1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
“Мен әлемнiң 141 елiн аралаған адаммын. Солардың iшiнде өз мемлекетiнде өз тiлiнде өмiр сүре алмай отырған бейшара халықты көрдiм. Ол – қазақтар”
Автор: Италияның қазiргi заманғы кәсiпкерi, жиһанкез Реналью Гаспирин
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №4 (16190) 17 қаңтар, сейсенбі 2017
3 қыркүйек 2015
Қазақстанның екi мұнай өңдеу зауыты жұмысын тоқтатты. Жылдағы жаттанды жағдайға сәйкес, биыл да Павлодар және Атырау мұнай өңдеу зауыттары жөндеу жұмыстарына жабылды. Теңгенiң 30 пайызға құнсызданғаны, қымбатшылықтың қайта басталуы, зауыттардың жабылуы жұртты әбден әбiгерге салатыны сөзсiз. Күзгi жиын-терiн науқанының алдында жыл сайын елiмiздегi мұнай өңдеу зауыттарының жабылатыны түсiнiксiз.
27 тамыз 2015
Жаңа оқу жылындағы ескi проблемалар
Жаңа оқу жылының басталуына санаулы ғана күндер қалды. Биыл бiлiм беру саласы қандай жаңалықтармен толықты? Осыған дейiнгi жоспарлардың қайсысы жүзеге асырылып, нендей кемшiлiктерге жол берiлдi? Осы сұрақтар төңiрегiнде шағын қорытынды жасап көрсек. Қазiргi басты жаңалық – алдағы уақытта кейбiр пәндер әртүрлi тiлде өтiл­мек. Үш тiлде бiлiм беру жүйесiне байланысты ендi­гi жерде қазақ
27 тамыз 2015
Үш мүгедек қаңғып жүр үй жағалап...
Қызылорда облысының әкiмi Қырымбек Көшербаев мырзаның назарына!
Адам ауруды, бәле-жаланы, жалпы, жамандық атаулыны Құдайдан сұрап алмайды. Алдымызда не күтiп тұрғанын ешкiм дөп басып тағы да айта алмайды. Адам қолдағы бар байлықтан, денсаулықтан, ең жақынынан қас қағым сәтте айырылып қалуы мүмкiн. Бiрақ мұны өте жақсы бiле тұра осы туралы ойлана бермейтiнiмiз өкiнiштi-ақ. Қызылорда қаласынан редакцияны арқа сүйеп келген аналы-балалы Дәуi­товтер – мүгедек жандар. Тұрсынгүл әжей – 82 жаста, I-топтағы мүгедек, ал ұлы Әбсадық – 61-де, II-топтағы мүгедек.
20 тамыз 2015
Жетiбайдағы жұмысшылар талабы

“Маңғыстаумұнайгаз” АҚ қызмет көрсететiн “Techno Trading LTD” мекемесiнiң жұмысшылары биылғы мамырдағы еңбек жағдайын жақсартуды талап еткен ереуiлден соң қудалауға ұшырап отырғандарына шағымданады. Жұмыс берушi өз әрекеттерiнiң заңдылығын көлденең тартады. Олар жұмыс орындарын қысқартпау­ды, әлеуметтiк төлемдердi уақтылы төлеудi, жалақыны азайтпауды талап еткен арыздарын парламентте айтуды сұрап мәжiлiс депутаты Гүлнар Сейiтмағанбетоваға жолдағандарын айтады. Ол арызға 130 жұмысшы қол қойған.

18 тамыз 2015
Өзендегi мұнайшылардың кәсiби додасы

Тамыздың 11-12-сi күндерi Маңғыстау облысында “ҚазМұнайГаз” Барлау Өндiру” акционерлiк қоғамының еншiлес ұйымдары мен бiрлескен кәсiпорындарының 58 қызметкерлерiнiң арасында “Үздiк маман” кәсiби шеберлiк байқауы өттi. Бұл – осымен    8 рет өтiп отырған өз iсiнiң шеберлерi арасындағы тартыс. Алдымен теориялық, содан соң iс жүзiнде тәжiрибелерiн ортаға салатын доданың сыйы қомақты. 

13 тамыз 2015
Маңғыстаулық мұнайшылар Еңбек кодексiн өзгертпеудi талап еттi

Денсаулық сақтау және әлеуметтiк даму министрлiгi ұсын­ған Еңбек кодексiнiң жаңа жобасы маңғыстаулық мұнайшылар арасында үлкен қобалжу туғызды. “Онсыз да сақталмайтын құқымызды бiржола тартып алмақшы” деп санаған маңғыстаулық мұнайшылар облыс билiгiнен наразылық митингiсiн өткiзуге рұқсат сұрап хат та жазды. Қазақстан Республикасы президентi мен премьер министрiне 32 000 мұнайшы атынан аймақтағы 16 өндiрiс орыны кәсiподағы ұйымы төрағасы қолын қойып, арнайы жолдау жолдады

4 тамыз 2015
Мәңгiлiк ештеңе жоқ
Боямасыз өмiр
Мен жетi балалы бiр ананы бiлем. Ауруханада, бiр палатада жаттық. Есiмi – Айткүл. Жалғыз iнiсi бар. Өз аузынан естуiмше, жетiмнен жетiлген екен. Жастайынан ата-ана махаббатына шөлiркеп, бiрiне-бiрi қорған болып, жалтақ көңiл, жабырқау жүрекпен күн кешкен екен қос бауыр. Бiрi – әпке, бiрi – iнi болып жүрiп, жылдар өте өз шаңырақтарын көтерген.
4 тамыз 2015
Темiржолда тәртiп жоқ

Темiржолдағы жолаушылар тасымалдау қызметiнiң сапасын сын көтермейдi. Билет бағалары жөнсiз қымбаттай бередi. Ол ол ма, Алматы мен Шымкент, Қызылорда мен Тараз секiлдi қалаларда темiржол билеттерi арнаулы кассадан емес, алыпсатарлар арқылы сатылатыны көпке мәлiм. Бiрақ неге екенi белгiсiз, бұны назар­ға алып жатқан ҚТЖ жоқ, баяғы жартас – бiр жартас. “Мемлекет iшiндегi мемлекет” болып саналатын ҚТЖ-ны жайлап ал­ған парақорлықты екiнiң бiрi бiледi.

4 тамыз 2015
Темiртау тағы толқып тұр
Арқаның ақырған аязды ақпанында биыл бұл қала бiр бөрлiккен. “АрселорМитталТемiртау” компа­ния­­сының ши шығармаса, iшкенi бойына сiңбейтiн басшылығы “қаңтардың қарызынан құтылғанша, ақпанның айлығын iшiнара төлеймiз” деп тепсiнген. Ендi мiне, шiлiңгiр шiлденiң соңында компания басшылығы тамыздан бастап жұмысшылар жалақысының ширегiн қысқартатыны жөнiнде ресми мәлiмдеме жасады. Сондағы сылтауы – қаржы қиындығы.
28 шілде 2015

“Жас Алаш” газетiнiң 2015 жылғы 7 шiлдедегi №53 санында “Әдiлет iздеп арызданасыз, одан түзелiп жат­қан қоғам жоқ” деген тақырыппен көлемдi мақала жарық көрген болатын. Мақала авторы, Түркiстан қаласы Қарашық ауылдық округi Ә.Науаи көшесiндегi №57 үй тұрғыны А.Маннаповтың отбасында 6 адам тұрады. Өзiне I-топ мүгедектiгiне байланысты ай сайын 44 473 теңге жәрдемақы тағайындалған.

28 шілде 2015
Қызылағаштағы сел төтеншелiктерге сабақ болмапты
Шiлденiң 23-i күнi алакеуiмде Алматы қаласының Наурызбай ауданын сел шайып кеттi. Құшақ жетпес қой тастардың өзiн таудан допша домалатып әкелген қаработана тасқын су жолындағының бәрiн жапырып өттi. “Түнгi сағат үште Қарғалы өзенiнде су деңгейi көтерiлгенi туралы хабар келiп түстi. Тасқыннан Алматының iргесiндегi Каменка, Қарағайлы ауылдарының және Наурызбай ауданының бiраз үйлерiн су алған”, – деп бейқам мәлiмдедi Алматы қаласының төтенше жағдайлар жөнiндегi департаментi бастығының орынбасары Ерлан Нұрпейiсов.
23 шілде 2015
Бiреу тойып секiрсе, бiреу тоңып…
Әдiлхан мен Зайра алғаш шаңырақ көтерген жылы ата-аналарымен тұрған. Бiрақ айналдырған екi бөлмелi пәтерде бұл екеуiнен бөлек төрт адам бар болатын. Үйдiң тарлығы күн өткен сайын сезiле бергендiктен “Нар тәуекел!” деп қаладан пәтер жалдауды жөн санаған. Обалы не керек, хабарландыру берiлген газетте пәтердiң түр-түрi тiзiлiп-ақ тұр. Қаланың қай ауданынан, қай қабаттан, қанша бөл­мелiсi керек, бәрi бар. Бағалары да көрсетiлген.
16 шілде 2015
Таяу күндерi елiмiздiң бiрқатар аймақтарында ауа райы +43 градусқа дейiн ысуы мүмкiн. Бұл туралы Алматы қалалық төтенше жағдайлар департаментi мәлiмдедi. Департамент таратқан ақпарда 15-17 шiлде күндерi Алматы қаласы және Алматы облысының кей жерлерiнде ауа темперетурасы +33-38 градусқа дейiн, кей аймақтарда +41-43 градусқа дейiн ысуы ықтимал. Ауа райын болжау мекемесi алдағы күндерi Жамбыл және Шығыс Қазақстан облыстарында ауа температурасы +40-43 градус, Оңтүстiк Қазақстан облысында +46 градусқа дейiн жететiнiн ескертедi.
9 шілде 2015
Министр мұғалiмнiң үнiн өшiрмек
Елiмiздiң бiлiм саласы айтса таусылмайтын былықтың, дау-дамайдың ордасына айналғалы қай заман. Басшысы көп ауысатын да осы – Бiлiм және ғылым министрлiгi. Екi жыл бұрын Б.Жұмағұловтың орнына Аслан Сәрiнжiпов жайғасқанда, жұртшылықтың үмiт оты жылт еткендей болған. Әрi жас, әрi шетел көрген Асланның бiлiм саласын былықтан тазартып, бюрократияға тегеурiндi тоқтау салар деп күткендер де аз емес. Өкiнiшке қарай, бiлiм министрiнiң таяуда “DALANEWS.KZ” сайтына берген сұхбатын оқығандар бас ұстазға қатысты осыған дейiн қалыптасқан ой-пiкiрiнен айнып қалғаны сөзсiз. Сонымен тiлшiмен әңгiмесiнде министр не айтты?
16 маусым 2015
«Тегiн бәлiшке» тоқтау салынды

Алдағы жаңа оқу жылынан бастап елiмiздегi бастауыш сынып оқушыларына тегiн тамақ беру тоқтатылады. Ендiгi жерде әрбiр ата-ана баласының мектептегi тамақтану мәселесiн өзi шешуге тиiс. Баласының қалтасына ақша салып, мектеп асханасынан ас-суын сатып алуын қамтамасыз ете ме, жоқ әлде үйден оқушының сөмкесiн тамаққа толтырып жiбере ме, өз еркiнде. Бастауыш сынып оқушысына тиiстi тегiн тамақтың қаржысы бұдан былай жағдайы төмен отбасы мен жетiм балалардың тамақтануына жұмсалмақ.

беттер:«1 / 2 / 3 / 4 / 5 / 6 / 7 / 8 / 9 / 10 / 11 / 12 / 13 / 14 / 15 / 16 / 17 / 18»