1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Еуропа болсын, оның ар жағындағы АҚШ болсын, ешқайсысының «Қазақстанды көтерейік, гүлдентейік» деген титтей де ойы жоқ. Мұнда олар «Қазақстанды пайдаланайық» деген оймен ғана келеді. Барлық жерде жаулап алды. Пайдаланды да, тастай салды. Тыржалаңаш шешіндіреді де, жібере салады. Соны ұғуымыз керек.
Автор: Тоқтар Әубакіров, ғарышкер
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №50 (16236)   22 маусым, бейсенбі 2017
13 мамыр 2017
Әулиеатада әскерилер шеруі шегірткелер шеруіне ұласты

Жамбыл облысының шаруалары биыл тағы да шаш етектен шығынға батып, көресіні шырылдауық шегірткеден көретін түрі бар. Тағы да дейтін себебіміз, өткен жылы зиянкестер өңірдегі 8 мың гектар алқапты жайпаған болса, биылға қазірдің өзінде 63 мың гектар алқапты жаулап үлгерген. Шегірткелерге жан біткелі

13 мамыр 2017

БАС ПРОКУРОР Ж.АСАНОВТЫҢ, ЖОҒАРҒЫ СОТТЫҢ ТӨРАҒАСЫ Қ.МӘМИДІҢ НАЗАРЫНА!

ЖЕРДІ АРЗАНҒА АЛЫП, ҚЫМБАТҚА САТАСЫҢ
Ресми мәліметтер бойынша, Шымкент қаласында жер алу үшін кезекке тұрғандардың саны 70 мыңға жуықтаған. Ал облыс орталығында мемлекет тарапынан жер телімінің берілмегеніне 10 жылдан асып кетті. Осы себепті тұрғын үй салуға арналған жер теліміне деген сұраныс Шымкентте күйіп тұр. Оңтүстікте жер бизнесі де көл-көсір табыс әкелетін кәсіп саналады. Жылжымайтын мүлік

11 мамыр 2017
Сынып жетекшісі болғанша сиыр баққан артық

Ауылдың сиырын бағатын падашы айына 200 мыңдай ақы алады. Ал жоғары білімді мұғалімге сыныпқа жетекшілік жасағаны үшін 5000 теңге төлейді. Баладан сиырдың құны артып тұрған кезде мұғалім болып не керек? Бүгінде сынып жетекшілерінің міндеті өте ауыр. Оқушы қылмыс жасаса да, беймезгіл уақытта көше немесе көпшілік орындарда ұсталса да, сабақ уақытында ата-анасының қалауымен жалдамалы жұмыс істеп жүрсе де, кездейсоқ жол апатына ұшыраса да,

11 мамыр 2017

Биылғы жылы ауыл шаруашылығы құрылымдарын қаржыландыру мәселесі өзгеріске ұшырап, диқандар тығырыққа тіреліп отыр. Бұған дейін аудандардағы ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативтері (АӨК) шаруаларға кепіл болып, егіншілер «ҚазАгромен» еншілес «Азық-түлік корпорациясы» арқылы несие алып келген. Бірақ биылғы жылы диқандар бұл жеңілдіктен айырылып қалды. Енді олар несие алу үшін кепілдікке жылжымайтын дүние-мүлік

11 мамыр 2017

Жеңіс күні қарсаңында Семей қаласына қарасты Жоламан кентіндегі 21-ші мектеп ауласына осы ауылдан майданға аттанған 155 жауынгердің есімі жазылған мемориал тақта қойылып, мектеп ішінен «Жауынгер Мұқанбек Құрманбайұлы атындағы тарихи тағылым кабинеті» ашылды. Мемориалдың лентасын қиған Семей қаласының әкімі Е.Сәлімов те, ҰОС ардагері, запастағы полковник Ғ.Ахмеров Жеңіс мерекесі қарсаңында меценат

11 мамыр 2017

Биыл Ақтөбе облысындағы жұмыссыздықпен күресуге 6 миллиард 200 миллион теңге бөлінді. Бұрын-соңды өңірдегі жұмыссыздарды оқыту, қайта бейімдеуге мұндай қомақты қаржы бөлінген емес. Бұл қаржыға «Жұмыспен қамтудың жол картасы –2020» бағдарламасы бойынша облыстағы 19 200 адамды жұмыспен қамту көзделген. Есептеп көрсек, 6 миллиардты әр адамға шаққанда, бір жұмыссыз жанға 213 793 теңгеден тиеді екен. Былтырғы маусым айындағы Ақтөбедегі терактіден соң

5 мамыр 2017
СЭС есімізді шығарып бітті

Аудандық тұтынушылар құқықтарын қорғау басқармасының санитарлық қадағалау бөлімінің қызметкерлері оқу жылының аяғында «қансонарға» шығып, жыл бойы тексерістен көз ашпайтын мекемелерді аралап, айыппұлдар салып отыратыны қашанғы әдеттері. Ондай мекемелердің қатарына ең бірінші кезекте, әрине, мектептер ілігеді. Қыркүйектің басында-ақ мектеп үйінің

5 мамыр 2017
«ЭКСПО билетін сатып алатын компаниялар жұмысшыларын жібергісі келмейді»

«Бір айдан кейін жұмысы басталуы тиіс Астанадағы ЭКСПО-2017 көрмесін көрерменмен толтыру міндеті алпауыт компанияларға жүктелді. Олар айтқан билетті сатып алуға дайын. Бірақ жұмысшыларды көрмеге жібергісі жоқ».
Еліміздегі алпауыт компаниялардың бірінде жауапты қызмет атқаратын маманның айтуынша (аты-жөнін газет бетінде көрсетпеуді өтінді. Сұхбат аудиосы редакцияда сақтаулы –
ред.), президент әкімшілігінен ЭКСПО-2017 көрмесіне әр облыстан 100 мың адам әкелу тапсырмасының

5 мамыр 2017
Мектептегі асхана, былығы көп масқара...

НАЗАРБАЕВ ЗИЯТКЕРЛІК МЕКТЕБІНІҢ 19 ОҚУШЫСЫ АСТАН УЛАНДЫ МА?
Білім саласына қатысты мың бір мәселенің қатарында мектеп асханаларындағы жағдай да бар. Қазақстан посткеңестік елдер ішінде бастауыш мектеп оқушыларын тегін тамақтандыруға бөлінетін бюджет қаражатын ең бірінші болып қысқартқан жалғыз ел болды. «Біз жағдайы барлардың баласын тегін тойдыруға

5 мамыр 2017
Қарабұтақ қан түкіріп тұр

Ақтөбе облысы Әйтеке би ауданы Қарабұтақ ауылы тұрғындарының айтуынша, өткен оқу жылында ауылдағы 62 (!) оқушы туберкулез жұқтырған. Үш мыңнан астам тұрғыны бар бұрынғы аудан орталығына бұл қайдан келген зауал? Өкпе құрты дегенді білмейтін жұрт аяқастынан жұқпалы дертті қайдан тапты? Ақтөбеден 250 шақырым жердегі, Самара-Шымкент, Ақтөбе-Астана тас жолының бойындағы, іргесінен Ырғыз өзені ағатын Қарабұтақтың қақ ортасына

3 мамыр 2017
Семейді шалшыққа батырған енді мәдениетті қолға алды

Бала кезімізде үлгерімі нашар оқушыны үздік оқитындармен бірге отырғызып, әйтеуір, оқу жылының соңына дейін бірдеңе етіп келесі сыныпқа көшірудің амалын жасайтын мұғалімдерді білетін едік. Өйткені сыныбында оқу үлгерімінің нашарлығынан көшпей қалған оқушы табылса, мектеп директоры сынып жетекшісін аямайтын. Қазіргі күнде Семейдің әкімдігінде кадр тағайындаудың

3 мамыр 2017
Биыл талапкерлер ҰБТ-ны билетпен де тапсырады

Ұлттық бірыңғай тестілеу (ҰБТ) туралы ел ішінде әртүрлі әңгіме бар. Жыл сайын ҰБТ сұрақтарының тым жеңілдігі, ұсақ-түйек дүниелердің де қосылып кететіні «жыр» болып жатады. Өткенде ғана Баян Есентаеваның жеке өмірі, Нұртас Адамбаев түсірген кинолар тест сұрақтарына кіріп, елді бір шулатты. Оған дейін де адам түсінбейтін сұрақтар кездесіп жатты. Жалпы, ҰБТ сұрақтары қалай дайындалады? Біз осы сұрақты «Ұлттық тестілеу орталығы» РМҚК директоры

29 сәуір 2017

Қазақстанда 2 миллион 400 мың адам баспана кезегінде тұр. 700 мыңнан аса отбасы Тұрғын үй құрылыс жинақ банкіне ай сайын жарна салады. 400 мың отбасы жергілікті әкімдіктерден баспана күтіп отыр. Ал 10 сотық жер телімін алуға тіркелгендер саны – 1 млн 312 мың 831 адам. Бұл – «Нұрлы жер» бағдарламасын әзірлеген инвестициялар және даму министрлігіне қарасты құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы комитетінің ресми мәліметі. Пәтер кезегіне тұрмаған қазақстандықтардың санын

27 сәуір 2017
Сел жұтқан, желге ұшқан, жер құшқан миллиардтар...

Қазақта «Апат айтып келмейді» деген сөз бар. Бірақ бүгінгі Қазақстан үшін айғайлап, аттандап, түре тиісіп, түрлене келетін бір апат бар. Ол – су тасқыны. Иә, көктемгі жылымықта еліміздің көптеген өңірлерін су басу әрекеті кейбір адамдарға солай болуы керек секілді құбылысқа айналған. Тап бір көктемгі уақытта су тасқыны болмаса, су тасқынынан ешкім зардап шекпесе, сол жылдың сәні болмайтындай елестейді. Бұлай деуімізге де себеп жоқ емес. Өткеннен сабақ алмайтын билік пен үкіметтің салғырттығы,

25 сәуір 2017
Жақсы жалақы алу үшін жарықтың бағасын көтермек...

Онсыз да жолдың зарын айтып, запы болған семейліктер енді мамыр айынан бастап жарық бағасын 11,542 теңгелік тарифпен төлейтін болады. Бұл бұған дейінгі бағаның 3,9 пайызға өскендігін көрсетеді. Шығыс Қазақстан облысының 1,5 млн халқын жарықпен қамтамасыз етіп отырған «Шығысэнерготрейд» ЖШС-нің бұл шешімі, әрине, қарапайым

беттер:«1 / 2 / 3 / 4 / 5 / 6 / 7 / 8 / 9 / 10 / 11 / 12 / 13»