1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Шешенстандағы қираған халыққа қол ұшын созған біздің ағайындар. Грозныйдың төріндегі көпқабатты зәулім үйдің құрылысына қаржыны да берген қазақтар. Сол үшін де Рамзан Қадыровтың қолынан алғас алған Иманғали Тасмағанбетовтің күйеу баласы Кеңес Рақышев. Дәл сол марапаттау кезінде ақкөңіл, дархан қазақ жігіті шешенстанның «Терек» футбол клубына автобус, өзінің астында мініп жүрген ұшағын сыйлап және Грозныйдағы аурухананың құрылысын толық көтеретінін айта кетті. Бұл қайдан тасыған байлық, қай көңілден кеткен кеңшілік екенін біле алмадық.
Автор: alaman.kz, 19.06.2010 ж.
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш № 81-82 (16268-16269) 12 қазан, бейсенбі 2017
12 қазан 2017
Торғайды ешкім қорғамайтын болды

Торғайды ешкім қорғамайтын болды дегенде біз билікті айтып отырмыз. Әйтпесе жұрт пікірі өзгерген жоқ – «Тарт қолыңды, Торғайдан!» деп желпініп-ақ отыр. Бірақ желіде желпіну бар да, аяғыңмен барып, қолыңмен қорғау бар. Қазанның 11-күні бір топ азамат қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігіне барып, Тор­ғай даласынан зымыран қалдықтарын құлатуға Ресейге жалға жер беруге қарсылық хат тапсырыпты. Міне, бұл нақты әрекет.
Ал азаматтардың хаты бағытталған қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бейбіт Атамқұлов болса совет заманынан бері биліктің «көзі, құлағы һәм тілі» «Егемен Қазақстанға» «Зымыранды құлату ауданына қатысты алаңдауға негіз жоқ» деп сұхбат беріпті. Онда министр Торғайдағы зымыран қалдықтары құлайтын аудан OnWeb халықаралық жобасын іске асыру үшін қажет екенін айтыпты. Газеттің өткен санындағы «Қасиетті Торғайды Ресейден кім қорғайды?» атты материалды дайындау барысында министр айтқан халықаралық жоба туралы біз де оқыдық. OnWeb дегеніңіз – британдық жоба. Көптеген ірі халықаралық компаниялар қызығушылық танытып отырғаны да жасырын емес. Ресей осы жобаның қатысушысы. Жоба туралы ашық дереккөздерде айтылғандай, жобаны іске асыру үшін 21 рет зымыран ұшырылады. Оның кемінде 15-і «Байқоңыр» мен Ресейдің өзге де ғарыш айлақтарынан ұшырылмақ екен. Зымырандардың ұшу кестесіне қарағанда, 2018 жылы төрт рет, 2019 жылы төрт рет, жиыны екі жылда сегіз рет зымыран ұшырылады. Қарап тұрсақ, бұл халықаралық ғарыш жобасына Қазақстанның ешқандай қатысы жоқ. Жобаға Қазақстан қатысушы ел есепті көрсетілмеген. Сонда министр Атамқұлов кімге, нені түсіндіріп жүр? «Байқоңырды» Ресей 2050 жылға дейін жалға алған. Жалға берген соң, билігің жүрмейді. Демек, «Байқоңырдан» зымыран ұшыру және оның қалдықтарының құлау ауданы дейтін мәселелерге «Роскосмос» жауап береді. Торғайға араша түсіп отырған қазақ қоғамының алаңдаушылығына, наразылығына Атамқұлов емес, Ресей өкіметі мен «Роскосмос» түсініктеме беруі тиіс. Себеп қарапайым: жер Қазақстандыкі болғанымен, оны жалға алушы, зымыран ұшырушы, халықаралық жобаға қатысушы ел – Ресей. Біздің пайымымызша, Бейбіт Атамқұловты әрі-бері безектетіп, елге «зымыран қалдықтарының құлауы қауіпсіз» деген ертегі айтқызып отырған Ресей мен Қазақстан арасындағы «Байқоңыр» ғарыш айлағын жалға алу келісімшартпен және соған қатысты ілеспе келісімдердегі ел білмейтін гәп. Әйтпесе Ресейдің жұмысы үшін Қазақстан үкіметінің ақ тер, көк тер болып жүгіретін жөні жоқ, қисынға да келмейді. Қисынға келмесе де, Ресейдің ғарыш саласындағы халықаралық жобадағы ісі өрге бассын деп зыр жүгіріп жүрген біздің үкімет Торғайды бұ дүниеде Ресейден қорғамайды, қанша ауыр болса да, бүгінгі күннің шындығы – осы.
 

Таңатар ТАҒАН

« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (3)
Қадағалаушы | 12 қазан 2017 14:11
Атамқұлов өз еркімен жүгірейін деп отырған жоқ.Жоғарыдағы көкесі бар деген соң зыр жүгіріп жүр.Халықтың мүддесін жеке қара басының қамы үшін сатып отырған осындай намыссыз, жігерсіз, сатқын биліктің мүшелері билік басында отырғанда қазақ ешқашан көгеріп, өспейді.Оған бізді ң«туфли жалағаш ырбикелерді» қосыңыз.Жердің байлығын сатып,өз қазыналарын қампитып отырған намыссыз министрлерді халық алдында әшкерелеп ату керек.Кезінде біз қазақты Сталин қырды дедік.Енді қазір қазақты қазақ өзге ұлтқа қыр
2222 | 12 қазан 2017 23:08
Tart qolndy Torgaidan!!!.qarsymz!!!
Бақылаушы | 16 қазан 2017 17:15
Бүйткен егемендігі құрысын. Ресей әлі күнге дейін біздің елді ашса - алақанында, жұмса - жұдырығында ұстап отыр, тырп еткізбейді. Семейді анадай қылып қойды, Қызылорданы мынадай қылып қойды. Торғай даласын ойыншық қылып алды. Арқалық қаласының маңы
ғарыштан келгендер түсетін жер болып тұр. Енді келіп Ахмет Байтұрсынов пен Міржақып Дулатовтың туған топырағын зымыран қалдықтарын құлататын молаға айналдырмақшы.
Киіктер қырылып жатыр. Ертең адамның қырылмасына кім кепілдік бере алады.
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті
Осы тараудағы мақалалар