1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Еуропа болсын, оның ар жағындағы АҚШ болсын, ешқайсысының «Қазақстанды көтерейік, гүлдентейік» деген титтей де ойы жоқ. Мұнда олар «Қазақстанды пайдаланайық» деген оймен ғана келеді. Барлық жерде жаулап алды. Пайдаланды да, тастай салды. Тыржалаңаш шешіндіреді де, жібере салады. Соны ұғуымыз керек.
Автор: Тоқтар Әубакіров, ғарышкер
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №78 (16264 3 қазан, сейсенбі 2017
3 қазан 2017
Көші-қон саласында атқарылған жұмыстар баршылық

«Жас Алаш» газетінің 2017 жылғы 26 қыркүйектегі №76 (16262) санында «Қазақ көшінің алдындағы кезекті ор немесе «үкіметтегі бесінші колонна қайда отыр?» деген тақырыпта мақала жарық көрді. Осы мақалада жазылған сынды ескере отырып, назардан тыс қалған бірқатар мәселелерді атап өткенді жөн санаймыз.
Үкімет бекіткен тұжырымдама:
біріншіден, жақын келешекте Қазақстан құрамына кіруді жоспарлап отырған Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы елдерінің тәжірибесіне сүйене отырып, көші-қон үдерісін ырықтандыру тәсілдерін ендіруді көздеп,
екіншіден, әлем экономикасы мен елдегі ағымдағы жағдайды, ұзақ мерзімдегі сын-қатерлерді ескере отырып әзірленді.
Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, тек соңғы бес жылда келген шетелдік азаматтардың ішінде шамамен 300 мыңға жуығы қызмет бабымен, ал 204 мыңы тарихи Отанына оралған қандастарымызды құрап отыр. Сонымен бірге ел ішіндегі халықтың көші-қондық белсенділігі де қарқын алып келеді. Есепті кезеңде оның көлемі екі есеге өсті.
Осы үдерісті ескере отырып, тұжырымдаманың негізгі бағыттарының бірі этникалық көші-қон болып айқындалған. Бұл ретте мақалада жазылған «Бұл өзі қазақ көшіне қасақана әдейі қолдан ұйымдастырылатын дүние емес пе екен?» деген де бұлыңғыр ойға берілесің» делінген. Әрине, жұмыс бар жерде сын болатыны рас.
Алайда басы сонау 91-жылдары басталған бұл ұлы көш тоқтаусыз келе жатыр деп айта аламыз. Бүгінде елімізде 1 миллионнан аса қайта оралған бауырларымыз тұрып жатыр. Олардың көбі Өзбекстан (61,6 пайыз), Қытай (12,1 пайыз), Моңғолия (11,7 пайыз), және Түрікменстаннан (7,1 пайыз) келіп отыр.
Сонымен бірге қандастарымыздың оралуына қатысты ел заңнамасы да жыл сайын аясын кеңейтіп келді. Өткен жылдан бастап күшіне енген заң аясында этникалық қазақтардың қайта оралуына, бейімделуіне және кірігуіне байланысты кедергі келтіретін бірнеше проблема өз шешімін тапты. Мәселен, этникалық қазақтарға оралман мәртебесі, қоныстану аймағына қарамастан, бір жыл мерзімге берілуде. Сонымен қатар олардың Қазақстан азаматтығын алу мерзімі төрт жылдан бір жылға дейін қысқартылды. Оралмандарды ұтымды қоныстандыру мақсатында оларды қосымша еңбек ресурстарын қажет ететін аймақтарға жолдау шаралары қабылданды. Нәтижесінде өткен жылы елімізге 16,5 мың оралман отбасы көшіп келді. Бұл 2015 жылмен салыстырғанда сегіз есеге көп.
Жаңа тұжырымдама шетелдегі қандастарымызға жоғарыда белгіленген іс-шараларды сақтай отырып, тағы да елге келуге ниеттілерге қосымша мүмкіндіктер қарастырып отыр. Яғни:
1) Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы этникалық қазақтарды тұрғылықты жерінде мәдени орталықтар құруына ықпал жасап, олардың бір-бірімен және Қазақстанмен тығыз қарым-қатынасын ұйымдастыратын болады.
2) Сыртқы істер министрлігіне қарасты шетелдегі елшіліктеріміз бұл мәдени орталықтарға барлық ақпаратты жеткізіп, қажетті ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізетін болады.
3) Егер қандастарымыз елге келіп, уақытша жұмыс істеу мүмкіндігін сұраса, онда олар өз таңдаулары бойынша бір жылға дейін, үш жылға дейін немесе ұзақ мерзімді жобаларға қатысу мүмкіндігін иеленіп отыр. Этникалық қазақтарды жұмысқа тартқан жұмыс берушілерге рұқсат тегін берілетін болады. Ал шетелдіктер келетін болса, ақылы түрде ұсынылады.
4) Этникалық қазақтар қоныстанған немесе жұмыс жасауды қалайтын аймақтарда бейімдеу орталықтарын салу немесе оларға жұмыспен қамту орталықтары арқылы қызмет көрсету көзделіп отыр.
5) Ал енді келген азаматтар тұрақты қоныстанып қаламын деген шешімге келсе, онда мемлекет тарапынан бір реттік материалдық көмек (субсидия), 12 айға дейін үй жалдауға берілетін ақшалай көмек және басқа да қажетті әлеуметтік қызметтерді тегін беру қарастырылған. Осындай көмекті қазір оңтүстіктен солтүстікке көшкен тұрғылықты азаматтарымыз да алып отыр.
Тұжырымдай айтсақ, қандастарымызға өз таңдауы бойынша, көшіп келуге немесе жұмыс істеуге тек мүмкіндік емес, сонымен қатар жан-жақты мемлекеттік қолдау да қарастырылып отыр.

Нұрлыбек ЖЕҢІСБЕК, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің баспасөз хатшысы

« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті
Осы тараудағы мақалалар