1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
«Қазақ» деген мемлекет болмаған, «қазақта шекара болмаған» деген сыңар-езу дүниелер біз үшін өте-мөте қиын мәселе болып отыр. Бұл – сан ғасырлық тарихы бар халық үшін өте ауыр жала. Еліміз, жеріміз, шекарамыз болмаса, бұл жерге қайдан келдік? Бізге ұлан-ғайыр бұл даланы кім әкеліп берді? Бұл жердің өз иесі бар, аумағы бар. Оның иесі – қазақ.
Автор: Бекболат ТІЛЕУХАН
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №102 (16184) 21 желтоқсан, сәрсенбі 2016
21 желтоқсан 2016
Сөзi де, өзi де жосын, жаса – «Жас Алашым!»
Уа, “Жас Алашым!” Қызға сөз айтар бозбалаша көкейiм күптi болып, өрек­пiп отырғаным не?! Ол өзiңе деген ерекше сезiмiм болар. Алты Алаштың ақыны мен жазушысы айта алмаған ақиқатты өзiң айтып, жазып, мiскiндi мүсiркеп, жол, жөн таба алмағанды қолдан кел­се демеп, жебеп жүрген әр iсiң, сөзiң – нә­билер амалындай десем артық болмас. Әрине, мен үшiн. Осы газетте төрт-бес жылдың мұғдарында бiрдi-екiлi жазбаларым шыққаны мен үшiн зор бедел.
Барша Алты Алаш ұран қылған Бұқар жырау бабам жыры сынды шерлi шындыққа құрыл­ған ақиқи мақалаларыңа тосқауыл бол­ғысы келгендердiң жүрегiн тас бассын. Ол иманынан айырылғандар дер едiм. Сонда да жаққан күйесiн 5 миллион су қағазға бағалағандар ана, мына дүниеде де сiрә, жазасын тартар.
Iзгiлiк, шынайылық, қайырымдылық iздеген қаймана қазақтың бас иер биi де, төре­сi де өзiңсiң – «Жас Алашым!»
Жарқын iске әманда Алла жақтасады. «Аққа құдай жақ» демей ме, баба лепесi.
Сiздi басқа басылымнан тағы бiр екшейтiн ерекшелiк бар. Ол – деректiң нақтылығы мен әдептiлiк. Баба қанында бар, ғасырлар бойына бойымызға дарыған құт – шындық десек, осынау құтты басқа басылымдардан көре алмаймын. Олардiкi – не жаппай мақтау, не бiрыңғай даттау.
Журналистiк этиканы сақтау, ащы мысқылмен түйреу – түйсiгi бар жанға сiздiң айнымас сара жолыңыз. Бiз соған бас ұрдық.
Үлгiсiз сөз болмайды,
Сөз ұғарлық ер болса,
Айтылмас шын сөз болмайды...
деген Бұқар жырау тәмсiлi тұмар.
Сiздердiң ұстанған ұстын – осы.
Жасан сынды өзiне масаттанғандар, бас­қаны кем көргендер:
Алтындай асыл сөзiңдi,
Қадiрiне жетiп бағалап,
Тыңдайтын ер кез болмайды, – боп жүр.
Мен де ел қатарлы шынайы қалауымды бiлдiре отырып, шағын қаржымды «бақа нетсе көлге сеп» қып жiберуге бел будым.
Алла сiз бен бiздiң жеңiсi­мiз­ге әрда­йым оң қабақпен қарайды деп сендiк. Өздерi­ңiздi пiр тұтатын көп оқырман атынан газетке жазылушылар санын көбейтуге атсалысамын. Шамам келгенше, мен де өңiрде «Жас Алаш» жаршысымын.
Жас күнiмiзден ойымызға серiк болған, қалам ұстауыма, шабытыма көрiк болған «Жас Алашым» – тексiздердi, ұятсыздарды «шындықтың жасын жарқылымен» – найзамен шаншып таста.
Қалған ғұмырымыз өзiңмен жарқырай берсiн!
Қалиасқар ШЫНЫБЕКТЕГI,
Қазақстан Журналистер одағының мүшесi, композитор, ұстаз.
Ботақара кентi,
Бұқар жырау ауданы,
Қарағанды облысы
 
ӘДIЛЕТСIЗДIК. ЗАҢСЫЗДЫҚ
 
“Жас Алаштың” жазықсыздығы, Зекей­ұлының оспадар талабы бүкiл халықты қатты қынжылтты ғой!
Шыншылдығымен құнды, ащы да болса қоғамның ақиқатын жеткiзiп отыратын “Жас Алашты” жылда тұрақты түрде жаздырып алып, оқып отыратын оқырманымын.
Кассациялық сот алқасының төменгi сатылардағы жол берiлген заңсыздықтарға онша көңiл бөлмей “Жас Алашқа” 5 миллион айыппұл салғаны әдiлетсiздiк, заңсыздық.
Бұл айыппұлды ел болып, бүкiл оқырмандар атсалысып, толығымен төлейтiндiгiне сенiмiм мол. Өзiм кеше ең аз мөлшердегi зейнетақымның 5 мыңын “Жас Алаштың” есепшотына аудардым.
Қанапин Қазкен Қанапияұлы,
Қорғалжын аудандық ақсақалдар алқасының мүшесi.
Қорғалжын ауылы,
Ақмола облысы
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті
Осы тараудағы мақалалар