1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
САУАЛНАМА
Е.Ертiсбаев: «Егер президент «ұлт көшбасшысына» қатысты заңға вето қойса, бүкiл депутаттар корпусын өзiне қарсы қойып алады», — дедi. Неге?
Депутаттарды президенке қарсы қойғысы келдi (13.6%)
Қожасына кеңес берген түрi (60.3%)
Жанашырлықпен айтты мұны (5.5%)
Саяси кеңесшi көрiпкел ғой... (20.6%)
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Үкімет қарапайым халықтың санасына ақшаны өздері тауып, өздері бөліп беретіндей амал-әрекетті сіңіруде. Бұқараның психологиясына «Үкіметтің ақшасы» дегенді құйып қойған. Жоғарыдағылар ақшаны аспаннан Құдай беріп жатқандай көреді. Осындай аса қолайлы идеологияны таңдап алған.
Автор: Ораз Жандосов
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №93 (15447) 19 қараша, бейсенбі 2009
19 қараша 2009
Қиын сәтте қол ұшын бермесе, ондай президент пен билiктiң керегi қанша?

Алматыда «Халыққа баспана қалдырайық» қозғалысының мүшелерi баспасөз мәслихатын ұйымдастырды. Олар: «Президент Н.Назарбаев билiктен кетсiн», – деп мәлiмдеме жасады.  

Естерiңiзге сала кетейiк, президент тiкелей эфирде «үлескерлер мәселесiн шешудiң қазақстандық тәжiрибесi – еш жерде кездеспейтiн жағдай» деп сөзiн былай жалғаған-ды: «Халық бөлiнген ақша үшiн мемлекетке алғыс айтсын. Борышкерлер банктерден алған несиелерiн қайтаруы шарт. Оны құқық қорғау органдары бақылап отыратын болады. Заң бар. Несие алу үшiн кепiлдеме қойылған. Сондықтан несие не кепiлзат қайтарылуы керек. Егер несие банкке қайтарылмаса, банктер жұртты қалай несиелендiредi?».
Әйтсе де, «Халыққа баспана қалдырайық» қозғалысының белсендiлерi бұл пiкiрмен мүлде келiспейтiнiн жеткiздi.
– Шынын айтсақ, соңғы сәтке дейiн үмiтiмiздi үкiлеп отырдық. Мемлекет басшысы бұл мәселеге саяси баға берiп, дұрыс шешiм шығарады, елдiң тынысы кеңейедi деп сенiп ек, – деп сөз бастады баспасөз мәслихатында «Халыққа баспана қалдырайық» қозғалысының төрағасы Есенбек Өктешбаев. – Бiрақ, сенiмiмiз ақталмады. Бiле-бiлсек, банктердiң азаматтарды қарызға батырғаны – үлкен мәселе. Шешiлмеген мәселеге нүкте қойып, борышкерлердi шетке ысыруға болмайды. Тiптi президент болса да. Президенттi халық сайлады. Өзiне жүктелген қызметiн орындамайды екен, халық орнынан алып тастауға да құқылы. Қиын сәтте қол ұшын бермесе, ондай президент пен билiктiң керегi қанша? Бұл – бiздiң талап. Бiр ғана бiздiң қозғалыстың алты мың мүшесi бар. Оған басқа да қоғамдық қозғалыстарды қосыңыз. Тiркеуде тұрмағандар қаншама. Есебiмiз бойынша дәл осы мәселеге тап болғандардың саны жүз мыңнан кем емес, – дедi.
Борышкерлердiң айтуынша, олар несиелерiн қайтарудан жалтарып тұрған жоқ. Тек уақыт керек. Сұрайтыны – қарызды қайтаруды кейiнге қалдыру. Дағдарыс. Жұмыс жоқ. Сондықтан да мүмкiндiк болмай тұрған кез. Ал үкiмет тек қана банктердi сақтап қалу жолын қарастыруда. «Оларға ешкiм несие ал деген жоқ» деп кiнәнiң бәрiн бiзге артады. Алайда, мұнда мемлекеттiң де қателiгi бар», – дейдi борышкерлер.
Баспасөз мәслихатына қатысушылар жағдай осылай жал­ғаса берсе, «Қазақстан – 2012» қоғамдық қозғалысымен бiрге 16 желтоқсанда және бiр наразылық акциясын ұйымдастыратынын ескерттi. Сондай-ақ, «Халыққа баспана қалдырайық» қозғалысының мүшелерi Алматы қалалық iшкi iстер департаментiнiң қызметкерлерi арқылы ҚР IIМ-ге үндеу жолдамақ. Онда баспанасынан айырылуға шақ тұрған қарапайым азаматтарға полицияны жұмсап, күш көрсету заңсыз екенi баса айтылған.
Дилара ИСА
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (4)
Алаш | 19 қараша 2009 22:17
дұрыс 16 желтоқсанда бізде қатысамыз!тек қай жерде болатынын айтуды ұмытпаңдар!
Мұрат Керей | 20 қараша 2009 19:56
Халықтың 67% астам жан санын ұстайтын қалың қазақтың мақсат тілегі мен ұлттық құндылықтары тілі мен ділі, діні мен өмір философиясы олар үшін еш нәрсе емес, айтып - айтып шаршаған соң қояды деп есептейді. Меніңше осы жолы халықты жақсы катанысқа келтіру керек. Олай болмағанда келесі сайламда "Нұр отан" көне әдістеріне басып, тағыда "екі жеп биге шыға" келеді. Менің ойым айтады 16 желтоқсанда майданға шығар болсақ мына апазициялық партияларда жүрген азаматтармен дұрыстап келісіп алу керек. Апазициялық партия серкелері егер қалың халық соларды жоғарыға (президент, өкімет және парламент) сайлау үшін ғана олар халықпен бірігетін болса,онда олардың қара халыққа көк-тиынғада керегі жоқ. Біз демократия деп күрес жасайды екенбіз, барлық іс қимыл сол демократиялық нормаларға сай болу керек. Кімді сайлап кімді қойатынын халық өзі шешуі тиіс. Менің жеке ұстанымым қазақ еліне басшы болатын адам таза қазақ ұлтынан екіден артық университетті қазақ тілінде(еш уақытта орысша тілден емес) жақсы нәтижемен тамамдаған,еш уақытта комсомол болмаған қазақи қаны күшті өзі жас халыққа танымал азаматтардың ішінен, құрама штаттағыдай емтихан арқылы іріктеп барып сайламға салу керек. Қазақты еш уақытта жоғартыннан тағайындаған басшы көркейтпейді.
қажы мұхамбет қаракедей | 23 қараша 2009 00:06
борышкер қолы тар болып қалғанда алғылы оған кеңшілік етіп мөлет беруі тиіс деп құранда Алланың бұйрығы бар емес пе ? Өсіммен халықтың қанын сорып отырған банктердей зұлымдарды қолдағанша езілгендердің сүйеуі болу керек .АҚШ та күйреген банктерді қазынамен демеп отырған жоқ па ? Сонда мұсылман елдің президенті кәпір әріптесінен осал болғаны ұят емес пе?
Борышкер | 23 қараша 2009 17:13
Борышкерлер борышын өтеуден қашпасы анық, ал қарапайым халықты алдап соққан құрылыс компаниялары қандай жазаға тартылады? Құрылыс компаниялары үйімізді салып, кілтін иесіне табыстаса, іс насырға шаппас еді ғой. Барінің халыққа әлі келеді әйтеуір. Депутаттар үлескерлік туралы заңды қайта қарауы шарт, яғни құрылыс компаниясы үйді уақытында табыстамаса, несиені банкке өзі төлесін. барлық шығын борышкердің мойнына жазылған. оңбағандар, көрер едім, далада көшіп-қонып, тістеріңнің суын сорып жүрсеңдер
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті