1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
САУАЛНАМА
Е.Ертiсбаев: «Егер президент «ұлт көшбасшысына» қатысты заңға вето қойса, бүкiл депутаттар корпусын өзiне қарсы қойып алады», — дедi. Неге?
Депутаттарды президенке қарсы қойғысы келдi (13.6%)
Қожасына кеңес берген түрi (60.3%)
Жанашырлықпен айтты мұны (5.5%)
Саяси кеңесшi көрiпкел ғой... (20.6%)
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
«Қазақ» деген мемлекет болмаған, «қазақта шекара болмаған» деген сыңар-езу дүниелер біз үшін өте-мөте қиын мәселе болып отыр. Бұл – сан ғасырлық тарихы бар халық үшін өте ауыр жала. Еліміз, жеріміз, шекарамыз болмаса, бұл жерге қайдан келдік? Бізге ұлан-ғайыр бұл даланы кім әкеліп берді? Бұл жердің өз иесі бар, аумағы бар. Оның иесі – қазақ.
Автор: Бекболат ТІЛЕУХАН
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш № 01 (15459) 5 қаңтар, сейсенбі 2010
5 қаңтар 2010
Зейнетақы: 30%=99 теңге. 25 %= ?

“Поколение” қоғамдық қозғалысының жетекшiсi Ирина Савостинаның айтуынша, 2009 жылдың ең басты оқиғасы үкiметтiң базалық зейнетақыға 99 теңге қосқаны болды. Қалайша? Президент 2009 жылы “зейнетақы көлемi 30 пайызға өседi” деп уәде еттi емес пе. 1 қаңтардан қазақ үкiметi тағы зейнеткерлерге зейнетақы мөлшерi 25 пайызға артады деп арнайы қаулы қабылдады. Бiрақ, бұл жылы да 99 теңгенiң жыры қайталанбайтынына кепiл бар ма?   

Сонымен, үкiмет басшысы К.Мәсiмов мырза қол қойған қаулы зейнеткерлердiң түйiлген қабағын аша ма? 25 пайызды қосқанда зейнетақы қанша соманы құрайды? “Жығылғанға жұдырық”. Базардағы баға шарықтап барады. Ендеше үкiмет белгiлеген зейнетақы зейнет­кердiң азық-түлiгiне, киiм-кешегiне жете ме? Басқа елдердiң үкiметi қариясын қалай құрметтейдi? Осы және басқа да сұрақтарды сарапқа салып, салыстырып көрелiк.
Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрi Гүлшара Әбдiхалықова “ҚазАқпарат” агенттiгiне берген сұхбатында былай дептi: “2010 жылғы қаңтардың 1-iнен бастап зейнетақы төлемдерiнiң 25 пайызға көбейтiлуi көзделуде. Былайша айтқанда, төменгi, орташа және ең жоғарғы зейнетақылар 1,25-ке индекстеледi. Базалық зейнетақы төлемi де артып, 5 981 теңгенi құрайды. Базалық зейнетақы төлемдерiн қосып есептегенде, төменгi зейнетақы 18 325 теңгенi, орташасы – 27 481 теңгенi, ең көп зейнетақы 40 001 теңгенi құрайтын болады”. Мақұл-ақ делiк. Базалық, зейнеткерлердiң тiлiмен айтқанда “президенттiк” зейнетақыға барлық зейнеткердiң қолы жетпейдi. Ендеше, 25 пайызды қосып, базалықты алып зейнетақыны есепшотқа салайық. Төменгi зейнетақы – 12 344, орташасы – 21 500, ең жоғарғысы – 34 020 теңге шықты. Билiк белгiлеген бұл зейнетақы мөлшерi аз ба, көп пе? Сондай-ақ, Қазақстанның қанша зейнеткерi зейнетақының ең төменгi мөлшерiмен күн көредi? Ең аз зейнетақы күнкөрiске жете ме, жоқ па? Мұны да таразылайық.
Зейнеткердiң бiр айға кететiн шығынын есептейiк. Ресми деректерге сүйенсек, 2009 жылы тек күнкөрiс үшiн орташа есеппен бiр қарияға айына он төрт мың теңгеден астам қаражат керек болған. Барлап қарасақ, үкiмет қарияларды жарылқап, зейнетақыны 25 пайыз­ға көтердi деп тақиямызды аспанға аттық. Әйтсе де, бұл сома оның, тiптi күнделiктi шығынын да өтемейтiн болып шықты. Бұл қалай болғаны сонда? Оған 2010 жылы базардағы бағаның өскенiн, коммуналдық төлемдердiң көтерiлгенiн, дәрiханадағы дәрi-дәрмектiң құны аспанға бiр-ақ шыққанын қосыңыз. Президент бастап, үкiмет қоштаған 25 пайызыңызды шаңында қалдыратыны анық. Ендеше шашына ақ түскен қарияңыздың тыныс-тiршiлiгiн көз алдыңызға елестете берiңiз. Күңдiкiндей ме, жоқ па? “Ары тартса арба сынды, берi тартса өгiз өлдi” деген осы шығар, сiрә. 
Қуырдақтың көкесi түйе сойғанда. Үкiмет басшысы Мәсiмов мырза шығарған қаулысына ресми тiлмен сiресiп жазылған мынадай сөздердi қосыпты: “... қаңтардың бiрiнен бастап барлық зейнетақы төлемдерiн алушыларға, оның iшiнде әскери қызметшiлердiң, iшкi iстер органдары және ҚР Әдiлет министрлiгi, қылмыс­тық атқару жүйесi комитетi, қаржы полициясы және арнайы атақ берiлген және оларға iшкi iстер органдары ҚР-ның заңнамасымен белгiленген тәртiппен қолданылатын мемлекеттiк өртке қарсы қызмет қызмет­керлерiнiң өткерген жылдары үшiн зейнетақы төлемдерiн алушыларға алатын төлемдерiнiң мөлшерiнен 25 пайызға арттыру жүргiзiлсiн”. Мұны қалай түсiнуге болады? Барлық зейнет­керлердiң зейнетақысы 25 пайызға өсе ме, әлде үкiмет тек қана құқық қорғау орындарында қызмет еткен азаматтарды жарылқады ма? Үкiметтiң бұлай сағымдай құбылып, сабындай бұзылғаны, азаматтарын бөлiп жарғаны несi? 
Айтпақшы, 37 миллион қариясы бар көршi Ресей Федерациясы 2009 жылдың өзiнде зейнеткерлердiң зейнетақысын 46 пайызға бiр-ақ көтердi. Сонымен бiрге, жаңа жылда оған және 31,4 пайызды қосты. Сонда Ресейдегi орташа еңбек зейнетақысының мөлшерi, қазақтың теңгесiмен есептегенде, шамамен отыз тоғыз мың жетi жүзге жетсе, әлеуметтiк зейнетақысы жиырма жетi мыңға сәл-ақ жетпедi.  
Дилара ИСА
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті
Осы тараудағы мақалалар