“БТА Банкi” акционерлiк қоғамының еншiлес ұйымы – “Темiрбанк” акционерлiк қоғамы (Қазақстан Республикасында №4814-1900-АҚ нөмiрiмен тiркелген) қайта құрылымдау жоспарын бекiту үшiн қайта құрылымдауға қатысушы кредиторлардың жиналысын шақыратыны туралы хабарлайды. Қайта құрылымдауға қатысушы кредиторлар тiзiмi:
Өткен сейсенбi күнi түс ауа Республика алаңында «тентек» суретшi Қанат Ибрагимов наразылық акциясының ерекше түрiн өткiздi. Ол алаңға жуандығы бiлектей сазан балық алып келдi де ...балтамен басын шапты. Бұл шараны суретшiнiң өзi «перформанс сериясының басы немесе қазақ халқының ежелгi салт-дәстүрiнiң жалғасы» деп бағалады.
«ЖАЛБАҚАЙ АҚСАҚАЛДАР» ДЕГЕНI КIМДЕР?
«Жас Алаш» газетiнiң №104 (15456) санында маңғыстаулық Аманқос Ұзақбаев деген азамат «Зобалаң немесе тас жүрек ұлдарының тепкiсiнде зар илеген қарапайым қазақ» атты мақала жариялаған екен. Ақиқатты ғана халыққа жеткiзуi тиiс басылымның дәлелсiз ақпарларға сүйенген автордың облыс басшысына таққан кiнәсiн, жаққан күйесiн жариялауы, қолымызға қалам алуға мәжбүрледi.
Үлкен ғалым, көрнектi әдебиет сыншысы, филология ғылымдарының докторы, профессор, академик, жазушы, ұстаз, ҚР Мемлекеттiк сыйлығының лауреаты Рымғали Нұрғалиев дүниеден озды. 70 жасқа қараған шағында. Мұхтар Әуезовтiң шығармашылығын өте терең бiлетiн және оны асқан бiлiмдарлықпен, айрықша бiлiктiлiкпен талдап-тарқатып беретiн әдебиетшi-ғалымдар, жасыратын ештеңесi жоқ, бiзде некен-саяқ. Сол некен-саяқ сиректiң бiрi Рымғали Нұрғалиев едi.
«Жас Алаштың» ең қарт оқырманы 90-ға таяса, ең жас оқырманы 12-13-ке ендi аяқ басты. «Жас Алаш» газетi бүгiн өз оқырмандарын Жаңа жылмен шын жүректен құттықтай отырып, баршаңызға бақыт, денсаулық, береке-бiрлiк тiлейдi. Қадiрлi оқырман! Орыс халқында «Жаман газет оқырманына ақыл үйретедi, жақсы газет оқырманымен сыр бөлiседi» дейтiн қағида бар. «Жас Алаш» газетi Сiздерден ешуақытта сырын да, шынын да жасырған емес. Жасырмайды да! 2010 жылы да үздiксiз ой бөлiсiп, ұдайы сырласып, кеңiнен пiкiр алысып тұралық.
1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы қазақ халқына, қазақ жастарына ауыр тидi. Қанша азамат жұмыстан қуылды, үйдiң кезегiнен алынып тасталды, қаншама студенттер оқудан шығарылды. 99 адам сотталды. Қайрат Рысқұлбеков, Ербол Сыпатаев, Ляззат Асанова, Сәбира Мұхамеджанова құрбан болды.
Қазақ өнерi тағлымы мол ұстаздан, талантты театр режиссерiнен айрылды. 78-ге қараған шағында КСРО Халық әртiсi, КСРО Мемлекеттiк сыйлығының иегерi, Қазақстанның Халық Қаһарманы Әзiрбайжан Мәмбетов дүние салды. Қарашаның 19-ы күнi Әзiрбайжан Мәмбетовпен қоштасу үшiн Астанадағы Қ.Қуанышбаев атындағы драма театрына ағылып келiп жатқан қаралы нөпiрде шек болмады. Осы күнi Мәмбетов мәйiтi Алматыға жөнелтiлдi. Әзағаң көзi тiрiсiнде Алматыдағы Кеңсай зиратынан, жан жары, марқұм Ғазиза Жұбанованың жанынан өзiне орын әзiрлеп қойған едi...
Құрметтi редакция! Көктем айында (айын, күнiн ұмытып қалыппын) “Жас Алашта” қытай келiншегi туралы “адамның табан нүктелерiн басу арқылы ауруды табады және массаж арқылы көмектеседi” деген мақала шығып едi. Тiзем қақсап, жүруiм қиындаған кезде сол келiншекке барып массаж жасатып едiм. Пенде емеспiз бе, жазылып кеткен соң, ол келiншектiң телефонын да таппай қалдым.
Қазақстандық арналарда ұлттық құндылықтарды насихаттап, мемлекеттiк тiлдiң мәртебесiн көтеруге бағытталған бағдарламалар санаулы ғана. Он беске жуық отандық арнаны бiр уақытта шолып шықсаңыз, солардың iшiнен қазақ тiлiнде сөйлеп жатқаны некен-саяқ. Сондықтан қазақы көрерменнiң «көгiлдiр жәшiктен» көңiлi қалғалы қашан. Жуырда ғана эфирге шыққан «Ұлы дала ойындары» атты тележоба сол олқылықтардың орнын толтыруды көздеген талпыныс. Ұлттық рухқа шөлiркеп қалған қауым жаңа жобаны жылы қабылдады.
Өзгелерге қуаныш сыйлау да бiр бақыт. Белгiлi емшi Өсерқұл қажы Ырысқұловтың өмiрлiк ұстанымы осындай. Жақында Киев қаласында емшiлердiң үлкен форумы өттi. Осы «Дәстүрлi халық медицинасы және психологиядағы интегралды бағыт» атты халықаралық ғылыми-тәжiрибелiк конференцияға 12 адамнан тұратын Қазақстанның емшiлер тобы қатысты. Оларды халық медицинасы орталығының басшысы Ш.Шынтаев бастап барды. Аталған конференцияға қатысу құрметiне Оңтүстiктен белгiлi емшi, халық медицинасының академигi «Парасат» ордендi Өсерқұл қажы Ырысқұлов ие болды. Ол кiсi 50 жылдан берi халыққа қалай адал қызмет етсе, бұдан кейiн де жұртшылыққа денсаулық сыйлап, бақытқа жетелеуiн жалғастыра бермек. Халық емшiсiнiң қарапайымдылығы сонда, ол өз iсiне көрсетiлген құрмет, берiлген мадақтамаларды елге жарқыратып, жария етпейдi. Әңгiме арасында шым-шымдап отырып, қаныққанымыз – Өсекең ауру адамдарға
Ол кiсiнiң аузынан ең жиi шығатын екi сөз бар едi. Бiрi – «айналайын», екiншiсi – «қарағым». Қашан көрсең де, сол «айналайын, қарағымдап» тұрғаны. «Жас Алашты» «менiң өзiмнiң газетiм» дейтiн. Бұлай дейтiн жөнi де бар. Ұзақ жылдар бойы «Лениншiл жастың» (қазiргi «Жас Алаш») отымен кiрiп, күлiмен шыққан-ды. Ал аттай 11 жыл осы газеттiң жауапты хатшысы болған едi. «Мақалаңызды ептеп қысқарттық, көлемi тым үлкен екен...» – деген бiздiң ескертпемiзге: «Айналайын


