1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Қазақты әбден бөлшектеп біттік қой. Қаланың  қазағы, даланың қазағы, бай қазақ, кедей қазақ, тіл білмейтін космополит қазақ, нағыз қазақ, діншіл қазақ, атеист қазақ деп. Енді қазақтар исламның ішінде бөліне бастады. Суфист, уахаб, салафит, қуранит т.б. деп. Бұл масқара ғой! Қазақты жіліктеп біттік. Тіпті әлгі жүзшілдігі мен рушылдығын айтпай-ақ қоялық. Жіліктеп бітіп, енді бөлшектеуге кірістік.
Автор: Нұрлан Ерімбетов, саясаттанушы.
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №101 (16183) 19 желтоқсан, дүйсенбі 2016
19 желтоқсан 2016
Жаңаөзендегi тәртiпсiздiктi ұйымдастырушылар сотталды
2010 жылғы 30 сәуiрде өткен бейне-конференция­дағы, телефон арқылы сөйлеген сөздердегi және аудио-бейне материалдардағы мәтiндерге салыстырмалы талдау жасау М.Әбля­зовтiң, М.Кетебаетың, В.Козловтың, М.Сизовтың, С.Сапарғалидың, Ж.Мамайдың, Б.Атабаевтың iс-әрекеттерiнiң түпкi мақсаты Қазақстан Республикасындағы билiктi ауыстыру болып табылатынына куә бола алады. Мұнда Козлов, Әминов және Сапарғали өз iс-әрекеттерiнiң барысында Әблязов пен Кетебаевтың көпшiлiк арасында әлеуметтiк жауласушылық пен алауыздықты қоздыру, билiктi күшпен басып алуға шақыру жолдарымен мемлекеттiң қауiпсiздiгiн шайқалтып, конституциялық құрылысты өзгерту жөнiндегi айрықша тапсырмаларын орындаған. Бұл үшiн елдегi қоғамдық-саяси ахуалды, әлеуметтiк-экономикалық сала көрсеткiштерiн ұдайы келеңсiз етiп көрсете беру керек болған. Олар сондай-ақ Қазақстандағы мұнайшылардың еңбек құқықтары мен қоғамдық-саяси ахуал туралы бiржақты ақпараттарды жариялау үшiн материалдарды жинаумен және оларды бұрмалаумен тiкелей айналысып отырған.
Қаралған iс бойынша Ақтау қалалық соты үкiм шығарды...
(Егемен Қазақстан)
 
“17 тамыз күнi басталған қылмыстық сот iсiне нүкте қойылды. Владимир Козлов пен оның сыбайлас­тары Серiк Сапарғали және Ақжанат Әминовтерге қылмыстық кодекстiң үш бiрдей бабы бойынша – қоғамда бүлiк шығарып, билiктi құлатуға оқталды, сондай-ақ қылмыстық топ құрып, әлеуметтiк араздық пен алауыздықты қоздырды деген айыптар тағылған”
(“Хабар” агенттiгi)
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті
Осы тараудағы мақалалар