1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
«Еш уақытта қазақ... қазақ мемлекет болған жоқ, себебі шекарасы болған жоқ».  --- «Қытай Халық Республикасы рапс пен соя секілді жемшөп дақылдарын егу үшін бізден 1 млн. га жер сұрап отыр».
«Азаттық» радиосы
Автор: Н.Назарбаев, ҚР президенті
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №33 (16219)   27 сәуір, бейсенбі 2017
12 қаңтар 2017

Қаламқас кенiшiндегi аштық жариялай жүрiп жұмыс iстеп жүрген мұнайшылардың бiрi қаңтардың 11-iнен берi талаптарына назар аударту үшiн таңғы 6-дан кран басында отыр. Ол “Қазақстан Республикасының тәуелсiз кәсiподақтар конфедерациясын тiркеудi және оның төрайымы Лариса Харьковаға қылмыстық қудалауды тоқтатуды” талап етiп жатыр.
Қаламқас – үлесi 50 пайыздан бөлiнген қытайлық CNPC пен ұлттық Қазмұнайгазға тиесiлi

12 қаңтар 2017
Маңғыстаулық 400 мұнайшы бiр апта бойы нәр татпады

Биылғы жыл маңғыстаулықтар үшiн жайсыз басталды. “Маңғыстаумұнайгаз” компаниясына қызмет көрсететiн Oil Constraction Company (ОСС) компаниясының 400-ге жуық мұнайшысы қаңтардың 5-iнен берi аштық жариялап жатыр. Олар өздерi құрамына кiрген Қазақстан Республикалық тәуелсiз кәсiподақтар конфедерациясын тiркеудi талап еттi. Қаңтардың 5-iнен берi нәр сызбаған мұнайшылардың арасында асқазан жарасы, жүрек, қан тамырлары ауруы сырқатына шалдыққандар жетерлiк. Бiр апта iшiнде олардың бiрсыпырасының басы

10 қаңтар 2017
Қазақты қаладан кетiру амалы

7 ҚАҢТАРДАН БАСТАП КҮШIНЕ ЕНГЕН ЗАҢНЫҢ ҚИСЫНСЫЗДЫҒЫНА ҚАРАП, ОСЫЛАЙ ДЕЙТIНДЕР ДЕ БАР

Алматы қаласының тұрғыны, II топ мүгедегi Амангелдi Жақсылықовтың қаламен iргелес жатқан “Қайрат” ауылында үш бөлмелi шағын үйi бар. Осы үйдi, ауладағы тағы екi жаздық баспананы ол жалға бередi. Асып тұрған жағдайы болмағандықтан (ауыз су аулада, дәретхана сыртта), баспананы арзан бағаға беруге мәж¬бүр. Оның үстiне, қаладан тысқары аймақ аумағынан үй жалдасаңыз, Алматымен салыстырғанда оның құны арзанырақ шығады. Сонымен Амангелдi үлкен үйдi 45 мыңға, екi “времянканы” 25 мың теңгеден
 

5 қаңтар 2017
Мәселе – демалыстың аз-көптiгiнде емес

Аптасына бес күн жұмыс iстейтiн қазақстандықтардың былтырғы демалысы 120 күндi құрапты. Яғни бұл 365 күннiң үштен бiрiнде жұмыс iстемедiк деген сөз. Жалпы, бiздегi ресми мереке саны – 12. Олар – Тәуелсiздiк күнi, Жаңа жыл, Халықаралық әйелдер күнi, Наурыз, Қазақстан халқының бiрлiгi күнi, Отан қорғаушылар күнi, Жеңiс күнi, Астана күнi, Конституция күнi, Тұңғыш президент күнi. Бұдан бөлек, Рождество мерекесi мен Құрбан айттың бiрiншi күнi де жұмыс күнi емес. Аталған мерекелер құрметiне биыл 17 күн демалуға тиiс едiк, бiрақ iс жүзiнде

29 желтоқсан 2016

Көзiнiң тiрiсiнде конституциялық заң қабылдатпай-ақ, жалбақайлардың жағымпазданғанына салмай-ақ, қара халықтың өзi бiрауыздан Ұлт Көсемi атап кеткен жалғыз қазақ – Әлихан Бөкейханның Алаш үкiметiн құрған кезде жария еткен тұғырнамасы бар. Онда Алаш қайраткерлерi жаңа қазақ мемлекетiнiң iргетасы 5 идеядан тұратынын жазған едi. Және ең бiрiншi ұстаным – қазақтың қасиеттi жерi едi. “Жерсiз Отан жоқ” деген Алаш көсемiнiң ұйғарымынша: “Қазақтың байырғы жерiн қашан қазақтар өз бетiнше ғылым мен техникаға сүйенiп

27 желтоқсан 2016

Азғындықта шек жоқ. Екi аяқты хайуандардың көздерi ендi он екiде бiр гүлi ашылмаған бейкүнә балаларға түсе бастады. Жақында ғана Шығыс Қазақстан облысы Мақаншы ауылында орны толмас өкiнiштi жағдай орын ала жаздады. Қытайлық әлдебiр азғын 11 жастағы қызды саябаққа сүйреп бара жатқан жерiнен ұсталды. Бұл арада “киiм алып беремiн” деген сөзiне сенiп, баланы соған ертiп жiберген ата-ананың да кiнәсi шаш-етектен. Әлгi азғын солардың өздерiнiң танысы және үйден баланы алып шыққанда-ақ мас болған. Оның саябаққа жеткiзiп тастауын сұрағанынан

19 желтоқсан 2016
Талғат АЙТБАЙҰЛЫ, жазушы-публицист: ҚОНАЕВТЫ ҚЫЗМЕТIНЕН АЛУҒА СЕБЕП БОЛҒАН – ЖЕР МӘСЕЛЕСI

Желтоқсан­ның жолы ауыр болды. Ақиқатын айттырмады. Тiптi КОКП Орталық Комитетi “қазақ ұлтшылдығы” туралы арнайы қаулы қабылдады. Тұтастай бiр ұлтты өстiп мас­қаралаудан өткен қорлық бола ма? Бiрақ уақыт, тарих қашан да әдiл таразы ғой. Бәрiн өз орнына қояды. Халқымыздың қайраткер азаматы Мұхтар Шаханов басқарған, 1986 жылғы желтоқсанның 17-18-iнде бол­ған оқиғаларға байланысты жағдайларға түпкiлiктi баға беру жө­нiндегi комиссияның жұмысынан кейiн сең қозғалды. Жинақталған материалдар негiзiнде жазылған мақала, сұхбаттар қазақ, орыс тiлдерiн­дегi мерзiмдiк басылымдарда жарық көре бастады. Сол күнгi көтерiлiстiң ащы ақиқаты

19 желтоқсан 2016

Жаңаөзендегi қанды қырғынға – бес жыл. Қала көп өзгерген. Үйлердiң көше жақ қас беттерi түрлi-түстi бояумен құлпырады. Сол көшелердiң тек ел көрер бетiнiң сырттай жаңарғаны тәрiздi адамдар да сырт көзге бейқам, уайымсыз көрiнедi. Бiрақ бұл бiр қарағандағы жай көрiнiс қана. Қатқан жара жазылмапты. Мұны бес жыл­дағы азалы дастарқанда байқадым. Желтоқсан ел есiнде “тәуелсiздiк мерекесi” деген салмағы ауыр қасиеттi ұғымнан гөрi азалы күндерiмен есте қалатын болды. 2011 жылғы қанды оқиғадан соң Жаңаөзенде

19 желтоқсан 2016
Жерiмiздi қорғаушылар – Макс Боқаев пен Талғат Аянға “ХАЛЫҚ БАТЫРЫ” атағы берiлдi

Алматыда атыраулық белсен­дiлер, “заңсыз митинг ұйымдастырды”, “жалған ақпараттар таратты”, “ұлтараздығын тудырды” деген айыптармен сотталған Макс Боқаев пен Талғат Аян сырттай “Халық батыры” атағымен марапатталды. Марапаттау рәсiмi Халықаралық адам құқығын қорғау бюросының кеңсесiнде өттi. Сыйлықты Макс Боқаевтың қарындасы Жанаргүл Боқаеваға халық жазушысы Қабдеш Жұма­дiлов, Талғат Аянның анасы Ұл­дай Айназароваға құқық қорғаушы Е.Жовтис табыстады. Боқаев пен Аянға “Халық Батыры” атағын берудi ұйымдастырып жүрген қоғамдық белсендi Жанболат Мамай бұған дейiн марапаттау шарасын өткiзуге келiскен орындар­ға

13 желтоқсан 2016
Дос Көшiм, саясаттанушы: ЖЕЛТОҚСАНДЫҚТАРДЫ ЖАЗАЛАҒАНДАР ӘЛI ДЕ ҚЫЗМЕТТЕ ЖҮР. КЕШIРIМ СҰРАУ ОЙЛАРЫНА ДА КIРМЕЙДI
– Желтоқсан оқиғасына қа­тысты деректердi бiлесiз. Көте­рiлiске байланысты сот проце­сiнде аудармашы болдыңыз. Жалпы, сол кезге бiр шегiнiс жасап көрейiкшi...
– Желтоқсан кезiнде мен Абай атындағы педагогикалық институтта сабақ берiп жүрген едiм. Желтоқсан оқиғасына жұбайым екеумiз де қатыстық. Бiрақ Құдайға шүкiр, қолға түспей, таяқтан аман қалдық. Әйтпесе 18 желтоқсанда күнi бойы, басынан аяғына дейiн алаңда жүрдiк. Оның алдында 1985 жылы атақты актер Талғат Нығматуллиндi бiр топ адам Вильнюсте ұрып өлтiрген. Соның бiреуi қазақ екен. Соның iсiн мен аударып
7 желтоқсан 2016

Тәуелсiз елiмiзде орны төрде болуға тиiстi ұлағатты ұстаздарымыз әкiмшiлiк пен мектеп директорларының қолбаласына айналған. Көнбiс, жалтақ мұғалiмдерден тәрбие алып жатқан ұрпағымыздан қандай болашақ кү­темiз? Мұғалiм азат болмай, оқушы еркiн ойлы бола алмайды. Сондықтан облыстық, аудандық бiлiм басқармаларын ҚР Бiлiм және ғылым министрлiгi жергiлiктi әкiмшiлiктен өз құзiретiне өткiзiп алуы керек немесе әкiм­дiктер мұғалiмдердi “ақша жинау” мен “қара жұмысшының” орнын толтырту әрекетiн

5 желтоқсан 2016

“Жас Алаштың” тiлшiлер қосынына Жамбыл облысы Т.Рысқұлов ауданы Тереңөзек ауылы Жамбыл атындағы шағын орталықты орта мектебiнiң кiтапханашысы Талшын Акижановадан хат келдi. Хатта кiтапханашы соңғы жарты жылдың көлемiнде мектеп басшысы тарапынан әдiлетсiздiк көргенiн жазыпты. Арызына бiрнеше құзырлы органдардың жауаптарын, тексеру қорытындыларын да қоса тiркеудi ұмытпапты. Бiр сөзбен айтқанда, арызына айғақ, дәлел боларлық құжаттарын да қамдастырған. Iстiң мән-жайына

29 қараша 2016

Кiшкентай кезiмде атам Шәмшi мен Қызбол­ған әжем­нiң тәрбиесiнде өстiм. Екеуi­нiң де екi сөзiнiң бiрi – “айналайын”, “қарағым”, “ботам”, “қалқам” едi. Олар асықпай, саспай байыппен, сабырмен   тiл қа­та­тын. Олар ашаршылықты, жоқ­­­шылық пен соғысты бастан өткерген соң, iшетiн ас пен киетiн киiм таппағанын айтып отыратын. Қызболған әжем 12 құрсақ көтергенi­мен, ешбiрi тұрмаған. Менiң әкем Кеңес 1937 жылы туған. Қанқасап 37 жылды көзiмен көргендер көлең­ке­сi­­нен қорқатын едi. Сондай тағ­дыр

22 қараша 2016

Өткен аптада Ресейдiң Халықтар достығы университетi ұйымдастырған “Жастардың күшi – бiрлiкте” атты дөңгелек үстелге қатысушылар: “Бүгiнгi жастар орыс тiлiнен гөрi, ағылшын тiлiне көбiрек бет бұрып барады”, – деген ұйғарымға келiптi. Жиынға қатысушылардың пiкiрiне сүйенсек, КСРО-ның бұрынғы 14 республикасында бүгiнде 140 милллионнан астам адам тұрады және олардың 63,6 млн-ы ғана орыс тiлiн жақсы бiледi, ал 39,9 млн-ы жеңiл-желпi меңгерген, ал 38 млн адам мүлде бiлмейтiн көрiнедi.

16 қараша 2016

 Биыл Әулиеата өңiрi үшiн күз айы тосын мiнез танытты. Айналаның бәрi сары түске боялған қазан айының ортасында кенеттен тiзеден келетiн қар жауды. Жауған қарды көтере алмаған көшедегi тал-теректер тарс-тарс сынып жатты. Сынбағаны тамырымен қопарылды. Қалада жетi мыңнан астам үй жарықсыз қалды. Қалаға жақын Жамбыл мен Байзақ аудандарында да электр желiлерi үзiлiп, жұрт әбiгерге түстi. Абырой болғанда бұл жолы зардап шеккен ешкiм болған жоқ.

беттер:«1 / 2 / 3 / 4 / 5 / 6 / 7 / 8 / 9 / 10 / 11 / 12 / 13 / 14»