1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Еуропа болсын, оның ар жағындағы АҚШ болсын, ешқайсысының «Қазақстанды көтерейік, гүлдентейік» деген титтей де ойы жоқ. Мұнда олар «Қазақстанды пайдаланайық» деген оймен ғана келеді. Барлық жерде жаулап алды. Пайдаланды да, тастай салды. Тыржалаңаш шешіндіреді де, жібере салады. Соны ұғуымыз керек.
Автор: Тоқтар Әубакіров, ғарышкер
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №102 (16184) 21 желтоқсан, сәрсенбі 2016
21 желтоқсан 2016
«Жас Алаш» ЖШС-не ескерту хабарламасы
Редакцияға жеке сот орындаушы Кайдаров Айдын Серiк­қа­зы­ұлынан (лицензия №103; 27.04.2014 ж) ескерту хабарламасы келдi. Онда былай делiнген:  «Алматы қаласы атқарушылық округiнiң жеке сот орындаушысы А.С.Кайдаров борышкер “Жас Алаш” газе­тiнiң кезектi санында “Жас Алаш” ЖШС-не ақпарат ре­тiнде “Академик отбасымен соттасып жүр” деген мақаласын өзiнiң ақиқаттығына сәйкес келмейдi деп, көпшi­лiкке жалған ақпарат ретiнде берiлгенiн терiске шығаруды мiндеттеуi туралы Алматы қаласы Алмалы ауданының №2 аудандық сотымен 13.11.2015 жылы берiлген №8736/15 ат­қару па­ра­ғы орындауға ке­лiп түскендi­гi туралы сiздi хабарландырады. Атқарушылық iс жүргiзу 2016 жылдың 14 желтоқсаны кү­нi атқарушылық iс жүргiзу туралы қаулысымен қозғалып, атқарушылық iс жүр­­­гiзу­ге №839-16А-103 нөмiрi берiлдi.
Сiзге сот шешiмiн жедел түрде желтоқсан айының 21-жұлдызына дейiн орындауыңызды талап етемiн. Сот шешiмiн өз еркiңiз­бен орындамаған жағдайда Сiзге атқарушылық құжатының орындалуын қамтамасыз ету үшiн ҚР “Атқарушылық iс жүргiзу және де сот орындаушылардың мәртебесi” туралы Заңның 104-бабы бойынша борышкерден орындамаған әр күн үшiн мемлекет пайдасына он айлық есеп­тiк көрсеткiш (МРП) мөл­ше­рiнде өсiмпұл өндiру үшiн сот орындаушы сотқа ұсыныспен жүгiнетiнi туралы ескер­темiн.
Сiздi Қазақстан Республикасының Әкiм­шi­лiк құқық бұзушылық туралы кодексiн­дегi әкiмшiлiк жауапкершi­лiк­ке тарту туралы шараларының баптарымен және Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодекi­сiнде көрсетiлген жауапкершi­лi­гiмен ескертемiн: 667-бап (сот орындаушысының жұмысы мен қызметiне бөгет жасағандығыңыз үшiн),     669-бап (сот қаулылары мен лауазымды тұл­ға­лардың қаулыларын орын­дамағаны үшiн), 670-бап (сот орындаушысының талаптарын орындамағаны үшiн), 673-бап (сот орындаушы жұмысына сот шешiмiн орындау кезiнде бөгет жасау және қарсы болғаны үшiн) және ҚР-ның қылмыстық кодексiнiң 430-бабы (сот шешiмiн қасақана орындамау).
Атқарушылық құжаты мәж­бүрлеп орын­дал­ған жағдайда барлық атқару кезiнде бол­ған шығындармен жеке сот орындаушының қыз­мет төлемақысы өндiрiледi.
Сiздi сот шешiмiнiң орындалуы жөнiнде толық түсiнiктеме беруiңiз үшiн Алматы қ-сы, Фурманов к-сi, 65 үй, 602 кеңсесiне шақырамыз. Келу мiндеттi түрде.
Сот шешiмi бойынша қа­рыз сомасын мына есепшотқа аударуыңыз қажет:
Қайдаров А.С. ЖСН 731101300945, Кбе-19, КНП –311, ИИК-КZ838560000007219955, БИК-KCJBKZKX, Банк Центр Кредит”.
Жеке сот орындаушы А.Кай­­да­­ров»  (қолы қойылған, мөрi басылған).
Алматы қаласы Алмалы аудандық №2 сотының судьясы А.А.Бейсеуованың “Сот шешiм еттi: Талапкер Зекейұлы Жа­санның жауапкерлер Алиханқызы Гулияға, Абилбек Алиханға, “Жас Алаш” газетiне, журналист М.К.Тұр­лы­бековаға, Мұқанұлы Қабенге, “Жас Алаш” ЖШС-не, бас редакторы Р.Сәрсенбайға берген ар-намыс, беделiн қорғау, моральдық шығынды өтеу туралы талап арызы iшiнара қанағаттандырылсын. “Жас Алаш” газетiнiң кезектi санында “Жас Алаш” ЖШС-не ақпарат ретiнде “Академик” отбасымен соттасып жүр” деген мақаласын өзiнiң ақиқаттығына сәйкес келмейдi деп, көпшiлiкке жал­ған ақпарат ретiнде берiлгенiн терiске шығару мiндеттелсiн” деген талабын орындау үшiн – заңды (мейлi әдiлетсiз шешiм болса да) сыйлағандықтан “Жас Алаш” газетi редакциясы тө­мендегi терiсте­менi жариялайды.
 
ТЕРIСТЕМЕ
Жоғарыда аталған сот шешiмiне сәйкес, “Академик отбасымен соттасып жүр” деген мақаласын өзiнiң ақиқаттығына сәйкес келмейдi деп, көпшiлiкке жалған ақпарат ретiнде берiлгенiн” терiске шығарамыз.
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті
Осы тараудағы мақалалар