1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
“Мен әлемнiң 141 елiн аралаған адаммын. Солардың iшiнде өз мемлекетiнде өз тiлiнде өмiр сүре алмай отырған бейшара халықты көрдiм. Ол – қазақтар”
Автор: Италияның қазiргi заманғы кәсiпкерi, жиһанкез Реналью Гаспирин
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №4 (16190) 17 қаңтар, сейсенбі 2017
20 қаңтар 2015
Журналистермен болған кездесуiнде Инвестиция және дамыту министрi Әсет Исекешев ресейлiк рубльдiң құлдырау жағдайы және қазақстандықтардың көршi елдердiң дүкендерiнен тауар тасуы туралы сөз қозғады. Мұнай бағасымен бiрге құлдыраған рубльдiң жағдайынан кейiн Ресейде көптеген тауар түрлерiнiң бағасы да күрт төмендегенi есте.
15 қаңтар 2015
“Отаным”, “қазағым” деген асыл мақсатпен көшiп келген едiк...
Жақында “Жас Алаштан” қоғам қайраткерi, жазушы Софы Сматаевтың “Айтылмай қалған сөз” деген мақаласын оқыдым. Мақалада Қазақстанда әлi iстелiнбей жатқан мәселелер туралы бiраз орынды пiкiрлер айтылыпты. Расында бiр миллионға жуық көшiп келгендер шетелде жүрiп ашыққанынан немесе қорлық көргеннен көшiп келген жоқ. “Отаным”, “қазағым”, “...өмiр бойы бiр болайық” деген асыл мақсатпен көшiп келген. Солардың бiрi – мен.
15 қаңтар 2015
Түстен кейiн маңыраған ақсақ қой семiргеннен басқаны ойламаса керек

Қоғамды дүрлiктiрген автоорындық мәселесi кеше парламентте де қызу талқыланды. Талқыланғанда да былайғы жұртты таңғалдырды деуге болады. 12 жасқа дейiнгi баланы көлiкте арнайы құрылғымен бекiтiп отырғызу туралы жаңа жол жүру ережесiн мәжiлiс спикерi Қабибулла Жақыпов сыбайлас жемқорлықтың бiр түрi деп сынға алды. Ал “Ақжол” партиясының өкiлдерi жаңа заңның мерзiмiн керi шегерудi сұрап, үкiметтiң атына сауал жолдады.

13 қаңтар 2015

Шымкент қаласы әкiмдiгiнiң ұйытқы болуымен көктем, күз, қыс айларының әр сенбiсiнде облыс орталығының әл-Фараби алаңында ауыл шаруашылығы өнiмдерiнiң жәрмеңке-көрмесiн өткiзу дәстүрге айналғанына шаһарлықтар дән разы. Мұнда көкөнiстердiң, жемiс-жидектердiң, ет, сүт, балық, жалпы азық-түлiктiң барлық түрiнiң құны базардағыдан 15-20 пайыз төмен. Тiптi, балды да арзан бағамен алуға болады. Қымбат болмау себебi, билiк тарапынан ұйымдастырылатын муниципиалды базарда сату қызметiне, орнына салық салынбайды.

8 қаңтар 2015
Автоорындық және демография

Жол қауiпсiздiгiне қатысты енген өзгерiстердiң ең тәуiрi – 12 жасқа дейiнгi балаларды автоорындыққа таңуға мiндеттейтiн талап. Ендi қаршадай балаңыздың бәрiн қаз-қатар қонақтаған қарлығаштай, көлiктiң артына көгендеп қоясыз. Бiрақ жiппен матап, арқанмен байламайсыз. Астына бiр-бiрден қауiпсiз орындық сатып әпересiз. Бүгiн автоорындықта шiренген бала ертең ат жалын тартып мiнгенде үлкен орындыққа неге қызықпасын!? Яғни, баланы бастан деген – осы. Демек ұрпақ қамын күйттеген үкiмет сiздiң балаңызды мәнсапқа елiктiрiп отыр. Ал ендi осыны түсiнiп жатқан қазақ бар ма?

6 қаңтар 2015
Зейнетақыға қосылған 9 пайыз итке тастар сүйекке жетедi екен

2015 жылғы 1 қаңтардан бастап, елiмiздегi зейнетақының көлемi 9 пайызға көбейдi. 2015-17 жылдар­ға арналған әлеуметтiк қамтамасыз ету мақсаты бойынша бөлiне­тiн қаржы сомасы – 5 миллиард 885 миллион теңге. Бұл ақшаның 1 миллиард 713 миллион теңгесi 2015 жылғы әлеу­меттiк төлемақыларға үстеме пайыз ретiнде қо­сылмақ. Әлеуметтiк және мемле­кет­тiк жәрдемақы 7 пайызға кө­бейтiледi.

23 желтоқсан 2014
Қайыр сұрасаң – жауапқа тартыласың немесе тапқаныңды полицеймен бөлiсесiң

2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстанда қайыр сұрап, азаматтардың мазасын алған адамдар жауапкершi­лiкке тартылады. “1 қаңтардан бастап күшiне енетiн жаңадан қабылданған Әкiмшiлiк құқық бұзушылық кодексiнде қоғамдық тәртiп пен адамгершiлiк құндылықтарды бұзушылыққа қолданылатын жазалар күшейтiл­ген”, – дедi IIМ Әкiмшiлiк по­ли­ция комитетiнiң төрағасы Игорь Лепеха өз мәлiмдемесiнде.

11 желтоқсан 2014

2006 жылы Оңтүстiк Қазақстан облысындағы 236 бала медицина мамандарының салғырт-салақтығы салдарынан атың өшкiр жұқпалы ауру – ВИЧ дертiне жаппай шалдығып, жұртты ұлардай шулатқан дау-дамайды алыс-жақын ше­телдiң ақпарат құралдарына дейiн жарыса жазды. Бейкүнә балалардың өмiрiн өксiткен оқыс оқиғаға кiнәлi­лердiң бiр­қатары сотталғанымен, бәрiбiр

9 желтоқсан 2014
Желмен келген несiбе...

“Құдай жөнiн берсе, iбiлiс тонын бередi” деген рас екен. Желтоқсан айы туғалы “Апыр-ай, биылғы соғымның ретi қалай болар екен?” деп уайымдап жүрген Сағидолланың көктен тiлегенi жерден табыла кеттi. Қуанышында шек жоқ. Қалай қуанбасын, жал-жаясы төңкерiлген ту биенi бар болғаны жарты-ақ бағасына алса. Оның өзiн әлдеқайда тентiретпей, үйiне әкелiп берiп тұр. Ендi, сасатын дәнеңе жоқ.

9 желтоқсан 2014
Батыр әке мен батыр анаға қандай құрмет жасасақ та жарасады

Қазан айының 30-ы күнi Қызылорда қаласына қарасты Тасбөгет кентiнде тұрғын үй отқа оранып, 2 бүлдiршiн бақилық болды. Қайғылы оқиғаның куәгерлерi қатарында бiз де бармыз. Есiк-терезеден шарпыған жалын тiрi пенденiң бұзып-жарып iшке енуiне мүмкiндiк берме­дi. Тiлсiз жауға қарсы тұрар дәрмен жоқ, балалардың амандығын тiлеуден басқа амал жасай алмадық. Немесе батылдық, батырлық жетпедi...

4 желтоқсан 2014
Биылғы ауылшаруашылық өнiмдерiнiң жиын-терiнi Қазақстан үшiн пайда әкелмедi. Бұған дейiнгi ай сайын өзгеретiн азық-түлiк пен тұтыну тауарларының ендiгi бағасы тiптi шарықтауы әбден мүмкiн. Қымбатшылықтың алғашқы салқыны Қарағанды, Өскемен, Ақтөбе қалаларына тидi. Өскеменде қоғамдық көлiкте жүру бағасы 65 теңгеден 80 теңгеге қымбаттаса, ал қарағандылықтар жаңа жылдан жарық бағасын қазiргiден 6-7 пайызға қымбат төлейдi.
4 желтоқсан 2014
Жаңа жылды жаңа баспанада қарсы алады
“Бәйтерек” ұлттық басқарушы холдингi” АҚ-ның еншiлес ұйымы Қазақстан Ипотекалық Компаниясы 108 отбасына жаңа пәтердiң кiлтiн салтанатты түрде табыс еттi. Ендi аз ғана уақыттан кейiн босағамыздан аттайтын қой жылын 108 шаңырақ ұзақ уақыт күтiп қол жеткiзген жаңа баспаналарында қарсы алады. “Қолжетiмдi тұрғын үй – 2020” мемлекеттiк бағдарламасы бойынша Қазақстан Ипотекалық Компаниясы салған бұл 108 пәтердiң жалпы көлемi 6 мың шаршы метрден асады.
13 қараша 2014

Келесi жылдан бастап 1-2 пайыздық мөлшермен қазақстандықтарды тұрғын үймен қарық етемiз деп президент халыққа жолдау жасап жатқанда, астаналық бiр топ әйелдi полицейлер көлiгiне күшпен тиеп алып кеттi. 11 қараша күнi Астанада сүрiлетiн жатақханаларының орнына пәтер берудi талап етiп бiр топ азамат наразылық акциясына шықты. Бұл туралы “Азаттық” радиосы хабарлады.

30 қазан 2014
“Құс жолы” нәрестелерге әлемнiң жарығын сыйлады
Қазкоммерцбанк пен “Құс жолы” қайырылымдық қоры “Перiште” жобасының аясында Алматы қаласының перинаталдық орталығына арнайы офтальмологиялық лазердi сыйға тартты. Бұл құрылғы шала туылған нәрестелерде жиi кездесетiн ретинопатия ауруына ота жасау үшiн қолданылады. Офтальмологиялық ла­зердiң ретиноптия дер­тiне шалдыққан сәбилердi емдеу үшiн қаншалықты маңызды екенiн перинаталдық орталықтың директоры
23 қазан 2014

Семейде Медициналық университеттiң жоғары курс студенттерiмен кездесу барысында Денсаулық сақтау және әлеуметтiк даму бiрiншi вице-министрi Салидат Қайырбекова науқастардың денсаулығы мен өмiрi үшiн үлкен жауапкершiлiк жүктелетiн дәрiгерлерге қойылатын талап да арта түсетiнiн айтты.

беттер:«1 / 2 / 3 / 4 / 5 / 6 / 7 / 8 / 9 / 10 / 11 / 12 / 13 / 14 / 15 / 16 / 17 / 18 / 19 / 20»