26 қаңтар 2010
Арифметиканың пайдасы жайлы
НЕМЕСЕ ЗЕЙНЕТАҚЫ ЕСЕПШОТЫН ТАЛДАУ НЕЛIКТЕН ӘРКIМНIҢ ДАҒДЫСЫНА АЙНАЛУЫ ҚАЖЕТ
Естерiңiзде шығар, бұрындары “Көңiлдi мәрелер” атты спорттық құмар ойыны болатын. Өз басым мұны бала кезiмнен бiлемiн. Кейiннен балабақша мен мектепте өз балаларыммен әртүрлi конкурстарға ықыласпен қатыстым. Бiр кездерi бұл дәуреннiң өтiп кеткенiн, әлдебiр өмiрлiк құштарлықтың жетiспейтiнiн шамалағандай болдым.
Сол кезде күйеуiм екеумiз өзiмiзге тамаша ермек ойлап таптық. Спорттық мәнi болмаса да, әлгi “Көңiлдi мәрелерден” еш кем емес. Әрқайсымыздың зейнетақы қорларымыз әртүрлi емес пе. Мiне, үш жыл бойы кiмнiң жинақтаушы зейнетақы қорының табысы жоғары, соны есептеп талдаймыз. Қай қордың шарттары жақсы, ыңғайлы, қызмет көрсету сапасы жоғары, соны сарапқа саламыз. Бiр жағынан осыны ермек қылсақ, екiншi жағынан зейнетақы қорының табыстылығын бағалаймыз.
Ендi бәрiн рет-ретiмен баяндайын. Осыдан бiрнеше ай бұрын зейнетақы қорыма жолығып, дәстүрлi ақпараттандыруды интернет-ақпараттандыруға ауыстырдым. Бұны неге бұрынырақ iстемегенiме таңым бар. Сонымен, бұдан былай зейнетақы есепшотымның көшiрмесiн қалаған уақытта ала аламын!
Қазақстан Халық банкi жинақтаушы зейнетақы қорының салымшысы екенiме қуанамын. Бұл – елiмiздегi ең iрi зейнетақы қоры. Оған 1,9 миллион адам сенiм артқан. Былтырғы жылы ол абсолюттiк рекорд жасады – оның салымшыларының зейнетақылық жинақтары 560 миллиард теңгеге жуық. Қордың салымшылар үшiн берген инвестициялық табысы 140 миллиард теңгеге жеттi. Тағы бiр қосарым – ол салымшылардың қормен байланысын оңайлататын жетiлген технологиялармен жарақталған. Бiр қызығы, менiң күйеуiмнiң қорында мұндай мүмкiндiктер қарастырылмаған. Сол себептi оған құжат алу үшiн өз қорының филиалына баруға тура келедi. Оған бос уақыт тапқанша үш күн өтедi. Бұл, әрине, аз уақыт емес. Сондықтан сайтқа кiрiп, зейнетақы шартының нөмiрi мен құпия белгiнi жай ғана терiп, қаржылық жағдайыңызды әп-сәтте бiлу әлдеқайда ыңғайлы емес пе?
Қызықтың көкесi көшiрмелердi талдай бастаған кезде басталды. Менiң көшiрмемде әрбiр айда тiркелген инвестициялық табыс сомасы, зейнетақы жарналарының жалпы сомасы және инвестициялық табыс түгел көрсетiлген. Ал күйеуiмнiң зейнетақылық есепшоты қысқартылған түрде жасалған тәрiздi. Онда айлар бойынша бөлу атымен жоқ, тек инвестициялық табыстың жалпы сомасы ғана көрсетiлген. Былтырғы жылы Қаржы қадағалау агенттiгi зейнетақымен қамсыздандыру туралы бiрыңғай шарттарды бекiтiп, онда жыл сайынғы мiндеттi есепке өткен жылдың әрбiр айындағы инвестициялық табыс (шығын) сомасы және биылғы жылдың 1 қаңтарына дейiнгi жалпы сома кiруi керектiгi айтылған-ды. Мiне, күйеуiмнiң көшiрмесiнде осы жайттар ескерiлмептi.
Ал менiң көшiрмемде былтырғы жыл инвестициялық табыстың жоғары сомаларымен айшықталған. Шындығында, тек бiр ай ғана шығын әкелiптi, оның өзi тиын-тебен ғана. Керiсiнше, инвестициялық табыс жұмыс берушiнiң зейнетақы шотына жыл бойы аударған сомасынан әлденеше есе асып түскен. Егер менiң зейнетақы есепшотымның құрылымын тұтастай алып қарайтын болсақ, онда аударылған әрбiр 3 теңгеге 1 теңге инвестициялық табыс келедi екен. Бұл – нағыз қиял-ғажайып!
Жалпы алғанда, 2009 жылы “халықтағы” номиналдық табыс коэффициентi 17,74 пайызға жеткен. Бұл барлық қорлардың номиналдық табысының орташа дәйектi коэффициентiнен 5,79 пайыздық пунктiге жоғары және инфляцияның жинақталған деңгейiнен 11,54 пайыздық пунктiге артық. Күйеуiмнiң жағдайы басқаша. Былтырғы жылы өз қорымның өтiмдiлiгi төмен қағаздарынан дер кезiнде құтылғанынан зиян шегiп, номиналдық табыс коэффициентi (К2) құлдыраған кезде “бәсекелесiм” масаттана алақанын ысқылап: “Мiне, бiз сендердi жолда қалдырдық!” деп едi. Ендi ол К2 көрсеткiшiнiң алдамшы екенiн түсiндi – оның қорының К2 көрсеткiшi жоғары болса да, нақты табыс болмады. Бүгiнде оның қорына ақша салған 20 шақты отандық компания дефолт жариялаған кезде шығындарды тiркеуге тура келдi.
Қазiр әрбiр салымшының өз қорының инвестициялық қоржынының құрылымын және қанша дефолтты қағаздарды сатып алғанын сұрап-бiлуге құқылы екенi белгiлi. Мұның өзi инвестициялық саясаттан, менеджерлердiң сауаттылығынан хабар бередi.
Менiң қорым өзiнде бар болғаны екi дефолтты қағаз бар екенiн, оның өзiнде бұл қағаздардың мардымсыз екенiн бiрден жария еттi. Басқалар мұндай қадамға барған жоқ. Өйткенi шындық салымшыларға ұнамайды, ал өтiрiк айту ыңғайсыз. “Белгiсiздiкте болу қауiптi. Болашақта менiң жинақтарымды қандай өткелдер күтiп тұрғанын бiлуiм керек” деп шешкен күйеуiм эмитенттер жайында ақпарат алу үшiн қайтадан өз қорына бет алды. Ол жерде оған өтiнiш жаздыртып алды. Содан соң “нәтижесiн бiлуге есеп дайын болған кезде, бiрнеше күннен кейiн келiңiз” деп шығарып салыпты.
Ендi мұның қажетi шамалы. Отбасылық кеңес: тәжiрибе тоқтатылсын! – деп қаулы еттi. Әңгiме ақша жайлы, нақты дивиденттер туралы немесе керiсiнше шымбайға бататын шығындар жайлы болғанда, жарысқа түсу орынсыз. Мен де, күйеуiм де зейнетақы есепшотымызды өмiрдегi басты инвестиция деп қабылдаймыз. Сөйтiп, қазiр екеумiз де “халықтық” деп аталатын қордамыз. Бiр айдан кейiн, яғни ақпанда интернетке көз жүгiртiп, қордың үмiтiмiздi ақтап жатқанына көз жеткiздiк. Осылайша, бiз, салымшылар, ендi сауаттымыз. Мына дағдарыс бiздi көп нәрсеге үйреттi. Сондықтан да бiр айдың нәтижесi шексiз дүниенiң бiр ғана бедерi екенiн жақсы түсiнемiз. Сол себептен де, әрине, тек алға қараймыз, ал тұжырымдарды жылдар өткеннен кейiн ғана шығаратын боламыз.
Мәрия Ибраева.




