1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Осы күнге дейін көп нәрсе айтылды ғой. Бұл неткен үнсіздік деген сұрақ менің көкейімде әр кез тұрады. Мен күнде таңертең тұрғанда бір жақсы хабар естігім келіп тұрады. «Зәкеңді өлтірген адамдарды тауыпты», я болмаса «сол істі қайта қарауға кірісіпті» дегендей хабарларды естігім келеді. Бірақ, өкінішке қарай, қазір бізде құлақ естімейтін, көз көрмейтін уақыт болып тұр.
Автор: Мақпал Жүнісова, Қазақстанның халық әртісі, әнші
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш 1 қаңтар, бейсенбі 1970
14 қыркүйек 2017
257 шақырым жолды алты сағат жүрдік

Жақында Астанадан Таразға жеңіл көлікпен сапарға шыққан едік. Жолшыбай Балқаш көліне шомылып, қазақ жерінің ұшы-қиыры көзге көрінбейтін кеңдігін айтып, жеріміздің әсемдігін Алланың берген кеңшілігі деп санап, шүкіршілік етіп марқайып келе жатқанбыз. Алматыға қарай ирелеңдей созылып жатқан кең әрі тегіс тас жолмен зымырап келе жатқан көтеріңкі көңілімізді Бурылбайталдан басталатын жол ізім-қайым жоқ қып жіберді. Жамбыл облысының Мойынқұм ауданы арқылы Шу қаласына апаратын 167 шақырым тас жолды 4-5 сағатта, Шу қаласынан Меркі елді мекеніне дейінгі 90 шақырымдық жолды 1,5 сағатта әрең дегенде жүріп өттік.

Осы жолмен күніне жүздеген, мыңдаған машина өтіп жатыр. Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, арысы батыс облыстар, алыс-жақын шетелден келетін көліктер жүретін жолды жөндеу ешкімнің ойына кіріп-шықпай ма деген ой келді. Сау-тамтығы қалмай, әбден ойылып кеткен осы жолда қаншама көлік бұзылып, қаншама қарапайым халықтың қалтасын жұқартып жатыр десеңізші. Осы жағдайдан кейін жүк тасымалдау да қымбатқа түсері анық. Себебі күз айларында оңтүстік өңірден көкөніс, жеміс-жидек, мал өнімдері ағылады емес пе? Ендеше, ел экономикасының күретамыры болып жатқан осы жолды шұғыл жөндеуді неге қолға алмасқа? Бас-аяғы 257 шақырым ғана болатын тас жолды жөндеуге қауқарымыздың жетпей тұрғаны ма? Бұл трассаны толық жөндеуден өткізіп, ақылы жолға айналдырса да кез келген жолаушы ойланбай ақысын төлейтініне сенімім кәміл.
Міне, туған жерге келіп аунап-қунап қайтатын болдым деген ойымды тағы да басқа жағдайлар бұзып кетті. Мәселен, Талас ауданы Аққұм, Бостандық ауылдарындағы көшелерде иттерден аяқ алып жүре алмайсыз, яғни жаяу жүрсеңіз қолға шоқпар немесе үлкен таяқ алып жүруге тура келеді. Себебі қабаған иттерге талануың мүмкін және қолға таяқ ұстап, түртінектеп жүрмесең түн ішінде ауыл көшелерінде шұңқырға түсіп кетуің мүмкін. Көшеде жарық жоқ. Ауылдың ішіндегі жолдар жөндеу көрмегені былай тұрсын, бір кездегі асфальті жоғалып кеткен.
Ауылда жарық күнде өшіп қала береді екен. Қашан жанады деп жарықты күтіп, жана қалған жағдайда өшіп қалмай ма деп қорқып отырасың. Бір жаманы, ұялы телефондар токпен жұмыс жасайды ғой, демек, интернет т.б. заманауи жетістіктерден мақұрымсың. Ауылда Beeline желісі ғана жақсы тартады екен, басқасы жақсы жұмыс істемейді.
Ауыл халқы үшін ең ыңғайлы бизнес той жасау боп кеткен сияқты. Мейрамханаларда күн сайын той. Той өткізу арқылы ағайын-жекжаттарынан өткенін қайтарып алып, бар ақшасын кафе-ресторан қожайындарының қалтасына салып беріп, «шүкір, той өз-өзін ақтады» деп қол қусырып отыратын қайран қазағым. Осы тойхана, мейрамханаларды қаптатқанша неге тігін цехтарын, өнеркәсіп орындарын, қағаз жасау, тері илеу, пластик өндірісі сияқты өндіріс орындарын ашып, өркениетке жол тартпасқа деп қынжыласың.
Кәсіп бастағандарға жағдай жасау былай тұрсын, өкіметтен бөлінетін субсидия, тағы басқа жеңілдіктерді алу үшін қыруар құжат талап етіп, ақыр соңында кәсіпкердің жүйкесін жұқартып, шашын ағартады екен. Осының нәтижесінде айтылмайтын, жазылмайтын «тәртіпті» орындасаң ғана мәселең тез шешілетін көрінеді... Биыл жолдас жігітім екеуміз қауын-қарбыз екпекші болып, екі гектар жерді жалға алған едік. Тірлік басталды дегеннен мәселелер туындай берді. Қаптаған Марокко шегірткесі, қайдан келгені белгісіз, сонымен алысып әлек болдық. Енді егін өсті ме дегенде су тапшылығы пайда болды. Іргедегі Талас өзенінің суы дәл егін өсе бастағанда азайып қалады. Осы өзен бойына тоспа қойып, суқоймаларын жасаса, өңірдіңтабиғатына жақсы әсерін беріп, экономикасының алға басуына ықпал етер еді. Себебі қыстай аққан мол судың аяғы құмға барып сіңіп кетіп жатқаны баршаға аян. Егер осы су сақтау қоймасын Байзақ ауданы мен Талас ауданының шекарасы түйіскен жерге (Ақмол деп аталатын жер) орнатса, екі ауданның да халқы суға қарық болары сөзсіз.
Қаратау қаласына барып қайтуды жоспарлап жолға шықтық, сөйтсек Ақкөл елді мекенінен Қаратауға дейінгі 40-50 шақырым жол жөнделгенімен, толқын-толқын болып, көліктің жылдамдығын 30-40 км/сағаттан арыға асыра алмайды екенсің. Осы жол толқындарының астындағы асфальт пен басқа да материалдар кімнің құлқынында кетті екен деп ойлағаннан басқа шараң жоқ. Тараз қаласынан Аққұм ауылына дейінгі жолда жол белгілері жоқтың қасы, қай маңда нені қағып кетеріңді бір құдай біледі...
Жамбыл жері қазба байлықтарға өте бай. Егінді де көп салады. Жеміс-жидек, көкөніс, балық және мал шаруашылығы әжептеуір дамыған. Кәсіп етуге мүмкіндік зор. Дегенмен де тарихы терең Әулиеата жеріндегі осынау олқылықтар мен арттақалушылықты көріп, қолыма қалам алып, мақала жазуға тура келді. Бәлкім, билікте жүрген кісілерге ой салар...

Ильяс ОТАРОВ
Аққұм ауылы
Талас ауданы
Жамбыл облысы

« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (1)
Дала | 17 қыркүйек 2017 10:32
Билік теглер сүртпейді.олар бұл жолмен жүрмейді де.утонушего дело рук утопайющих.дегенді білесіздер боларсындар .сол себепті өздерін бас болып өздерің жол жасайсыңдар жасамасаң солай жатады ..Ақш не ешкім келіп жол салып бермейді..
Сосын осы көктем де талай су ақты тасқын су.соларды жабу керек,неге соны ойламасқа.пайдаға асырмасқа.
.мне нағыз ЕхРоО,ЕкСпОо болар еді. .құр ЕкСпоО о дегенше.
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті
Осы тараудағы мақалалар