болып тұр ғой.
Маржан | 15 қыркүйек 2017 11:07
Осы әліпбиге көшсек барлық әлем пайдаланатын интернетке ену үшін бұрынғыдай біресе қазақ, біресе ағылшын таңбаларына ауысып уақыт жоғалтпас едік.
Жәңгір | 15 қыркүйек 2017 12:57
Бұл әліпбидің түпкі мақсаты - қазақ халқын жою. Одан басқа түк те емес. Латын әліпбиіне өтуді қолдамайтын ұлтжанды қазақ аз. Бірақ дәл мынадай нұсқада емес. Кремлдің аса қарсы шықпағанына ішім қылп етіп еді. Соған қарағанда түпкі арам ниет
- түркі халықтарының әліпбилерін бірін-бірі түсінбейтіндей етіп бұзып, олардың бірлігіне жол бермеу болса керек. Түрік әліпбиіне ұқсас етіп жасаудан ат-тонын ала қашудың басқа себебі жоқ.
МАМ | 15 қыркүйек 2017 14:06
кор болдын КАЗАК *МАМАЙДЫН КЕРИ КЕЛДИ
Alac | 15 қыркүйек 2017 15:17
Бұл әліпбидің түпкі мақсаты - қазақ халқын жою. Одан басқа түк те емес. Латын әліпбиіне өтуді қолдамайтын ұлтжанды қазақ аз. Бірақ дәл мынадай нұсқада емес. Кремлдің аса қарсы шықпағанына ішім қылп етіп еді. Соған қарағанда түпкі арам ниет - түркі халықтарының әліпбилерін бірін-бірі түсінбейтіндей етіп бұзып, олардың бірлігіне жол бермеу болса керек. Түрік әліпбиіне ұқсас етіп жасаудан ат-тонын ала қашудың басқа себебі жоқ.

Bul kisi durys aitady!
мен | 15 қыркүйек 2017 16:59
қалай жазылса солай оқылады. қор болдың қазақ.
Мәке | 16 қыркүйек 2017 14:51
Мен осы пікірге қосыламын.
Unknown | 18 қыркүйек 2017 04:02
Енді арыз шағымдарды мемлекеттік органдарда болашақта қазақша болса тек латын, орысша болса кирил харпінде жазуға бұйырады. Бұл дегеніңіз қазақтың көпшілігі латын харпін білмегеннен немесе латын харпімен жазуға үйреншікті еместігінен орысша толтырады. Яғни орыс тілінің үстемдігі өседі деген сөз.
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті
Осы тараудағы мақалалар