1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
САУАЛНАМА
Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімов Мемлекеттік сыйлыққа ұсынылыпты. Не үшін?
Қаланы қоқысқа толтырғаны үшін
Анекдот болсын деп...
Метро салғаны үшін
...Құдай болсам дейді
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
«Еш уақытта қазақ... қазақ мемлекет болған жоқ, себебі шекарасы болған жоқ».  --- «Қытай Халық Республикасы рапс пен соя секілді жемшөп дақылдарын егу үшін бізден 1 млн. га жер сұрап отыр».
«Азаттық» радиосы
Автор: Н.Назарбаев, ҚР президенті
Жас Алаш №43 (15813) 4 маусым, сейсенбі 2013
4 маусым 2013
Жасан мырзаның жасанды тiрлiктерi жөнiнде

Биылғы жылдың 29 наурызы күнi “Жас Алаш” газетiнде М.Мыңжасарұлының “Колледж түлегi өзiн академик санайды” деген мақаласы жарияланды. Атақ-даңқын ат тарта алмайтын Жасан Зекейұлына қатысты бiршама шындықтың бетiн ашқан бұл мақала газет оқырмандарын шу еткiзгенi шындық. Оған дәлел ретiнде интернеттегi abai.kz., ult.kz порталдарының ұлардай шулағанын айту да жеткiлiктi болар. Үшбу газет Жасан Зекейұлының қарсы мақаласын да басыпты (“Күншiлдiк — жазылмайтын дерт”, “Жас Алаш”, №28, 2013жыл). Бұдан кейiн газет Сағидолла Әлидiң “Атаққұмарлық адалдықпен сыйыспас” деген мақаласын және менiң “Жасанның “куәлiктерiнiң” сыры” деген мақаламды басты (“Жас Алаш” №31, 2013 жыл ). Сол-ақ екен, “Жас Алашты” қайдам, бiздiң “Көршi” журналының редакциясына телефон соққандар көбейiп жүре бердi. Бiреуi Жасанның суреттерi мен кiтаптары туралы сөз қозғаса, тағы бiреуi... Мәселеге жұртшылықтың осыншама көңiл аударып жатқанын ескерiп, Жасан Зекейұлының жауап мақаласын қайта бiр қарап шығуды орынды көрдiк.

Жасан мырза өзiн ақтаған мақалада “Ескеретiн жайт, Қытай медицинасы институт бiтiрiп, жоғары бiлiм алмаған кез келген дәрiгерге ешқашан күрделi науқастарға операция жасатпайды және мемлекеттiк сертификат та бермейдi” дейдi. Қытайда аудандық емханаларда ашылған курстарда оқып, қыруар ота жасаған дәрiгерлердi де бiлемiз. Бұл сөз Жасанның жоғары бiлiм алғанына дәлел бола алмайды. Бұл – бiр. Екiншi­ден, Жасан мырза шынымен өзi жазғандай, Шинжяң медицина универси­те­тiн бiтiрген болса, даджуан дегендi оқыр­мандарға институт деп, институтпен тең дәрежелес оқу орны деп дәлелдеп әуре болмай, бiрден универ­ситет­тiң дипломын көрсетпей ме?!
Тағы да сөздi Жасанның өзiне берелiк: “Менiңше, бiр құжатқа назар аударуды қа­жет деп бiлемiн. Бұл М.Мыңжасарұлының жалалы сөзiне орай әдейi берiлiп отыр. Бұл құжатты М.Мыңжасарұлы әдейi көрмеген болып отыр. Бұл — 1997 жылғы 17 желтоқсандағы ҚХР, ШҰАР бiлiм ме­кемесiнiң анықтамасы.” Аталмыш “құжаттың” аудармасы жөнiнде бұрын да жазған едiк, ендi мұны тағы да қайталап берелiк:
“Шинжяң медицина уни­вер­ситетiнiң сыртқы iстер кеңсесiне
Iле облыстық аурухананың врач-хирургi Жасан жолдас қазiр Қазақстанда ғылыми атақ алу үшiн оқып жүр екен. Зерттеу iсiнiң қажетi үшiн болғандықтан бiздiң универ­ситеттiң кiтапханасынан материал оқып, қатысы барларын көшiр­мелеп алмақшы. Көмек­тесу­лерiңiздi сұраймыз. Материалдарды көшiрмелеуге бер­генде мемлекеттiң құпиялық сақтауға қатысты бел­гiле­мелерi бойынша берер­сiздер!
Шинжяң бiлiм беру ко­ми­тетiнiң сыртқы iстер бас­қармасы.
17 желтоқсан 1997 жыл”.
Жарқыным-ау, бұл ешқандай да құжат емес қой. Қы­тайша жазылған бұл өтiнiшпен Жасан бә­рi­мiздi де алдамақ па?! Оның үстiне, Жасан өзi жазып жүр­гендей, Шинжяң медицина уни­верси­тетiнiң түлегi екенi рас болса, бi­лiм ме­ке­ме­сiнiң таныстыруынсыз-ақ, университет кiтап­ха­на­сының есiгiнен кiрiп, төрiнен бiр-ақ шығар едi ғой.
Науқастардан өз бетiмен ақша алғаны жөнiндегi ақталуы да мүлде сенiмсiз...
Жасан мырза өзiнiң кiнә­сiз­дiгiн, оқуда үлгiлi бол­ғандығын дәлелдеу үшiн Қы­тайды заңды шексiз құр­меттейтiн ел етiп көрсе­тедi. Рас, Қытайда бiршама тәртiп бар екенi шындық. Бiрақ Қытай да – бiр орталыққа бағынатын тоталитарлық жүйе­дегi ел. Онда да парақорлық, жемқорлық дегендер жеткi­лiктi. Айырмасы – Қазақстандағыдай ашық-әшкере емес. Мәселен, Қытайда “артқы есiк” деген ұғым бар. Мысалы артқы есiкпен жоғары оқу орындарына кiру, артқы есiкпен жұмысқа орналасу... әрине, артқы есiкпен емделу де бар. Соның бәрiнiң артында тамыр-таныс және ақша жүредi.   
Емханасының аты “Шығыс-Тибет медицина орталығы” бола тұрса да, бiр ғажабы Жасан мырза өзiн ақтаған мақалада “Тибет ”деген сөздi аузына алмапты. Соған қарағанда, “Шығысы” шын болса да, “Тибетiнiң” бiр қайнауы iшiнде екенiн қу iшi сезетiн секiлдi.
Ендi Жасан Зекейұлының ата жұртқа келгеннен кейiнгi жасанды тiрлiктерiне тоқталып көрелiк. Қолымызға Жасан мырза туралы жазылған екi кiтап түстi: бiрiншi кiтап – “Шығыс-Тибет шипагерi Жасан Зекейұлы”, екiншi кiтап “Жарқырай бермек Жасан әлемi” деп аталады. Бұл екi кiтап та Қазақстанда жарық көрген. Екi кiтаптан да бiр байқағанымыз, Жасан мырза фотосуретке түсуге өте құмар екен. Қазақстандағы әртiс-әншiлер, ақын-жазушылар, депутаттар, генералдар, атақты ғалымдар... Жасан мырза осылармен бiрге суретке түсе берiптi.
Ендi бiз “Жас Алашқа” екi сурет жолдап отырмыз. Бұл сурет “Елбасымен жарқын жүз­десу (Әлем қазақтарының IV кезектi құрылтайы) деп аталады. Бұл сурет жоғарыда атал­ған екi кiтапқа бiрдей басыл­ған. Негiзiнде, бiз екi сурет деп отырғанымызбен, бұл – бiр ғана сурет. Бұл сурет Әлем қазақтарының кезектi құрылтайында түсiрiлген. Суретте Қазақстан президентi Н.Ә.Назарбаев бiр топ оралманмен бiрге тұр. Мiне, осы суреттегi Моңғолиядан келген оралманның орнына Жасан мырзаның суретi салынған. Яғни, Қазақстан президентi­нiң дәл жанында тұрған азаматтың суретiн алып тастаған да, оның орнына Жасан өзiнiң суретiн жабыс­тырған. Және мұның қолдан жасалғаны аңдаған адамға айқын бiлiнiп-ақ тұр.
Жасан дәрiгер екен, бiз оның кәсiбiне қарсы емеспiз. Науқастарын емдей берсiн. Бiреуге ем қонатын шығар, бiреуге қонбас, оған да түсi­нiстiкпен қарай аламыз. Бiрақ iргеде отырған Қытай мен Қазақстанның арасында өтiрiк айтқанын қалай түсiнуге болады? Жасан ұсынған құ­жат­тарда куәлiк берген орын бiр бөлек те, оның мөртаңбасы басқа болатыны қалай? Қытайша жазылған жай ғана өтiнiштi неге әлдеқандай “құжат” етiп көрсетуге тырысады? Әлде өзiнен басқа жұрт қытайша бiлмейдi деп ойлай ма? (Қазiр оралмандарды айтпаған күннiң өзiнде, Қазақстанда мыңнан аса студент қытай тiлiн оқиды. Оның көбi Алматыда. Қытайдың өзiнде оқып жатқандар да мыңдап саналады. Тек Үрiмжi қаласының өзiнде, қытай дәс­түр­лi емшiлiгiн оқып, үйренiп жатқан 30 бала бар). Өзiнiң айтуынша, Жасан мырза Қазақстанға отанын аңсап келген екен. Онда профессорлық, докторлық, акаде­мик­тiк атақтарды сол отанынан алмай, неге “аудармашы, редакторлардың көмегiмен” Ресейден немесе, жұрт бiл­мейтiн “Ға­рыш қуат академиясынан” алады? Жасанның атағы қалай көп болса, оған қойылатын сұрау да соншалықты көп.
Көңiлге келетiн тағы бiр сұрау: “Егер Жасан мырза Қытайда болса, осынша ас­қақтай алар ма едi?”. Жоқ! Қытай оны асқақтатпас едi. Ал мұнда ше? Жемқорлық жайлаған қоғам, орынсыз қолпаштау Жасанның өзiмшiлдiгi мен атаққұмарлығына құнарлы топырақ болған секiлдi.
Қателiктi мойындау да – ерлiк. Жасан мырза ең абзалы жұртты сотпен қорқытпай, өзiне де сын көзбен бiр қарап көрсе қайтедi? Ең дұрысы, атақты ақын, жазушыларды, ғалымдарды, қайраткерлердi, президенттi өзiнiң беделiн көтеру, жарнамасын жасау мақсатына пайдаланбай-ақ қойса игi едi. Нағыз мықтылар басқалармен қатар түскен суретiн, көңiл қошы келгенде олардың атын айта салған бiр ауыз жылы сөзiн малданбай да қоғамнан ойып тұрып өз орнын табады.
Ибраһим Қошқари.
 
 
АЗАМАТТЫ ҚОЛДАУДЫҢ ОРНЫНА...
Бiз бiр топ жетiсулық Ауған соғысы ардагерлерi сiздерге төмендегi хатты жолдап отырмыз. 2013 жылы 29 наурызда “Жас Алаш” газетiнде “Колледж түлегi неге өзiн академик санайды?” атты мақала жарық көрдi. Бұл мақала, бiздiңше, “тисе терекке, тимесе бұтаққа” деп, шала-шарпы жазыла салғандай.
Жасан Зекейұлының iсi дұрыс немесе бұрыс екенiн құзырлы органдар анықтауға тиiс. Бұл жерде журналист соттың мiндетiн атқара алмаса керек.
 Бiз Ж.Зекейұлын Шығыс медицинасын меңгерген бiлiктi дәрiгер, қайырымды жан, абзал азамат ретiнде бiлемiз. Ауған соғысы салдарынан науқас болған Берiк Нұрқасов, Асылбек Нұржiгiт, Серiк Белiсбаев сынды ардагерлердi ол ешқандай ақысыз, тегiн емдедi. Сол кiсiнiң шипалы емiнiң арқасында қазiр ардагерлердiң көңiл-күйi жақсы. Сондықтан бiз Ж.Зәкейұлына амандық тiлей отырып, оны жалған жаладан арашалауды сұрап, “Жас Алашқа” арнайы хат жолдап отырмыз.
Ата жұртқа оралып, мемлекеттен көк тиын сұрамай, өз тiрлiгiн өзi iстеп отырған осындай азаматты қолдаудың орнына, көреалмаушылық танытқанымыз қалай болар екен?
Бiздiң елiмiзде басқа ұлттың өкiлдерi кәсiптерiн ашып, халқымыздың үстiнен күнiн көрiп жүрсе де, оларға ешқандай уәж айтпаймыз ғой. Ал ендi өз қандасымыз жетiстiкке жетiп жатса, оларды “оралман” деп аяқтан шалатынымыз несi? “Ағайынның аты озғанша, ауылдастың тайы озсын” деген халық емеспiз бе, күншiлдiктi доғаратын мезгiл де жеткендей.
Ауған соғысы ардагерлерi атынан:
Әдiл Әбдiқалық, Түгелбай Сәрсенбай және т.б.
Алматы қаласы.
 
ЖАНЫМЫЗ ҮШIН КIМ КӨРIНГЕНГЕ ЖЕМ ДЕ БОЛЫП ЖАТЫРМЫЗ
Жасан Зекейұлының дақпырты сонау Атыраудың бiр түкпiрiнде жатқан бiзге де жеттi. “Ойбай, Тибет медицинасының маманы екен” дегеннен кейiн, қу жанға шипа iздеп жүрген бiз байғұс қалай шыдайық, жер түбiнен Алматыға келдiк. Мен өзiм еңбек ардагерiмiн. Буын-буындарым сырқырап, жүре алмайтын халге жеттiм. Содан кемпiрiм сүйемелдеп Жасан мырзаға да жеттiк-ау...
Мен Жасан мырзаның емханасында сәуiр айының аяғы мен мамыр айының басында болдым. 180 мың теңге төлегенiм де есiмде. Мұның сыртында да бiраз шығындандық. Ем қонбады. Содан қайтатын болдым. Қайтар күнi Жасан Зекейұлының өзiне жолығып кетпек болдым. Екi сағат, сонан кейiн төрт сағат күттiм. Не керек, қабылдамады. “Бұлардың iзетi ақша алып алғанға дейiн екен-ау, ақша алып алғаннан кейiн сенiмен iсi де болмайды екен ғой...” деп қатты ренжiдiм. Содан Қызылқоғама қайтып кеттiм.
Жарты жылдан кейiн “Ақтау қаласында Қарағандының мединститутын бiтiрген, содан кейiн Қытайда арнайы емшiлiк оқу оқып келген бiр әйел бар. Соған көрiн” дедi таныстарым. Көрiндiм. Мың болғырдың қолы да жеңiл екен, бiлiмi де, бiлiгi де артылып тұр. Содан тәуiр бола бастадым. Бұрын үйден шығу мұң болса, қазiргi күнi ағайын-туыстың қазасына, жекжат-жұраттың той-томалағына өзiм жүрiп бара беремiн. Ауырғандай болсам, өзiмдi жайсыз сезiнсем, Ақтауға телефон соға қоямын, дәрiгерiм не iстеу керектiгiмдi түгел айтып бередi...
“Жас Алашта” М.Мыңжасарұлының Жасан Зекейұлы туралы “Колледж түлегi өзiн академик санайды” деген мақаласын оқып шыққаннан кейiн өзiмнiң Жасан мырза туралы бекер күдiктенбе­генiмдi ойладым. Содан өзгелер мен сияқты алданып қалмасын деп, осы хатты жолдап отырмын. Мың жасағыр М.Мыңжасарұлына зор рақмет айтамын, өйткенi бiз осындай мәселеге өте атүстi қараймыз ғой. Мұндайды ұсақ-түйек деп елей де бермеймiз. Мiне, осындай көңiлшектiгiмiз әлдебi­реу­лердiң елдiң үстiнен күн көруiне, жеңiл жолмен арам ақша табуына септеседi.
Жәрдем Жауғашаров,
Қызылқоға ауданы,
Атырау облысы.
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (2)
krimbek | 1 сәуір 2014 09:57
Озық ойдың жаршысына айналған “Жас Алаштың” М.Мыңжасарұлының мақаласын жариялағаны өте дұрыс. М.Мыңжасарұлының мақаласы күншілдік емес нағыз шындық. Науқастар өтірік жарнамаға алданбасын деп халықтың жағдайын ойлаған Мыңжасарұлына рахмет.жасай мен жасан науқас емдемейді тек журнал арқылы жалған жарнамамен алдап науқастардың ақшасын алады.жасанның ақшасына бола жалған жарнама жасаушылар науқастарды алдап шақырғаны үшін жасанмен бірге ҚР заңы алдында жауап беретінін ойлануы керек.
Виктор Петрович | 21 сәуір 2014 21:55
В Костанайской области завершился суд над Аулиекольской районной больницей. Иск против медучреждения подавал гражданин Н. Он требовал взыскать 0,5 млн тенге за неправильно поставленный диагноз, из-за которого он длительное время неправильно лечился, сообщила пресс-служба облсуда.
за неправильно поставленный диагноз и за врачебную ошибку Жасай и Жасан тоже должен вернуть денги пациентам
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті