1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Шешенстандағы қираған халыққа қол ұшын созған біздің ағайындар. Грозныйдың төріндегі көпқабатты зәулім үйдің құрылысына қаржыны да берген қазақтар. Сол үшін де Рамзан Қадыровтың қолынан алғас алған Иманғали Тасмағанбетовтің күйеу баласы Кеңес Рақышев. Дәл сол марапаттау кезінде ақкөңіл, дархан қазақ жігіті шешенстанның «Терек» футбол клубына автобус, өзінің астында мініп жүрген ұшағын сыйлап және Грозныйдағы аурухананың құрылысын толық көтеретінін айта кетті. Бұл қайдан тасыған байлық, қай көңілден кеткен кеңшілік екенін біле алмадық.
Автор: alaman.kz, 19.06.2010 ж.
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш 1 қаңтар, бейсенбі 1970
14 қыркүйек 2017
Каталина Девандас АГИЛАР:МҮГЕДЕКТЕР САУ АДАМДАЙ ӨМІР СҮРУГЕ ҚАҚЫЛЫ

«Мүгедектерді қолдап-қорғауда Қазақстан жауапты қадам жасап жатыр, әйтсе де әлі нақты іс-шараларды жетілдіру қажет», – деп мәлімдеді БҰҰ-ның мүгедектер құқығы жөніндегі арнайы баяндамашысы Каталина Девандас Агилар елімізге келген ресми сапарында.

«Бұған дәлел ретінде Қазақстанның әлеуметтік қамсыздандыру саласына жүргізіп жатқан реформасын және мемлекеттің денсаулық сақтауды жан-жақты қолдауға бет бұрғанын айтуға болады», – деп мәлімдеді БҰҰ өкілі. Сондай-ақ сарапшы өз сөзінде елімізде мүгедектерге көрсетілетін қолжетімді жәрдемнің мүмкіндігінше жетілдіріле бастағанын тілге тиек етті.
Каталина Девандас Агилар мүгедектерді қоғамнан оқшаулау түйткіліне баса назар аударды. Олардың дені сау адамдармен бірдей өмір сүруге құқығы бар екенін ерекше атап өтті. Мүгедектер мен мүгедектігі бар адамдардың көпшілікпен бірдей білім алуға және елдегі саяси өмірге еркін араласуға, әсіресе сайлауға қатысуға қақысы бар екенін айрықша айтты. «Мүгедектер құқығын қорғау жөніндегі конвенцияға сәйкес, мүгедектердің қоғамда өз бетімен өмір сүруіне құқығы бар. Бірақ бұл іс жүзінде маңызды мәселе. Елде балалар мен ересектері бар – жалпы саны 15 мың мүгедек жан оқшауланған мекемелерде өмір сүреді және олардың қоғаммен ешқандай байланысы жоқ. Мұндай мекемелерде мүгедектерге қатысты зорлық-зомбылық пен оларды деградацияға әкеліп соқтыратын қарым-қатынас жиі кездеседі. Маған осыған қатысты шағымданған адам бар», – деді Каталина Девандас Агилар. Оның пікірінше, мүгедектерге арналған жаңадан мекемелер мен ғимараттар салуды жалғастыру мүлдем дұрыс емес.
– Мен үкіметке ондай мекемелерге жаңа пациентті қабылдауға мораторий енгізуді және ондай мекемелерді жауып, мүгедектерге қоғам болып қолдау көрсетудің нақты жоспарын жасауды ұсынамын. Оқшауланған мекемелерде тұру ешқашан жеңілдік бергендей немесе әлеуметтік көмек көрсету болып қарастырылмауы тиіс, – деді Каталина Девандас Агилар. Одан әрі сарапшы мүгедек балаларға инклюзивті білім беруді жетілдіру қажеттігін ескертті. Мүгедек балалардың дені үйде оқшау білім алады. Бұл көп жағдайда дұрыс емес, олардың қоғаммен бірдей өмір сүруі үшін жалпы білім беретін мектептерге қабылдануы тиіс. Үйде уақытша оқытуға болады, бірақ ол ортақ үрдіске айналмауы тиіс», – деді өз сөзінде сарапшы.
БҰҰ баяндамашысы Алматы мен Астанада бірқатар мекемеге барып, еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігі, білім және ғылым министрлігі, қаржы министрлігінің өкілдерімен, түрлі департаменттердің шенеуніктерімен және қоғамдық белсенділермен кездесті. Ол келесі жылы наурызда Женевада Қазақстан бойынша баяндамасын ұсынуды жоспарлап отыр. Ол бұл жолғы сапарынан мүгедектер құқығын қорғауға қатысты түйгендерін әзірге алдын ала жасалған тұжырым ретінде бағалайды.

Г.ҚАПАН

« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті
Осы тараудағы мақалалар